400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып математикадан ҚМЖ "Жай және құрама сандар" тақырыбына

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныптың математика пәнінен "Жай және құрама сандар" тақырыбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарында жаңаша әдістер қолдану қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.


№5 Михаил Ломоносов орта мектебі
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары.


Жай және құрама сандар

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Педагогтің Т.А.Ә.

Маркабаева Нусулу Егизбаевна

Күні:

24.10.2021

Сынып: 5 Ә

Қатысушылар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрама сандар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаты

- Жай және құрама сандарды анықтамасымен танысу

- Жай және құрама сандарды ажырата білу

-Жай сандардың еселіктерін және құрама сандардың бөлгіштерін таба білуді үйрену.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

І.Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Квест» әдісі арқылы өткен сабақты қорытындылау.

Сандар жазылған карталар тізбегі төмен қаратылған күйде үстелге қойылады.

Карталардың бірін таңдап картадағы жазылған сан бойынша топқа бөліну.

1-топ. Екі бөлгіші бар тақ сандар бойынша

2-топ. Екіден көп бөлгіштері бар жұп сандар бойынша

3-топ. Екіден көп бөлгіштері бар сандар бойынша

4-топ. Екі ғана бөлгіші бар жұп сан бойынша.



Математика 5сынып Алдамұратова

Сабақтың ортасы

35минут

Топтарға тапсырма үлестіреді.

1-тапсырма.

Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

  1. Жай санның екі ғана бөлгіші бар


  1. Жай сандар шексіз көп


  1. 1 саны –жай сан


  1. Құрама санның екіден артық бөлгіші бар


  1. Барлық тақ сандар –жай сандар


  1. Барлық жұп сандар –құрама сандар


  1. Жай сандардың көбейтіндісі –жай сан


  1. Жай саннан кейінгі сан –құрама сан


Дескриптор. Білім алушы:

  • жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;

  • құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.

Сергіту сәті. «Ажырату»

Мұғалім сандар айтады, оқушылар жай сандарды естігенде орынан тұрады, құрама сандарда орында отырады.

2- тапсырма. Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

а) жай сандарды теріп жазыңыз;

b) құрама сандарды теріп жазыңыз.


Дескриптор. Білім алушы:

берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады;

берілген сандардың ішінен құрама сандарды жазады.


3-тапсырма. Дүние жүзіндегі екінші ұстаз қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда дүниеге келіп 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Осы жылдарды көрсететін сандар аралығында неше жай сан бар?

(877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947


Дескриптор. Білім алушы:

- берілген жылдар арасынан жай сандарды ажыратады.


Тест тапсырмалары:

1. 2 –ден 19 –ға дейін неше жай сан бар?

А.6 Б.7 В.8 Д.9

2. 2-ден 16 –ға дейін неше құрама сан бар?

А.6 Б.7 В.8 Д.9

3. Жай сан нешеден басталады?

А.1 Б.2 В.3 Д.4

4.Екі таңбалы жай сандар қатары нешемен аяқталады?

А.95 Б.96 В.97 Д.99

5.100 –ден үлкен 110-нан кіші неше жай сан бар?

А.4 Б.5 В.6 Д.7


Оқушылар бес адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді.



1-тапсырманы орындайды













Сергіту сәті. «Ажырату»

Мұғалім сандар айтады, оқушылар жай сандарды естігенде орынан тұрады, құрама сандарда орында отырады.

2-Тапсырманы топта бірлесіп орындайды









3-тапсырманы орындайды.
















Жеке әр оқушы орындайды





Дұрыс жауаптар коды арқылы өзін өзі бағалау














Дұрыс жауаптар коды арқылы өзін өзі бағалау







Дұрыс жауаптар коды арқылы топтар бірін бірі бағалайды














Дұрыс жауаптар коды арқылы өзін өзі бағалау


Сабақтың соңы

2 мин

3мин



Оқулық бойынша үй тапсырмасын береді.

Бағалау: Бағалау парағы + ,- таңбасы арқылы.

Аты -жөні

Үй тап

сыр

масы

Өткен

сабақты

бекіт

№1

тапс

№2

тапс

№3

тапс

Тест

тапс








Бағалау парағы бойынша сабақты қорытындылайды.

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Бағалау парағы бойынша әр топ оқушылардың бағаларынайтады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі