400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып КМЖ пернетақтамен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған КМЖ презентация ойындар осы жоспардын ішінде ссылка мен тұр!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Ахметов атындағы педогогикалық колледжі


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пернетақтамен танысу 

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

СӨЗБЕ-СӨЗ (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)



Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Серібай Арсен

Күні:

09.09.2025

Сынып:2

Қатысушылар саны:23

Қатыспағандар саны:5

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.4.1 негізгі пернелердің атауын білу, қолдану


Сабақтың мақсаты

Пернетақтаның құрылымын және оның негізгі бөліктерін (әріптік-сандық блок, функционалдық, басқару, меңзерді басқару, сандық блок) ажырата білу.


Негізгі пернелердің (Enter, Shift, Ctrl, Alt, CapsLock, Backspace, Delete, Tab, Esc, Space) қызметін түсіну.


    



 









Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мұғалім: Барлық оқушылармен жылы амандасады. Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, жақсы көңіл-күй қалыптастырады. «Егер пернетақтадағы әр әріп сиқырлы есік болса, қай есікті бірінші ашар едің?»

«Егер пернелер сөйлей алса, қайсысы ең көп шағымданар еді деп ойлайсың?»«Қай батырманы ең батыл батыр деп атар едің?»

"Құпия батырма"

Мұғалім бір батырманы сипаттайды («Бұл пернені басқанда келесі жолға өтеміз»), оқушылар қай перне екенін табады (Enter).

Ойын элементі«Қай пернені тап?» ойыны. Мұғалім сипаттайды, оқушылар табады.
«Бұл пернені бассақ, жаңа жол басталады. Ол қай перне?» (Enter)
«Бұл перне жазуды өшіреді. Ол қайсы?» (Backspace)

Үй жумысын тексеру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.

Амандасады

- Көңіл-күйін смайлик арқылы көрсетеді

- Сабақтың мақсатын біледі

Ауызша мадақтау, көңіл-күйді бақылау

Тақта, смайлик суреттер


Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)

Балалар, қараңыздаршы, мына суретте не көріп тұрмыз? (күтілетін жауап: пернетақта)

Дұрыс, бұл — пернетақта. Енді айтыңдаршы, пернетақтаның қай жерінде әріптер орналасқан?

Ал сандар ше?

Пернетақтаның қандай арнайы пернелерін білесіңдер? (Enter, Shift, Backspace, CapsLock, Delete)

Жарайсыңдар! Ендеше, әр бөлігін жеке таныстырайық:

1) Әріптік-сандық блок.

2) Функционалдық пернелер.

3) Басқару пернелері.

4) Меңзерді басқару.

5) Сандық блок.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғалімді тыңдайды, дәптерге жазып алады.

Сұрақ-жауап, «Қол шапалақтау» әдісі


Презентация, пернетақта суреті, интерактивті тақта


Жұптық жұмыс (7мин)

Енді жұппен жұмыс жасаймыз.

Мына сөйлемді теріп көріңдер: «Мен информатика сабағында пернетақтаны үйрендім.»

Бір оқушы тереді, екіншісі қателерін бақылайды.

Қане, кімнің мәтіні тез әрі қатесіз шығады екен?

Жұппен жұмыс жасайды, біреуі тереді, екіншісі тексереді.

Екі жұлдыз, бір тілек

Компьютер

Физминутка (2 мин)

Балалар, ұзақ отырып шаршап қалдық, қане сергіп алайық!

Саусақтарыңды ашып-жұмып көріңдер.

Қолдарыңды жоғары көтеріп, созылыңдар.

Енді иықтарыңды айналдырайық.

Сергіту жаттығуларын орындайды.

Көңіл-күйді бақылау

Музыка






Жеке жұмыс (8 мин)

Енді әрқайсысың жеке тапсырма орындайсыңдар:

1) 10 негізгі пернені дәптерге жаз.

2) CapsLock, Shift, Backspace қолданып, 2 сөйлем тер.

Кім бірінші аяқтайды екен?

Дәптерге жазады, компьютерде мәтін тереді.

Дескриптор арқылы

Компьютер


Қорытынды (7 мин)



Бүгін қандай тақырып өттік?

Пернетақта не үшін қажет?

Enter пернесінің қызметін кім айтады?

Backspace ше?

CapsLock-тың ерекшелігі қандай?

Ал сен үшін ең қажет перне қайсы?


Сабақты қорытындылайды, сұрақтарға жауап береді.


Ауызша мадақтау



Кубик

ойын

Үй жұмысы (2 мин)

Үйге тапсырма:

1) Пернетақтаның суретін дәптерге салып, бөліктерін атау..

Қабілетті оқушыларға қосымша: Ctrl+C, Ctrl+V, Ctrl+S комбинацияларын жаттау.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Келесі сабақта тексеріледі.

Дәптер





























САБАҚ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН видео


Сілтемені басу


Ойын

Сілтеме басу



Жұмыс парағы


Сілтемені басу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.11.2025
99
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі