Материалдар / 5 сынып математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды, мұғалімдерге қолайлы етіп, кітапша үлгісінде топтастырдым. Бұл ҚБТ кітапшасынан ыңғайланып жасалынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
3518
34 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1




















Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Математика

5-сынып




























Page 2

Тапсырма

Мына тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған? Кестеде «» таңбасымен
белгілеңіз.

Тұжырым ақиқат жалған
1 Ең кіші натурал сан бар
2 Ең кіші натурал сан - нөл
3 Ең үлкен натурал сан бар
4 Барлық натурал сандар 1-ден үлкен
5 Әрбір натурал сан өзінен кейінгі саннан 1-ге кем
6 Кейбір натурал сандар үш цифр арқылы жазылады



Тапсырма

a) Жұлдызшаның «*» орнына жұп сан болатындай етіп, сәйкес цифрды таңдаңыз. Шыққан
санды бос тор көзге жазыңыз.


23* 475*

b) Жұлдызшаның «*» орнына тақ сан болатындай етіп, сәйкес цифрды таңдаңыз. Шыққан
санды бос тор көзге жазыңыз.



53* 321*



Тапсырма
Сандардың жұп, тақтығын анықтаңыз:

a) бір жылдағы айлар саны;............................................................................................................
b) желтоқсан айындағы күндер саны; ........................................................................................
c) бір аптадағы күндер саны. ........................................................................................
Тапсырма
Бірлік кесіндіні анықтаңыз:



a) Бірлік кесінді_________________________
b) Бірлік кесінді_________________________
c) Бірлік кесінді_________________________
d) Бірлік кесінді_________________________






Page 3

Тапсырма
Дианаға координаталық сәуледе: 2 дм; 4 дм; 1 м; 1 м 3 дм кескіндеу қажет.

a) Берілген қашықтықтарды бір координаталық сәуледе кескіндеу үшін Диана қандай
бірлік кесінді алу керек.

1 см 1 дм 1 м

b) Қашықтықтың әрқайсысын кескіндеу үшін осы бірлік кесіндінің нешеуі қажет екендігін
жазыңыз.

Қашықтық Бірлік кесінділер саны
2 дм
4 дм
1 м
1 м 3 дм

Тапсырма
Табыңыз:

a) W нүктесінің координатасын

........................................................................................


b) Н нүктесінің координатасын



........................................................................................

Тапсырма

a) Бірлік кесіндіні анықтап, координаталық сәуле сызыңыз. Координаталық сәуледе
А(8), В(2), С(9), D(5) нүктелерін көрсетіңіз.






b) Осы координаталық сәуледе D нүктесінен 2 бірлік кесінді қашықтықтағы
нүктелерді белгілеңіз. Осы нүктелердің координаттарын жазыңыз.




















Page 4

1-тапсырма
Координаталық сәулені қолданып









a) координатасы ең үлкен нүктені; .................................................
b) координатасы ең кіші нүктені; ...................................................

c) координатасы В нүктесінің координатасынан үлкен, бірақ D
нүктесінің координатасынан кіші болатын нүктені; .....................................

d) координаттары A нүктесінің координатасынан үлкен болатын нүктелерді анықтаңыз.
......................................................................................................................................
2-тапсырма

Шыққан сан 20891 санынан үлкен болуы үшін, жұлдызшаның орнына қандай цифр
қою керек?

a) 2*891.......................................................
b) 2089*..................................................
c) *0891...................................................

Тапсырма

Сандарды салыстырып, нәтижесін белгілері арқылы жазыңыз:

a) 189256 189356
b) 456112 456112

c) 520520 520500
d) алты жүз елу тоғыз 600+40+5
e) 300+90+7 үш жүз тоқсан екі



2-тапсырма
Теңсіздікті қанағаттандыратын үш таңбалы санды жазыңыз:

______<357

299<______

______>432

549>_______



3-тапсырма

Берілген сандардың бірнеше цифры өшіріліп, орнына жұлдызша белгісі қойылған.
Қай санның үлкен екенін анықтап, тиісті таңбаны қойыңыз.

a) 72*** 75***
b) *3*** *9**


Page 5

3- тапсырма
Кестеде оқушылардың бойларының ұзындығы көрсетілген.

a) Қыз балалардың атын бойларының өсуі бойынша орналастырып жазыңыз.
b) Бойы ең ұзын ұл баланың атын жазыңыз.

№ Аты Бойы (см)
1 Әсия 148
2 Асқар 163
3 Баймұрат 141
4 Гүлмира 133
5 Ғалия 130
6 Ербол 158
7 Жәния 157
8 Күлшат 163
9 Марат 162

.......................................................................................................

4- тапсырма

Кестеде Қазақстан тау шыңдарының биіктіктері берілген. Тау шыңдарының биіктіктерін
кему ретімен жазыңыз.







Тау шыңы




Хан Тәңірі

Көктөбе

Қушоқы

Жеңіс шыңы

Ақбет

Мұзтау

Сем енов -Тян
-
Шан ьшы ңы

Көкшетау



Биіктігі, м 6995 1130 1283 7439 1022 4509 4562 947


Page 6

1-тапсырма
Амалдарды орындау тәртібін анықтаңыз:




a)



b)




c)

2-тапсырма
Өрнектің мәнін табыңыз:

625:(1053:9 - 29∙4) + 3750:30
















1-тапсырма
Санды өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеңіз:

a) 12+93+88=...........................................................................................................................

b) 25∙16∙4= ..................................................................................................................

c) (178+193)+422=.......................................................................................................

d) 20∙(514∙5)=.................................................................................................................

e) 13∙25+7∙25=.............................................................................................................

f) 68∙18−68∙8=............................................................................................................


Page 7


2-тапсырма
Өрнектерді ықшамдаңыз:
a) (у+9)-7=..............................................................................................................................
b) 6∙ (а+b-5)= ..........................................................................................................................
c) 7∙ (3а-2b)= ..........................................................................................................................
d) (3х-2у+3) ∙5=.......................................................................................................................
e) 15∙ (3х+2у) + 4∙ (9х-5у)= ....................................................................................................

Тапсырма
Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз:

а) 3(x+5) + 7x, мұндағы x=4








b) 6x + 4(2x + 7), мұндағы x=3








c) 12(4+y) – 5y, мұндағы y=2











Page 8

2-тапсырма
Өрнектің мәндерін тауып, кестені толтырыңыз:

a 6 26
b 2 9
c 3 5
2a+3b
b∙c-a
(2a-3b):c





























Page 9

....................................................................................................

Тапсырма
Теңдеуді шешіңіз:

(45-х) 3=93 (х-13):7=2 390:(4х+3)=26



















(х−1)(х−4)=0 теңдеуін шешіңіз
















Page 10

Тапсырма


Алдар көсе төмендегі теңдеулерді шешті.

а) теңдеуінің түбірі болатынын тапты. Айнымалыны түбірмен
алмастыру әдісін пайдаланып, Алдар көсенің теңдеуді шешуінің
дұрыстығын анықтаңыз.

b) теңдеуінің түбірі болатынын тапты.
Теңдеудің шешімін кері амалдар әдісімен тексеріңіз.



















Тапсырма
Есептерді шығарыңыз:

a) Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 см, ал ені 3 см-ге қысқа. Тік төртбұрыштың
ауданын және периметрін табыңыз.






a) Тігін шеберханасында 40 метрлік 12 орам мата мен 30 метрлік 8 орам мата болды.
340 метр матаны қолданғаннан кейін, шеберханада неше метр мата қалды?







Page 11



1-тапсырма

Кітап 260 тг, ал альбом одан n теңгеге арзан. Бір кітап және екі альбом неше теңге тұрады.
Әріпті өрнек құрыңыз.









2-тапсырма

Бір жәшік алмұрт a кг, ал бір жәшік алма одан 2 кг ауыр. 4 жәшік алмұрт және 3 жәшік
алма неше килограмм? Әріпті өрнек құрыңыз және а = 12 кг болғандағы мәнін табыңыз.










1-тапсырма

Бірінші қатардағы заңдылықты пайдалана отырып, екінші қатардың ортасындағы санды
анықтаңыз:

а) b) c)
15 41 26 19 18 37 51 3 17

19 12 17 46 57 19

2-тапсырма
Әр сан тізбегінің заңдылығын жазыңыз. Жетіспейтін элементті табыңыз:

Тізбек Заңдылық

a) 1; 9; 3;

5; 13; 7; ...




b) 9; 15; 27;

69; 99; 135;...




c) 5; 6; 15;

25; 18;...







Page 12

1-тапсырма
Тізбектің алғашқы төрт мүшесін жазыңыз:

a) жұп сандардың тізбегін;............................................................................................

.....................................................................................................................................

....................................................................................................................................

b) әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 3-ке артық болатын сандардың тізбегін;

..................................................................................................................................

...................................................................................................................................

c) әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 4 есе артық болатын сандардың тізбегін.

...................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

2-тапсырма

Натурал сандардан құралған тізбектер үшін екі заңдылық ойластырыңыз. Осы
тізбектердің алғашқы бес мүшесін жазыңыз.

1........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................


2........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................



3-тапсырма

Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз. Кестеде жалған тұжырымды «Ж», ақиқат
тұжырымды «А» әріптерімен белгілеңіз:


8 саны – 77 санының бөлгіші

60 саны – 5 санының еселігі

15 саны – 90 санының бөлгіші

63 саны – 7 санының еселігі

20 саны – 3 санының бөлгіші
2-тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен:
a) 21 санының бөлгіштерін;................................................................................................

b) 60 санының бөлгіштерін; ................................................................................................

c) 3-тің еселіктерін; ................................................................................................


d) 5-тің еселіктерін анықтаңыз. ................................................................................................


Page 13


3-тапсырма

12, 36 және 60 сандарының барлық бөлгіштерін жазыңыз. Осы сандардың ортақ
бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін көрсетіңіз.
................................................................................................

................................................................................................

...............................................................................................

.............................................................................................

4-тапсырма

10 және 15 сандарына еселік болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы
сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз.
...........................................................................................................................................

..............................................................................................................................................

1-тапсырма

Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз. Кестеде жалған тұжырымды «Ж», ақиқат
тұжырымды «А» әріптерімен белгілеңіз:


8 саны – 77 санының бөлгіші

60 саны – 5 санының еселігі

15 саны – 90 санының бөлгіші

63 саны – 7 санының еселігі

20 саны – 3 санының бөлгіші

2-тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен:
e) 21 санының бөлгіштерін;................................................................................................

f) 60 санының бөлгіштерін; ................................................................................................

g) 3-тің еселіктерін; ................................................................................................


h) 5-тің еселіктерін анықтаңыз. ................................................................................................

1- тапсырма
Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.


a) жай санның екі ғана бөлгіші бар

b) жай сандар шексіз көп

c) 1 саны – жай сан

d) құрама санның екіден артық бөлгіші бар

e) барлық тақ сандар - жай сандар

f) барлық жұп сандар – құрама сандар

g) жай сандардың көбейтіндісі - жай сан

h) жай саннан кейінгі сан – құрама сан




Page 14

2- тапсырма
Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

а) жай сандарды теріп жазыңыз;

.........................................................................................................................................................

b) құрама сандарды теріп жазыңыз.

.........................................................................................................................................................



3-тапсырма
Сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз:

510 1092 8645.













1-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз:

a) 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз
бөлінеді?
2-ге:..............................................................................................................................................

5-ке:..............................................................................................................................................

10-ға:..............................................................................................................................................



b) 46 үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан
сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?

:..............................................................................................................................................
2-тапсырма

Данияр бес бірдей ойыншық сатып алды. Егер сатушы 286 теңге төлеу керек десе, ол
дұрыс есептеген бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

..............................................................................................................................................

:..............................................................................................................................................

...............................................................................................................................................



Page 15

1-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) 3502, 783, 197, 4308 сандарының қайсысы:
a) 3-ке бөлінеді? ........................................................................................
b) 9-ға бөлінеді? ........................................................................................

2) 46 үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан
сан 3, 9 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?

........................................................................................ ...........................................
........................................................................................
.....................................................................................................................................................
2-тапсырма
Үш бірдей ойыншық сатып алу үшін 100 теңге беріп, 42 теңге қайтарым алуға болады ма?

........................................... ........................................... ...........................................
........................................... ........................................... ...........................................
........................................... ........................................... ...........................................




3-тапсырма
Амалды орындамай-ақ, көбейтіндінің берілген санға бөлінетіндігін анықтаңыз:

a) 35 ·18 көбейтіндісін 7-ге........................................................................................
b) 48 ·13 көбейтіндісін 12-ге........................................................................................
c) 99 ·14 көбейтіндісін 11-ге........................................................................................
d) 35 ·10 көбейтіндісін 8-ге........................................................................................
2-тапсырма
Көбейтінді 5-ке бөлінетіндей бос торкөздерге ең үлкен екі таңбалы санды жазыңыз:





















Page 16

1-тапсырма
Арифметикалық амал қолданбай-ақ,

a) 27 + 54 қосындысының 9-ға; ...............................................................................
b) 28 + 49 қосындысының 7-ге; ...............................................................................
c) 72 – 24 айырмасының 8-ге; ...............................................................................
d) 65 – 26 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін анықтаңыз. ..........................................................
............................................................................... ............................................................................

2-тапсырма
Төмендегі шарт орындалатындай х-тің орнына екі таңбалы натурал санды қойыңыз:

a) 575+х қосындысы 3-ке бөлінеді;

............................................................................... ...............................................................


b) 48-х айырмасы 5-ке бөлінеді.

............................................................................... .........................................................................

1-тапсырма
Дұрыс теңдікті табыңыз:

a)2∙2∙2∙2=2∙4

b)3∙3∙3∙3∙3=3
5


c)5∙5∙5∙5∙5=5
3


d)11∙11∙11∙11∙11=5
11

.........................................................................................................................................................
2-тапсырма
1) Көбейтінділерді дәреже түрінде жазыңыз:

a) 6·6·6·6.............................................................................................................
b) 15 ·15 ·15.............................................................................................................
c) 3 ·3 ·3 ·3 ·3.............................................................................................................
2) Дәрежелерді көбейтінді түрінде жазыңыз:

a) 9
7
.............................................................................................................
b) 16
3
.............................................................................................................
c) 75
2
.............................................................................................................

d) 2
11
.............................................................................................................


Page 17


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!