400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып Жақсы көңіл күй-жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп Қарымсақ орта мектебі

Мерзiмі:09.10.17

Мұғалім:Хаджиева Зезаг

Сынып:5а

Оқушылар саны:

№6 Сабақтың тақырыбы:Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Сабақ мақсаты: Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктерін кеңейту:

Міндеті:

Білімділік - Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;

дамытушылық - Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

тәрбиелік - Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге,

адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа, бейнеүзінді, слайдтар, оқулық дәптер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, Оқушыларды түгендеу

оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

Тыныштық сәтi

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Мәтінді оқып талдауда жақсылық, жақсылық жасай білуді түсіндіруде ертегі мазмұнындағы «Сонда балаға ой түседі. Осы уақытқа дейін жақсылықтың не екеніне түсінбегеніне, тіпті біреуге жақсылық жасамағанына қатты өкінеді» немесе «Бала сол күннен бастап, өз бойындағы жалқаулық пен қайырымсыздық сияқты теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасауға дағдыланыпты» деген негізгі ойға баса назар аударылады.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз. «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» Мақсат – Уильям Гэзлитті


4.Әңгiмелеу (сұхбат) Жағымды – жағымсыз мінез – құлықтардың мәнісін ашу тапсырылады

Тапсырма дәптерде орындалады.

1.Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Абай Құнанбаев

2.Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан.

Жүсіпбек Аймауытов

3.Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді.

Генри Спенсер

4. Мінез дегеніміз моральдық әдеттердің жиынтығы. Анри Стендаль

5. Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Иогани Вольфганг Гете

6. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ болады.

Демокрит


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Ойын Дәптерде ұсынылған әрбір портретке қарап отырып, кейіпкердің бейнесін «тірілтіп» және сол мимикаға сәйкес сөз арқылы сахналап көрсету тапсырылады.

Дәптермен жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау.


6.Топпен ән айту

«Көңілді күн» әні


7.Үй тапсырмасы

« Менің көңіл – күйіме әсер еткен оқиғалар » тақырыбында әңгіме құрастырып жазу


8.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі