Материалдар / 5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест.

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест. ҚАҢЛЫЛАР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2023
518
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

006. Қаңлы тайпасы

1.Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері

А б.з.б. ІІІ-ІІ ғ. б.з. У ғасыр

В) б.з.б. ІУ ғасыр-б.з. І ғасыр

С) б.з.б.ІІІ ғ-б.з. ІІ ғасыр

D) б.з.б. ІІ ғ-б.з. ІІІ ғасыр

Е) ) б.з.б. УІ-б.з.б. ІІ ғасыр


2. Қаңлылар туралы "Вэсаканың ер жүрек ұлдары…Канха қамалының алдында құрбандық берді" деп жазылған кітап

А) "парсы жазбалары"

В) "тарих жазбалары"

С) "қаңлы жылнамасы"

D) "Цянь Ханьшу"

Е) "Авеста"


3.Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы

А) Цыма Цянь

В) Страбон

С) Ктесий

D) Торг

Е) Герадот


4.Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері

А) Парсы жазбалары

В) Иран деректері

С) Үнді жазулары

D) Рим жылнамалары

Е) Қытай деректері


5.Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы айтылатын маңызды тарихи дерек.

А) "Авеста"

В) "Қаңлы мемлекеті"

С) "Қаңлы жылнамасы

D) "Тарихи жазбалар"

Е) "Цянь ханьшу"


6.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері

А) Атасу, Шірік-Рабат

В) Хантау, Таңбалы

С) Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау

D) Беғазы, Отырар

Е) Дәндібай, Қауыншы


7.Б.з.б.46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі

А) Аландар

В) Үйсіндер

С) Сақтар

D) Сарматтар

Е) Ғұндар


8.Қытай деректері бойынша ежелгі қаңлылар саны

А) 500 мың

В) 600 мың

С) 800 мың

D) 900 мың

Е) 700 мың


9.Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені

А) Жетісу

В) Ертіс өзені

С) Еділ бойы

D) Сырдың орта ағысы

Е) Шу мен Талас аңғары


10.Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері

А) Үйсін, Сармат

В) Ғұн, Алан

С) Үйсін, ғұн

D) Сармат, Ғұн

Е) Сармат, Алан


11.Қаңлы мемлекетінің оңтүстігіндегі көршісі

А) Ғұн

В) Үйсін

С) Алан

D) Парсы

Е) Сармат


12.Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси, байланыс жасаған елдері

А) Парсы, Үнді

В) Үнді, Қытай

С) Қытай, Араб

D) Хорезм, Үнді

Е) Қытай, Қушан


13.Қаңлы билеушісінің титулы

А) Патша

В) Гуньмо

С) Сұлтан

D) Бек

Е) Хан


14.Қаңлы елінің астанасы

А) Тараз

В) Битянь

С) Баласағұн

D) Қойлық

Е) Қызыл Аңғар


15.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны

А) 2

В) 3

С) 4

D) 6

Е) 5


16.Қаңлы елі ішінде әр иелікті басқарғандар

А) Уәзірлер

В) Тархандар

С) Кіші хандар

D) Сұлтандар

Е) Бектер



17.Қаңлылардың Қауыншы мәдениетінің таралу аймағы

А) Сырдың орта ағысы

В) Қаратау беткейлері

С) Талас өзені бойы

D) Қуаңдария аңғарлары

Е) Ташкент төңірегі


18.Қаңлылардың Отырар-Қаратау мәдениетінің тарау аймағы

А) Сырдың орта ағысы, Қаратау, Талас бойы

В) Қуаңдария бойы

С) Жаңадария аңғары

D) Қуаңдария, Сырдың орта ағысы

Е) Ташкент төңірегі


19.Қаңлылардың Жетіасар мәдениетінің таралу аймағы

А) Ташкент төңірегі

В) Сырдың орта ағысы

С) Қаратау,Талас бойы

D) Қуаңдария, Жаңадария аңғарлары

Е) Жетісу


20.Арыстың сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны

А) Қойлық

В) Шірік-Рабат

С) Қызыл-аңғар

D) Мардан-күйік

Е) Көк -Мардан


21.Қаңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңындағы зерттелген қоныс

А) Ақтөбе

В) Көк-Мардан

С) Қызыл аңғар

D) Қойлық

Е) Қостөбе


22.Шыршық өзенінің оң жағындағы қаңлы қаласы

А) Шаш-Илақ

В) Зах

С) Қостөбе

D) Көк-Мардан

Е) Ханарық


23.Қаңлыларды дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ

А) Талас аңғары

В) Шу бойы

С) Іле аңғары

D) Ертіс маңы

Е) Сырдария аңғары


24.Қаңлылардағы шаруашылықтың қосымша түрі

А) Мал шаруашылығы

В) Егіншілік

С) Металл өндірісі

D) Сауда қатынасы

Е) Аң аулау


25.Қаңлылардағы металл өндірісінің орталығы болған аймақ

А) Зах

В) Қостөбе

С) Хан-арық

D) Қойлық

Е) Шаш-Илах


26.Қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қала

А) Шырық-Рабат

В) Құлата

С) Қостөбе

D) Қойлық

Е) Көк-Мардан


27.Шыршық өзенінің оң жақ жағалауындағы Зах каналы, бұл…

А) сақтардікі

В) үйсіндердікі

С) ғұндардікі

D) сарматтардікі

Е) қаңлылардікі


28.Қаңлылар жерінен табылған б.з. 3-4 ғ. соғылған теңгелер саны

А) 2200-дей

В) 3300-дей

С) 1300-дей

D) 2100-дей

Е) 4000-дей


29.Қытай теңгелері табылған Отырар алқабындағы қаңлы қорымы

А) Қойлық

В) Тараз

С) Мардан

D) Қостөбе

Е) Талғар


30.Қаңлылардың Мардан қорымынан табылған теңгелер

А) үндінікі

В) ирандікі

С) соғдылардікі

D) византиянікі

Е) қытайдікі


31.Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты

А) Қойлық

В) Тараз

С) Бесшатыр

D) Талғар

Е) Алтын-асар


32.Қаңлыларға жататын өлген адамды киімімен жерлеу аймағы

А) Отырар мәдениеті

В) Қаратау мәдениеті

С) Жетіасар мәдениеті

D) Қуаңдария мәдениеті

Е) Қауыншы мәдениеті



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!