400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сынып Қазақ тілі БЖБ№1 2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 2-тоқсан.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. БЖБ №2

Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» 5-сынып

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:

Оқу мақсаты: 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 15-20 минут


Тапсырма. Мәтінді мұғалімнің оқуында тыңдап, сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтап, мәтіннің мазмұнын жазыңыз


Мәтін

Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 56 құс енгізілген. Олар жоғалуына, санының азаюына байланысты бірнеше санатқа бөлінеді:

І санат – жойылып бара жатқан немесе мүмкін жойылып кеткен;
ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан түр;
III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған құстар;
IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген);
V санат – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген
түр.

Мәрмәр шүрегей. Мәрмәр шүрегей жойылып бара жатқан немесе мүмкін жойылып кеткен құстардың санатына кіреді. Қазақстанда 1995 жылдан бері еш жерде кездеспеген. Бұл аридтік зонадан тыс жерге шықпайтын, таралу аймағы тар жерортатеңіздік түр. Олар Жерорта теңізіне, Каспийге және мүмкін, Қара теңізге жақын жерде, сондай-ақ оған іргелес жүйелерде қыстайды. Бұл құстың көп саны Түрікменстанда 30-шы жылдары Каспийде қыстаған. Қазақстанда бүкіл Сырдария бойында, Каспий теңізі, Телікөл көлдерінде, Жайықтың сағасында, ауылдың маңындағы көлдерде кездесетін. Олар көбіне түбі лай, суы сортаңданған тұщы суда және қамыс көп өсетін тоғандарда мекендейді.

Алакөз сүңгуір. Саны күрт азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Олар Қазақстанда Зайсан шұңқырында, Алакөл көлдерінде, Іле, Шу, Сырдария өзендерінің аңғарында, Республиканың орталық және солтүстік аймақтарындағы кейбір су қоймаларында, Торғайдың сағасында ұялайды. Сондай-ақ, Іле өзенінің алабында, Сорбұлақ және Каспий теңізінде қыстайды. Бұл түр қалың қамыс қопаларында және су өсімдіктеріне бай терең көлдерде мекендейді. Бірақ, соңғы онжылдықта нақты санына қатысты деректер жоқ.

Сұрақтар:

  1. «Қызық кітапқа» енген құстарды санатқа бөлу себебі?

  2. Мәрмәр шүрегейдің Қазақстанда 1995 жылдан бері еш жерде кездеспеуінің себебі неде?

  3. Алакөз сүңгуірдің мекені?

  4. Алакөз сүңгуірді «Қызыл кітапқа» не себептен енгізді деп ойлайсың?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді


1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;


1

1

1

1

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды


Мазмұнын сауатты жеткізеді

2

Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды:

Мәтіннен қосымша ақпараттарды анықтайды

Мәтін мазмұнының реттілігін сақтайды

Мәтін мазмұнын сауатты жазады


1


1


1


1


Барлығы

8






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі