400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып Қазақ тілі Жігіттің сұлтаны Жатыс, шығыс, көмектес септіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: №7 мектеп – лицейі

Күні: 10.03.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынбаева Алмагул Махмудовна

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Жігіттің сұлтаны

Жатыс, шығыс, көмектес септіктері

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.ӘТН 4.2. Граматикалық норма: зат еісімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:

Мәтінді түсініп оқиды.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, мазмұнын өз сөзімен баяндайды.

Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды.

Жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік жалғаулары мен сұрақтарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұны бойынша өзіндік пікірін айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік жалғауларын қолдана отырып, эссе жазу.

Бағалау критерийі

  1. Тірек сөздер мен суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

  2. Зат есімдерді мәнмәтін аясында жатыс, шығыс, көмектес септіктері бойынша септей алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Адамның бойындағы мінез-құлық әдебі және адамның бітім-болмысы (портрет)жайлы біледі.

Жатыс, шығыс, көмектес септіктерін ажыратады, дұрыс қолданады.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Көкпаршы жігіт, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік, кепе, танау, жанар, әсте.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?

2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

4.Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Мінез-құлық, кескін-келбет, екі иығы қақпақтай, тау қопарар еңгезердей, шабандоз;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асу тетіктеріне білім беру құндылықтарын және ұлтжандылық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, музыка

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Атау, ілік, барыс, табыс септік жалғауларымен таныс, адамның мінез – құлқы жайлы білімі бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут
























Сабақтың ортасы

30 минут
























I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу, топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «мейірімділік» тренингін ұйымдастырамын.

4.Қима қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөлемін.

I-топ – Жатыс септігі

II – Шығыс септігі

III – Көмектес септігі

5.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

6.Үй тапсырмасын «Саябақтағы орындық» әдісін пайдаланып, оқушы білімін тиянақтаймын.

Кері байланыс: Өткен тақырып бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі

Жеке жұмыс.

«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ашық сұрақтар қоямын.

1.Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?

2.Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

4.Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?




Балалар интербелсенді татадан «Шынайы мінез» бейнефильм тамашалайды. Бейнекөріністі көріп, жігітке тән мінез жайлы өз болжамдарын жасайды. 1-тапсырма.

Оқылым. Топтық жұмыс.

«Екі шеңбер» әдісі арқылы сынып оқушылары екі топқа бөлініп, мәтінді оқиды.Ішкі шеңбердегілер тыңдап, сыртқы шеңбердегілер өз болжамдары бойынша диалогке түседі.

Кері байланыс: «Шынайы мінез» бейнефильмнің кейіпкері Оразбен Ыбыштың мінезі қандай?

Түсіндірме сөздік. Сөзмаржан.

Атыз – егістікті суару үшін тартылған арық.

Жарау ат- жараған, бабына келген ат.

Түйеқарын- сортаңды жерде қауқиып өсетін сабағы бұдырлы өсімдік.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам.

1.А. Айтылым. Топтық жұмыс.

1-топ.

Төмендегі сипаттаулар мен суреттеулер кімге немесе неге тән екенін табыңдар.

1.Мұрны жалпақ, қой көзді.

2. Қатал, айтқанын істететін жан.

3. Шабандоз емес, мінезі ашық.

4. Жалпақ танаулы балықтың желбезегіндей желп-желп етеді.

5. Көп сөйлемейтін, баяу қозғалатын

6. Жауырындары қақпақтай, алып күштің иесі.

2-топ.

1Ә. Мәтінде қанша кейіпкерге сипаттама берілген. Олар кімдер?

3-топ.

1В. Мәтінен атау, ілік, барыс, табыс септіктерде тұрған зат есімдерді табыңдар.

Қалыптастырушы бағалау: Өзара топтық бағалау.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жатыс септік. Шығыс септік. Көмектес септік.


№


Септік


Сұрақтары


Жалғаулары

Мысалы


5

Жатыс

кімде? неде?

