Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сынып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
«5-сынып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары» мақаласы оқушылардың өз бетімен жаттығуына бағытталып, өздері ізденіп оқитын ақын-жазушылар шығармаларынан алынатын үзінділермен де қамтылған. Оқушылар өз бетімен тіл мәселелерін талдап-түсінуге, сабақ барысында алған теориялық білімдерін тереңдетіп кеңейтуіне, теориялық та, практикалық та игеруіне мүмкіндік туғызады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Т Ү С І Н І К Х А Т

Тіл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара

түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым. Қоғамның қандай түрі болмасын тілсіз өмір сүре алмайды. Тілдің қарым-қатынас саласында, күнделікті тұрмыста бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беруі – тілдің әлеуметтік, қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамдық қызметімен қатар ойын жеткізу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін оның коммуникативтік қызметі десе, ойды жүзеге асыру қызметін оның көркемдеуші, бейнелеуші, экспрессивтік қызметі болады [1]. Тілдің осы қызметтері бір-бірімен тығыз байланысады. Сондықтан да курс барысында тілдің әлеуметтік қызметін, қоғамдағы адамдардың қатынас құралы ретіндегі қызметін және тілдің құрылымы мен жүйесін қарастырады. Оқушылардың сауатты жазуын, сауатты сөйлеуін, тілдің грамматикасын меңгеруін қадағалап, көркем сөйлеуін жетілдіреді.

«5-сынып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары» авторлық бағдарламасы оқушылардың өз бетімен жаттығуына бағытталып, өздері ізденіп оқитын ақын-жазушылар шығармаларынан алынатын үзінділермен де қамтылған. Оқушылар өз бетімен тіл мәселелерін талдап-түсінуге, сабақ барысында алған теориялық білімдерін тереңдетіп кеңейтуіне, теориялық та, практикалық та игеруіне мүмкіндік туғызады.

Оқу сауаттылығы тапсырмалары мәтінмен жұмыс жасауды, мазмұнына орай пікір білдіруді, ойлауды, білім мүмкіндіктерін көбейтуді, әлеуметтік өмірге қарым-қатынасын күшейтуді дамытады. Тапсырмаларды көркем шығармаларды оқу ғана емес түрлі ақпараттық матеиалдарды табу, мәтіннің ақпараттық формасын түсіну, бағалау, мәтіннен ақпаратты алу, оны қазақ тілі грамматикасының теориясымен, практикасымен байланыстыру оқушының оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім құзіреттілігін де қалыптастырады.

Ұсынылып отырған «5-сынып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары» бағдарламасы тіл ғылымы негізіне және оқу сауаттылығы талаптарына сәйкес құрылды. Ауызекі сөйлей алу, тілдің грамматикасын білу, әртүрлі бағыттағы материалдармен жұмыс жасауға бағытталған. Берілген жаттығулар оқушыларды қазақ тілі гарамматикасын игеруге, сауатты жазуға, тілін дамытуға бағыттайды және әдеби көркем мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушының ұлттық дүниетанымын, рухани құндылықтарды жасөспірімдер санасында қалыптастыруды мақсат етеді.

Мақсаты: Қазақ тілі грамматикасы бойынша білім беру және осы пән арқылы оқу сауаттылығын дамыту. Тілдік категорияларды ұғындыру, көркем әдеби шығармалардан алынған үзінділер арқылы жұмыс жасауға үйрету.

Міндеттері:

  • Қазақ тілі грамматикасы мен оқу сауаттылығы туралы біршама тереңдетіп білім беру.

  • Қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі бойыншы түрлі талдау жұмыстарын жүргізу.

  • Тілдік категориялармен жұмыс жасау.

  • Сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге, сөздік қорын байытуға арналған тапсырмаларды орындату.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай көркем шығармаларды оқыту.

  • Көркем әдеби шығармалардан алынған үзінділермен жұмыс жасату, талдау, пайымдау жұмыстарын жүргізу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

  • Көркем әдеби шығармалардан үзінділер алуға үйрету.

  • Тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жасау.

  • Қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды үйрету.

  • Ақпараттық материалдармен, түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелері:

  • Қазақ тілі грамматикасынан біршама терең білім алады.

  • Оқу сауаттылығы тапсырмаларын орындай алады.

  • Жас ерекшеліктеріне сай әдеби көркем шығармаларды оқиды, түсінеді.

  • Көркем әдеби шығармалардан алынған үзінділермен жұмыс жасайды, талдау, пайымдау жұмыстарын жүргізе алады.

  • Мәтіндермен жұмыс жасауға үйренеді.

  • Көркем шығармалар арқылы ұлттық дүниетанымы қалыптасады.

  • Тіл сауаттылығына үйренеді.

  • Қазақ тіл білімі бойынша түрлі талдау жұмыстарын жүргізу жолдарын түсінеді.

  • Қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады.

  • Ақпараттық материалдармен, түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды үйренеді.

  • Қазақ тілі пәніне қызығушылығы оянады.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.

Өзектілігі: Қазақ тілі теориясын меңгеру, сауатты жазу мен сөйлеу, әдеби туындыларды оқыту барысында ұлттық құндылықтарға жетелеу, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру өзекті болып отыр.

Қолданылатын технологиялары: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, кейс – стади технологиясы (case - Study), Блум таксономиясы, жобалау.

Қолданылатын әдістері: Т кестесі, 6 неліктен, пікірталас, еркін жазу, ішіне-сыртына, ой қозғау, кең ауқымды лекция, бірін-бірі оқыту, галереяны шарлау, үшбу хат, автор орындығы, еркін жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12