Материалдар / 5 сынып қазақ тілінен 3 тоқсан ТЖБ

5 сынып қазақ тілінен 3 тоқсан ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларына арналған 3 тоқсан ТЖБ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
359
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушының аты-жөні:..................................................................Сыныбы:...................

Қазақ тілінен тоқсандық жиынтық бағалау

ІІІ тоқсан 5-сыныптар

Оқылым

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

А мәтіні

Кіп-кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи бос уақыттарын бірге қызықты өткізетін. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпайды. Сондықтан да болар оның мінезі тұйықтау. Ал Мараттың мінезі көңілді, адал, досының қамын ойлап жүретін бала.

Бір күні Марат орманға саяхатқа барады. Ол көкпеңбек гүлдерді қызықтап жүріп, сарғыш көбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін» - дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат қуанып, «маған велосипед керек» - дейді. Көбелек өз жөніне ұшып кетеді.

Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, өте әдемі велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары-бері Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының мұңлы көзін көріп, орманға келіп, маған велосипед те, қиялдағы ұялы телефон да қажет емес деп ойлайды. Ол: «Арман көбелегі, досым аяғынан тік тұрып кетсінші, сол тілегімді орындашы», - деп жалынады.

Үйіне келсе, ата-анасы Дарханның шетелге білімді дәрігерлерге көрінуге баратынын айтады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өзін атап шақырған қоңыр дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса, қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат, ормандағы арман көбелегіне іштей алғысын жаудыртады.

1. Қай ақпарат мәтінге сәйкес?

  1. Марат пен Дархан нағыз тату достар.

  2. Марат табиғат аясында ойнағанды ұнатпайды.

А) тек біріншісі

В) тек екіншісі

С) екеуі де бұрыс

D) екеуі де дұрыс

2.Қай абзацта Мараттың арманы орындалады?

А) І В) ІІ С) ІІІ D) ІV

3.Қарамен берілген сын есімдердің мағыналық түрлеріне және шырай түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.

[3]

Сапалық

Қатыстық

Салыстырмалы,күшейтпелі шырай

Ә мәтіні

Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

  • Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

  • Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

  • Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

  • Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

    • Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.

Сонда кенжесі:

    • Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ.

Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді. Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

    • Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

1.Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ...

    1. киім киісін

    2. қазына мөлшерін

    3. өзін көрсетуін

    4. өмірге бейімділігін

2.Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған?

  1. басында

  2. ортасында

  3. Соңында

  1. Берілген есептік сан есімдерді реттік,жинақтық,топтау,болжалдық сан есімдерге айналдырып жазыңыз.

Есептік сан есім

Реттік

Жинақтық

Топтау

Болжалдық

1.Бір

2.Екі

3.Төрт

Жазылым

Білім алушы екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Жазба жұмысын (эссе) орындау керек.

  1. Қазақстанда велосипед жүргізушілеріне бұдан былай тротуармен жүруге тыйым салынады. Тек қана велосипед жолақшаларын не көлік жолдарын пайдалануға рұқсат беріледі.Сауал: Сіздің ойыңызша елімізде велосипед жүргізушілері қозғалысына тротуармен жүруге тыйым салу қажет пе?

2.Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени- тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.Сауал: Сіздің ойыңызша адамның мінезі өзгере ме?

Тыңдалым/айтылым: Оқылым:..........Жазылым:.............Жалпы ұпай:...................

......................................................................................................................................................................................

.....................................................................................................................................................................................

....................................................................................................................................................................................

.....................................................................................................................................................................................

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