-да, -де,

-та, -те

киімде

шанада

6

Шығыс

кімнен? неден?

-нан, -нен, -дан,

-ден, -тан, -тен

киімнен

шанадан

7

Көмектес

кіммен?

немен?

-мен, -бен, -пен

Киіммен

Жазылым. Сыныптық жұмыс.

1-топ.

1Г. Мәтінен жатыс, шығыс көмектес, септік жалғауларымен – келген сөздерді тауып, үлгіге сәйкес талдаңдар, мағынасын көрсетіңдер.

2-топ.

Сұрақтарға сай сөздерді түрлендіріңдер.
















Рисунок 5



























































Сөздер

Кімнің?

Ненің?

Кімге?

Неге?

Кімді?

Нені?

Кімде?

Неде?

Кімнен?

Неден?

Кіммен?

Немен?

жігіт







көкпар







бүркіт









3-топ. Көп нүктенің орнына жатыс септік тұлғасындағы қажетті сөздерді жазыңдар.

  1. Мекенді білдіретін сөздер: үйде....

  2. Жасты білдіретін сөздер: қырықтарда....

  3. Мезгілді білдіретін сөздер.....

«Жігітке тән мінез» туралы, «5» минуттық эссе жазыңдар.

Қалыптастырушы бағалау.

Жұлдызша арқылы

Сабақтың соңы

4 минут





Үйге тапсырма

5-тапсырма. Жаңылтпаштарды көшіріп жазыңдар. Тез, жатқа айтыңдар. Жатыс септікте тұрған сөздерді табыңдар.

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі

Сатының әр баспалдағы бойынша кестені толтырады.

1-баспалдағы. Мен .......БІЛЕМІН.

2-баспалдағы. Мен .......ТҮСІНЕМІН.

3-баспалдағы. Мен ......ЖАСАЙ АЛАМЫН.







Қосымша ақпарат




Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың алдыңғы білімдерін пысықтау мақсатында «Саябақтағы орындық» әдісін қолдана отырып, білімдерін тексеремін.

«Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша оқушылар топта сұраққа жауап әзірлейді, бірін-бірі қолдай отырып, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытады.

«Екі шеңбер» әдісі арқылы оқушылар өзіндік пікірін айтуға, ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады.

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс беріліп, оқушының оқуындағы жетістіктері мен кемшін тұстарын анықтауға және түзетуге жәрдемдеседі.


Сабақта «Басбармақ», «Бағдаршам», «Өзара топтық бағалау», «Жұлдызшалар» әдістерін оқушылардың тыңдалым және айтылым, грамматикалық норма дағдыларын қалыптастырудағы оқу жетістерін дамыту және оқудағы келесі қадамдарын анықтау мақсатында қолданамын.


“Мейірімділік” тренингі арқылы психологиялық жағымды ахуал орнатылады.

АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау шаралары ескеріледі.


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз


Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Сабақ мақсаттары мен міндеттері , белсенді оқу әдістері арқылы лексикалық және грамматикалық тапсырмалар толық орындалды.


Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Еркін сөйлей білуді, өз ойын нақты жеткізуді сын тұрғысынан ойлауды, тұжырым жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды, шынайылықты, уақытты тиімді пайдалануды үйренді.


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Тапсырмалар нақты және жүйелі болды. Топтық жұмыстарды орындау барысында тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым әрекетінің дағдылары қалыптасты, ашық сұрақтар, суреттер, тірек сөздерді қолдану арқылы талдау, болжау жасалды.


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Уақыт тиімді қолданылды. Сабақ жоспарланған оқу мақсатына сәйкес өтті. Топтаса отырып жұмыс жасау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеті артты және белсенділік танытты.


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.” Екі шеңбер” әдісі.

2.Топтық жұмыс.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының деңгейіне қарап тапсырма дайындау қажеттігін білдім.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
2527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі