Материалдар / 5-сынып қазақ тілі срез 1-тоқсан 2024-205 оқу жылы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сынып қазақ тілі срез 1-тоқсан 2024-205 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ тілі срез 1-тоқсан 2024-205 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2024
592
10 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушының аты-жөні: Сынып: 5 «В» Мерзімі:

Тыңдалым

1-тапсырма

Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында

Жануарларды қорғау үшін қорықтар құру керек. Қорықтарда құстар мен жануарлардың, өсімдіктердің көбеюіне жағдай жасалады. Қазақстанда Наурызым, Марқакөл, Қорғалжын, Алакөл т.б. қорықтар бар. Қорғалжын қорығы Ақмола облысында орналасқан. Қорықтың басты байлығы – су құстары. Қорғалжын қорығы қызғылт қоқиқазды сақтау мақсатында құрылды. Көктем, жаз айларында бұл қорықтағы көлдер құстарға толады, сондықтан оны «Құс базары» деп те атайды. Қорықта қоқиқаздан басқа бірқазан, шағала, үйрек, қоңыр қаз сияқты құстар, түлкі, қарсақ, суыр сияқты жануарлар мекендейді

1) Қорғалжын қорығы қандай мақсатпен құрылды?

А) сирек өсімдіктерді сақтау үшін

В) шағала мен үйректі сақтау үшін

С) қызғылт қоқиқазды сақтау үшін

D) түлкі мен қарсақты сақтау үшін [1]



2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.



Қорғалжын қорығы __________________________________________ орналасқан.



Қорғалжын қорығын «Құс базары» деп те атайды, өйткені


______________________________________________________________________ [2]



3) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.


Cұрақ:________________________________________________________________


Жауап: _______________________________________________________________ [2]


Оқылым

3-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қыс мезгілі адамның мінезіне ұқсайды: кейде қатты, кейде жұмсақ. Кейде қатты аяз, боран болса, кейде балаларды ашық күндерімен қуантады. Айдос бүгін ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Айдос жүгіріп терезеге келді. Терезе алдында өсіп тұрған жас алма ағашына қарады. Бұл алма ағашын жазда анасы екеуі отырғызған еді. Боран ағашты майыстырып, жан-жаққа жұлқып тұр. Айдос досын аяп кетті: - Шыда, ағашым. Боран басылады, күн ашылады. Мен саған келемін. Саған күтім жасаймын. Сен үлкен болып өскен соң маған алмаңды бересің, - деді.


1) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын жауапты анықта.

А) қыста ағаштарды қар басады

В) қыстың мінезі әр түрлі болады

С) табиғатқа қамқорлық жасау керек

D) боранды күні ағашқа қиын болады [1]


2) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

а) Автор қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Неліктен?

______________________________________________________________________


______________________________________________________________________ [2]



b) Неліктен? не үшін? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.


______________________________________________________________________


______________________________________________________________________ [1]


  1. Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.

      а) Астана            в) дәрігер             с) түлкі           д) көлік             е) көбелек

2. Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.

     а) ғарыш             в) орман                с) байлық        д) құрлық         е) үміт

3. Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.

     а) әже                   в) жазда                с) үй                д) үлкен             е) ел

4. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз.    Мыс

     а) бір            в) екі             с) төрт        д) үш             е) бес

5. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.

     а) үйге            в) талапты         с) мектепте          д) балалар             е) ағаштікі

6. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

     а) у,е,о            в) о,и,е             с) ә,о,е           д) о,а,и            е) ы,і,ү

7. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.

     а) машина, уақыт         в) әдемі, ұстаз            с) ұлан, маймыл        

     д) аққу, суық             е) күзетші, мақсат

8. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

     а) сұлу, жұқа          в) таза, үн             с) ән, ас          д) мереке, үлгі       

     е) дәптер, мектеп

9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.

     а) көлдер           в) қаламдар             с) тауды           д) жазушы            е) баламен

10. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.

     а) сөз тіркесін          в) тіл байлығын           с) сөз мағынасын         

     д) сөз құрамын             е) тіл дыбыстарын


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!