Материалдар / 5 сынып қазақ тілі ТЖБ 4 тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып қазақ тілі ТЖБ 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қазақ тілі ТЖБ 4 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
644
22 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ТЖБ)

«Аспан әлемінің құпиялары», «Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімдері бойынша

І НҰСҚА


Оқушының аты-жөні: ____________________________________________

Тоқсан: IV

Сыныбы: 5

Күні:


1-тапсырма (А). Мәтінді тыңдап (оқып), көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызға тыңдаушыны сендіру үшін, дәлелді мәтін ақпаратын, қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз.


Саяхат қызықтары

Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл адамдар саяхаттау үшін ғана жаралғандай. Ал кейбір адамдар саяхатты дүниетаным кеңейтудің жолы деп емес, тек демалыс деп қана ұғады. Сіздің қай топқа жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз.

1. Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру Күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге серпін беріп, күш-қуат сыйлайды. Күнделікті мезі етер, шешімі қиын мәселелерден арылып, тыныш табиғатта тыныққанға не жетсін. Бірнеше күн саяхаттап, демалып көріңізші, сергіп қаласыз.

2. Жаңа қабілеттерге ие боласыз Саяхаттау жаңа мәселелер мен міндеттерді алға қояды, бұл міндеттерді, мәселелерді шешу арқылы өзініңіздің қабілетіңіз бен мүмкіншілігіңізді арттырасыз.

3. Дүниетанымыңызды кеңейтесіз Сапар шегу арқылы сіз өзге мәдени әлемге, өзге адамдардың өміріне саяхаттайсыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне, тұрмысына үңілесіз, мәнін іздейсіз. Сол арқылы әлемді тануда жаңа көзқарас қалыптастырасыз. Өз еліңізге келгенде санаңызда салыстыруға болатын дүниелер пайда болады. Бір ескерерлігі, салыстырып отырған ұғымдарыңыздың тарихы мен ауқымын назардан тыс қалдырмаңыз.

4. Табиғатпен оңаша қалу Біз көп уақытымызды жабық кеңістікте өткіземіз. Ал саяхат жасау сізді кең кеңістікке – табиғат ананың аялы алақанына алып шығады. Аймақтың кеңдігі кеудеңіз кеңеюіне де жол ашады. Табиғатпен оңаша қалу сізді терең ойларға жетелейді.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-тапсырма (Б). Мәтінді оқып, жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.



Мәтін


Қысқаша мазмұны








Нақты ақпараттар










2-тапсырма. Тілдік бағдар бойынша тест тапсырмасын орындаңыз

1. Төл сөз дегеніміз не?

А) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруі.
В) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін өзгертіп беруі.
С) Төл сөзге байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі.
Д) Алғашқысы соңғысына бағына байланысқан сөйлем.
Е) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін сәл өзгертіп беруі


2. Автор сөзі дегеніміз не?

А) Біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол күйінде беруі
В) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін өзгертіп беруі
С) Төл сөзбен байланысты айтылатым н сөйлеушінің өз сөзі
Д) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі Е) Екі адамның сөзі

3. Төлеу сөз дегеніміз не?

А) Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі
В) Жазушының я сөйлеушінің сөзі
С) Бөгде біреудің сөзін өз сөзінде өзгертпей беру
Д) Бөгде сөздің айтылуы
Е) Біреудің сөзіне түсінік беретін сөз

4. Төл сөзді сөйлемді көрсет.
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.
В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады.
Д) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты.
Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.

5.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді тап.
А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.
В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.
С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.
Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.
Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.

6. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.
В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.
С) Сағат 6 ға 10 минут қалған кезде Азамат пәтерінен шықты.
Д) 30-40-тай адам жиналған екен.
Е) Біз 2-еу едік.

7. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Өнерлі бала сүйкімді. В) Көп сөз – күміс.

С) Ел жасымен көрікті. Д) Халық сөзі – қаһарлы.

Е) Отан оттан да ыстық.

8. Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Жақсылық. B) Шебер. C) Етікші. 

D) Дүкенші. E) Қонақ.

9. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрсе бар.

В) Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген .

С) Арада жыл жарым өтті.

D) Бір үйден он бес – жиырмадан мал өреді.

Е) Мен 11-ші сыныпта оқимын.

10. Дара сан есімді табыңыз.

А) үшінші В) отыз бес С) бес-бестен

D) төрттен бір Е) екі-үш


3-тапсырма. Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Қойылған балл

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді


1 (А)

Тыңдалым мәтінінен басты мәселені анықтайды

5


Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқиды


1 (Б)

Оқылым мәтінінен нақты ақпарат пен қысқаша мазмұнын ажыратады

5


Тест тапсырмасын орындайды

2

Тест сұрақтарына жауап береді

10


Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазады

3

Берілген жағдаятты ескеріп хат жазады

10


Барлығы



30


«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ТЖБ)

«Аспан әлемінің құпиялары», «Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімдері бойынша

ІІ НҰСҚА


Оқушының аты-жөні: ____________________________________________

Тоқсан: IV

Сыныбы: 5 «Б»

Күні: 24.05.2022ж


1-тапсырма (А). Мәтінді тыңдап (оқып), көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызға тыңдаушыны сендіру үшін, дәлелді мәтін ақпаратын, қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз.


Саяхат және туризм

Саяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл – демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы.

Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды.

Саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстыруларын білдіретін жалпылай мағынасы көп әрі терең термин. Сонда, саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстырулары, ал мақсаттарына, бағыттарына, орын ауыстыру құралдарына, уақыт аралықтарына тәуелсіз саяхатты жасайтын адам – саяхатшы. Саяхат ерекшеліктеріне байланысты саяхатшыны теңізші, ғарышкер, бизнесмен, зерттеуші ретінде қарастыруға болады. Белгілі сипаты, ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы кезінде, саяхат туристік қызметтің бір бөлігі болып табыла алады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-тапсырма (Б). Мәтінді оқып, жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.



Мәтін


Қысқаша мазмұны








Нақты ақпараттар










2-тапсырма. Тілдік бағдар бойынша тест тапсырмасын орындаңыз

1. Автор сөзі дегеніміз не?

А) Біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол күйінде беруі
В) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін өзгертіп беруі
С) Төл сөзбен байланысты айтылатым н сөйлеушінің өз сөзі
Д) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі
Е) Екі адамның сөзі


2. Төлеу сөз дегеніміз не?

А) Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі
В) Жазушының я сөйлеушінің сөзі
С) Бөгде біреудің сөзін өз сөзінде өзгертпей беру
Д) Бөгде сөздің айтылуы
Е) Біреудің сөзіне түсінік беретін сөз


3. Төл сөз дегеніміз не?

А) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруі.
В) Сөйлеуші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!