Материалдар / 5 сынып қазақ тілі ТЖБ 1 тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып қазақ тілі ТЖБ 1 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қазақ тілінен ТЖБ жұмысы. Оқылым-10 ұпай, жазылым тапсырмасына-10 ұпай беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2024
720
10 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аты-жөні: ____________

1-тоқсан. Тоқсандық жиынтық бағалау

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.

«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры.

ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.

ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.

  1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған? [1]

    1. Ақылды В белсенді С. зерек Д. сәнқой

  2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған? [1]

    1. І

    2. ІІ

    3. ІІІ

3. Төмендегі сөздерді ықпал заңдылығына сай, сәйкестендіріңіз. [3]


Сөздер

Ықпал түрлері

1.

Дос жаран

А) Ілгерінді

2.

Жанболат

Ә) Кейінді

3.

Отбасы

В) Тоғыспалы

Ә мәтіні

Хабарландыру

2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы, Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.

Басталуы: сағат 14:00-де

Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді. Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.

Келемін деушілерге есік ашық!

  1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды? [1]

    1. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

    2. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

    3. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін

    4. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін

  2. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады? [1]

    1. Аймақтық қордан

    2. Білім басқармасынан

    3. Облыс әкімдігінен

    4. Отбасы қорынан


  1. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратыңыз.

Көненің көзі, долы мінез, көзі ауырды, ата жол, ащы сорпа, суық хабар, терең ой, терең құдық, қоңыр қарындаш.

Тура мағына

Ауыспалы мағына












Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Жазба жұмысын (мәтін) орындайды.


  1. «Үш тілді меңгеру» еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі» тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз.

  2. Беташар қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Балл қою кестесі

Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

1

В

1

2

С

1

3

1. В

2. Ә

3. А

3

4

С

1

5

D

1

6

Тура: терең құдық, қоңыр қарындаш, көзі ауырды, ащы сорпа

Ауыспалы: Көненің көзі, долы мінез, ата жол , суық хабар, терең ой.


3

Барлығы

10










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!