400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып қыздары мен аналары арасындағы «Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен аналары арасындағы сыйластықты, ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз балаларға тәлім-тәрбие беру арқылы өнерлі, ибалы, инабатты ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


5-сынып қыздары мен аналары арасындағы

«Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысы


1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

2-жүргізуші: Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, оқушылар және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні 22- наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


2-жүргізуші: Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайыста гимназиямыздың 5-сынып қыздары мен аналары өз өнерін, білімін, тапқырлығын және шеберліктерін көрсетеді.

1-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық.

2-жүргізуші: 5 «А» сынып оқушысы Қыдырбай Нұрай , анасы - Жакижанова Айдана Қайыртайқызы.

1-жүргізуші: 5 «Б» сынып оқушысы Қайратова Дильназ , анасы - Калдыбаева Дина Каировна.

2-жүргізуші: 5 «В» сынып оқушысы Қайырханова Жанерке, әпкесі - Нурумбекова Айжан Серікқызы

1-жүргізуші: 5 «Г» сынып оқушысы Қожанова Аймара, анасы - Аубакирова Қаламқас Советкалиевна

2-жүргізуші: 5 «Д» сынып оқушысы Әліби Ару , анасы - Братаева Бибигуль Нурболатовна

1-жүргізуші: 5 «Е» сынып оқушысы Ибрагимова Шолпан, анасы - Султанбекова Лаура Сергеевна.

Қошеметпен қарсы алайық!


2- жүргізуші: Ендігі кезекте сайыскер қыздарымыз бен аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық:

1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Алжанова Назигуль Тлеуқожаевна

1-жүргізуші: 2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Проскурина Ольга Александровна

3. Тәрбие ісінің меңгерушісі Алшынгазин Алмас Нұрланұлы


2-жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,

Осы салтты ұстанады халқымыз.

Сайыскерлер өнерді сал ендеше,

Амандасып көріңіздер өзгеше, - дей келе «Сәлем – сөздің анасы»деп сайысымыздың алғашқы бөліміне кезек береміз.


(Қыздар мен аналары өздерін таныстырады)


1-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.



2-жүргізуші: Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,

Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.

Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,

Өнерлерін көрсетеді сіздерге,-

Келесі 2 - бөлім «Өнерлінің өрісі кең » бөлімінде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.


1-жүргізуші: Алдарыңызда 5 «А» сынып оқушысы Қыдырбек Нұрай «Бұлбұл-ай» әнімен, қарсы алайық!


2-жүргізуші: Келесі өз өнерін көрсететін 5 «Б» сынып оқушысы Қайратова Дильназдың орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: 5 «В» сынып оқушысы Қайырханова Жанерке және әпкесінің орындауында қазақтың ұлттық биі «Қамажай».


2-жүргізуші: 5 «Г» сынып оқушысы Қожанова Аймараның өнерін тамашалайық!

1-жүргізуші: ендігі кезекте 5 «Д» сынып оқушысы Әліби Ару және анасының өнерін тамашалайық. Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай»

2-жүргізуші: Сахнаға келесі қатысушымыз 5 «Е» сынып оқушысы Ибрагимова Шолпан шығады. Оның орындауында «Ерке қыз» биін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Сайыстың үшінші «Салт –дәстүр – асыл қазынам» бөліміне келіп жеттік. Қатысушыларымыз қазақтың салт –дәстүрлері жайлы айтып немесе сахналап көрсетіп береді.

2-жүргізуші: Сахнаға 5 «А» сынып қатысушыларын шақырамыз. «Киіз» басу» - тұрмыс салт-дәстүрі

1-жүргізуші: Келесі сахнаға 5 «Б»сынып қатысушылары шығады. «Құлақ тесу» салт-дәстүрі.

2 -жүргізуші: Ендігі кезек 5 «В» сынып қатысушыларына келді. Салт-дәстүр « Байғазы»

1-жүргізуші: 5 «Г» сынып қатысушылары «Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді.

2-жүргізуші: Кезек 5 «Е» сынып қатысушыларына да келді. « Бесікке салу» дәстүрі.

1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

2-жүргізуші: Сайыстың төртінші бөлімі «Сән салтанаты» (анасы мен қызы қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсетеді).  Қошеметпен ортамызға сән үлгісін көрсетуге аналарымыз бен қыздарымызды шақырайық.

(Музыка қосылады, кезекпен сайыскерлер шығып, өз ұлттық киімдерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ас үй ханшайымдары» деп аталады. Қатысушыларымыз үйде дайындаған ұлттық тағам видеосын көрсетеді және өз тағамдарынан қазыларға дәм татқызады.

2-жүргізуші: 5 «А» сыныбының ұлттық тағамы «Шелпек»

1-жүргізуші: 5 «Б» сыныбының ұлттық тағамы «Тоқаш»

2-жүргізуші: 5 «В» сыныбының ұлттық тағамы «Жент»

1-жүргізуші :5 «Г» сыныбының ұлттық тағамы «Бауырсақ »

2-жүргізуші: 5 «Д» сыныбының ұлттық тағамы «Құрт»

1-жүргізуші: 5 «Е» сыныбының ұлттық тағамы «Қоспа»

2-жүргізуші: «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізглікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Олай болса, «Ақ бата- асыл мұра» кезеңіне жол берейік. Ортаға қатысушы қыздарымызды шақырамыз.


(Қыздар кезекпен бата береді)


1-жүргізуші: Әділ-қазылар өз шешімдерін шығарғанша бәріміз бірге ұлттық «Қара жорға» биін билейік!

(Қатысушылар мен көрермендер «Қара жорға» биін билейді. )


2-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін гимназиямыздың директоры Ахметова Майра Ғабасовна және әділ-қазылар мүшесіне береміз.


(Марапаттау. Сыйлықтар тарату.)

1. «Үздік ару» номинациясы

2. «Өнерлі ару» номинациясы

3. «Шебер ару » номинациясы

4. «Инабатты ару» номинациясы

5. « Сөзге тапқыр, шешен ару» номинациясы

6. «Ең сәнді ару» номинациясы


1-жүргізуші: Бүгінгі «Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысымыздың қатысушыларына қолдау жасап, демеушілік білдірген ата-аналарымызға құттықтау сөзін беріп, сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етейік.

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі наурыз мерекесіне және қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында өткізіліп отырған «Өнерлі ана, өнегелі қыз » атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық қатысушыларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.Келгендеріңізге көп рақмет! Сау болыңыздар!



















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі