400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары «Табиғат – шабыттың қайнар көзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін –өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп « М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ Мерзiм ___ Мұғалiм М.Ж.Зиятова

Сынып 5 Оқушылар саны ___

Тақырып «Табиғат – шабыттың қайнар көзі»_

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер: сүйіспеншілік, қайырымдылық, қамқорлық

Мақсаты: оқушыларға табиғаттың адамды шабыттандырудағы маңызын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: адам мен табиғаттың үйлесімділігін айта отырып, табиғатқа сүйіспеншілік ұғымын кеңейту

Дамытушылық: оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қайырымдылық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдерін дамыта отырып табиғатқа қамқорлық танытуға тәрбиелеу

Ресурстар:

Слайд, оқулық, дәптер, нұсқаулық

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова, презентация материалы, бейнежазба- https://www.youtube.com/, https://pritchi.ru

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздерме , құрметті оқушылар!
-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
-Көңіл –күйлеріңіз қалай?
Сынып оқушыларын түгендеу.
«Өзін –өзі тану»сабағының ережесін «5Т» қайталау (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық)
Тыныштық сәті «Ормандағы ойша серуен»
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Гүлдер мен ағаштардың иісі мұрын жарады.Құстардың әсем дауыстары, жәндіктердің ызылы құлаққа жағымды естіледі. Орманға терең енген сайын ағаштар ұзын көрінеді. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіздікте сезінеміз. Біз енді аяндап алаңға шығамыз, аздап демаламыз. Өзіңізге түбінде отырып,дем алатын ағаш таңдап алыңыз. Оған жақындап, оның қандай мықты екенін аңғарыңыз,өзіңізді осы ағаш секілді мықты, қайратты сезініңіз. Енді арқаңызды ағашқа сүйеп, көзіңізді жұмып, ішкі жан дүниеңіз тыныштыққа бөленгенін назар аударыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке аяңдаймыз. Міне, метептің де есігіне келдік, тағы да айналамызға назар аударайық, таза ауамен терең дем алып, мектепке кіріп өз орнымызды табамыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз,күлімсірейміз.

Сабақ барысын талдау: Жағымды әуен қосу

2. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы

Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесі

Сұрақтар:

  • 1. Мәтінде не жайлы айтылған?

  • 2. Туған жердің табиғаты саған несімен ұнайды?

  • 3. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деп айтудың себебі неде?

  • 4. Туған жердің әсем табиғаты сені қандай сезімдерге бөлейді?

  • 5. Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады?

  • 6.Өзің туған жерге деген сүйіспеншілігіңді қалайша білдіресің? Әңгімелеп беріңіздер


114-бет мәтінді

мазмұндау

3. Жағымды ой –пікір. Дәйексөз

«Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы»

В.А. Сухомлинский

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді.

Дәйексөзді дәптерге жазу

4. Оқиғаны әңгімелеу. Мұғалім сыйы»

Табиғат –ана

Табиғат –ананың Жер, Су, Ауа, Ағаш деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат –ана бір күні ұлдарын шақырап алып:

-Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,-деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралған Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат-ана:

- Аяулы ұлдарым менің , мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңды ,-жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.

Сұрақтар:

- Балалар, табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Табиғат – ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

- Табиғат ананың ұлдары қандай игілікті істер жасады?

- Табиғат ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеу керек?

- Сендер табиғат – ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?


5. Шығармашылық әрекет, топтық жұмыс

  • 1-жағдаят Серік бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды...

  • 2-жағдаят Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі еліп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптермен босаған ыдыстармен, қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді...

  • 3-жағдаят Сынып жетекшісі сабақ соңында ертеңгі болатын сенбілікке өз еріктерімен қатысып, мектептің ауласын тазалауға көмектесуге болатынын айтты. Серік ойланып қалды...


6. Топпен ән айту

Ән «Сарыжайлау» Сөзі: М.Мұқатаев

Әні: Н.Тлендиев

Ән айту

7. Үй тапсырмасы

Ғабиден Құлахметов «Табиғатты аялайық» оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті:

Баяу әуен орындалып тұрады.

Іштей табиғатқа тілек айтып көрейік:

Саялы ағаштар жайқалып өссін деймін!

Табиғат ана жап-жасыл болып тұрсын деймін!

Күніміз жайнап ,аспанымыз ашық болғанын тілеймін!


Оқулық

117-бет


Жағымды әуен қосу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
2094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі