жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5-сынып. Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас. Жүйелі сөз
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас
|
Мектеп: Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты |
||
Күні: 02.10.2020ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Таскенова Айымгүл Оралқызы |
||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Жүйелі сөз |
||
Осы сабақ арқылы Жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселеге өз ойын білдіре алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені талдап, түрлі дәлелдемелер келтіреді. |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап арқылы ойын білдіріп, көтерілген мәселенің шешу жолдарын ұсынады. |
|||
Бағалау критерийлері |
|
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселеге қатысты өз ойын білдіреді. |
||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жүйелі сөз, сөйлеу мәдениеті, сөз саптауы, мақал-мәтел |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар: «Қазіргі жас жеткіншектер жүйелі сөйлей біле ме?» |
|||
Құндылықтарға баулу |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, ашықтық, құрмет |
||
Пəн аралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Сөйлеу этикетін біледі, сұрақтарға жауап бере алады, көтерілген мәселеге өз ойын білдіреді. |
||
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған Кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы 5 мин |
Ширату « Атом мен молекулалар» ойыны «Айырмашылығы неде?» әдісі Екі мәтіннің арасындағы айырмашылықты анықтап, сабақтың тақырыбын болжаңыз.
Бағыттаушы сұрақтар:
Оқушылар ширату жаттығуы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады |
https://tilalemi.kz/article/806
|
||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Тыңдалым алдындағы тапсырма 1-тапсырма. Жұмыс түрі – Ж.
Әдісі-«Ассоциация»
Жүйелі
сөйлеу дегеніміз
не?
Дескриптор:
ҚБ: «Керемет», «Өте жақсы», «Жарайсың» мадақтау сөздері арқылы бағалау.
Саралау. Әдісі – «Тірек сөздерді көрсету» Тірек сөздер: анық, айқын, дауыс, мақал-мәтел, қанатты сөз, сөйлем мен сөйлем, ой мен ой, байланыс, аз сөз, нәрсіз сөйлемеу
Тыңдалым кезіндегі тапсырмалар
Әдісі - «Сұрақтар жаңбыры»
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мұғалім берген сұрақтарға мәтінді тыңдап болғаннан кейін жауап беріңіз. Мәтін «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деп ауыздан шыққан әр лебізге жауапкершілікпен қараған бабаларымыздан көп ілгері кете қойған жоқпыз-ау! Алайда, жас жеткіншектердің ғаламтордағы жазбаларында немесе бір-бірімен хат алмасқанда пайдаланатын түрлі жаргон сөздер, слэнгтер, оған қоса бір сөйлемде қолданылатын бірнеше тілдегі сөздер сәнге айналып барады. Мәселен, «базар жоқ», «құлақтан тепті», «қораға кірді», «лақтырып кетті», «сындырды» деген сарындағы сәнге айналған сөздерге жастар қауымы тым құмартып алған. Бұл көшенің сөздерін бүгін ғаламторда пайдаланған жас буын ертең сөйлегенде де қолданады. Анығында осы шала сөздердің бізге тигізер зияны туралы ойланып көрдік пе? Бабаларымыз қадірлеген сөз қадіріне жете алып жүрміз бе? Әлдекім «әлдене туралы жақсы айтсаң да, жаман айтсаң да, айтқаның айналып келіп, өзіңді табады» дейді.Жүйелі сөйлеп, сөз саптауымыз дұрыс болу үшін, алдымен, бүлдіршін жастан-ақ тілдің сөз байлығы санасында мықтап орнығуға тиіс екенін ұмытпауға тиістіміз. Бұндай жерде, ең алдымен, халық әдебиетінің үлгілері және көркем әдебиет тілі көмектеседі. Мәтін бойынша берілетін сұрақтар:
Дескриптор:
ҚБ: «Формативті сұрау» әдісі Саралау жұмысы: «Модельді жауаптар»
3-тапсырма. Жұмыс түрі – Ж. Әдісі - «ҰТМП формуласы». Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойыңды білдіріп, шешім шығар. (Қазіргі жас жеткіншектердің жүйелі сөйлемеуіне не себеп?) Менің ойымша, … Себебі, мен оны былай түсіндіремін … Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…
Дескриптор:
ҚБ: Әдісі - «Температураны өлшеу»
Саралау. Әдісі- «Блум түймедағы»
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. Жұмыс түрі - ТЖ.
Мәтінде көтерілген мәселе бойынша «Қазіргі жас жеткіншектер жүйелі сөйлей біле ме?» деген тақырыпта постер жасап, қорғаңыз. Дескриптор:
ҚБ:«Екі жұлдыз, бір тілек»
Саралау. Әдісі – «Өкіл» |
https://drive.google.com/file/d/1AdrKNUGHtnGEsVLdv7N23m319dapPqmK/view?usp=drivesdk
|
||||||||
Сабақтың соңы
5 мин |
Оқудың мақсаты мен бағалау критерийларына кері ораламын. Рефлексия. Әдісі-«Аяқталмаған сөйлем» Слайдта көрсетілген сөйлемдегі ойды өз бетінше аяқтап, 1 минуттың ішінде мұғалімге WHATSAPP желісінде ашылған топқа жібереді. Оқушылардың өзін-өзі бағалаулары интербелсенді тақтадан көрініп тұрады. Мен бүгін ...... білдім. Мен ..... екенін түсіндім. Мен ..... түсінбедім/ Мен өзімді.....үшін мақтар едім. |
|
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген