Өзін-өзі
тану сабақ жоспары
Мектеп
: Байғазы ОМ
Мерзiмі:
№17
Тақырып:
Қызға
– нәзіктік, ұлға – батылдық
Құндылық:сүйіспеншілік
Қасиеттер:мейірім,
қуаныш, достық.
Мұғалiм:Баракова
З.Н
Сынып
5а
Сабақ
мақсаты:
қыздар
мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті:
Білімділік -
ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы
түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық
- ерекшелігіне қарай олардың өз
құрдастарымен қарым-қатынастарын
дамыту;
Тәрбиелеу
- ұлды батылдыққа. Қызды нәзіктікке
тәрбиелеу
|
Ресурстар:
Үнтаспа,
бейнеүзінді, слайдтар, оқулық дәптер
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi
Сәлемдесу,
оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа
қатысуды тексеру.
Тыныштық
сәтi
Нұрға
бөлену. Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге
немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп
көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балығы және таза
әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды
шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Жаймен
көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Үй
тапсырмасын тексеру
а)
Хан неліктен өз сөзінен бас тартты?
ә)
өз сөзіне тұратын адамда қандай
қасиеттер болуы керек?
|
Сабақ
барысын талқылау:
|
Әңгiмелеу
(сұхбат)
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың
мазмұнын ашу мақсатында Ә.Хасенованың
«Неге ұялды?» атты әңгімесін оқып
береді.
Неге
ұялды?
Ә.Хасенова
Нәзікеннің
бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді
байқадыңдар?
Мұрат
неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?
|
|
Дәптермен
жұмыс
Ұлдар мен қыздарға және оларға ортақ
қасиеттерді анықтау мақсатында
оқушылардың дәптермен жұмысы
ұйымдастырылады. Оқушылар дәптерде
берілген адамгершілік қасиеттерді
үш бағанға бөліп толтыра отырып,
ұлдарға тән қасиеттердің, қыздарға
тән қасиеттердің қандай болатынын
саралайды. Ал екеуіне де тән адамгершілік
қасиеттердің барлық адам бойында
болуы қажеттігін түсінеді. Адалдық;
еркіндік; сырбаздық; дербестік;
қарапайым-дылық; батылдық; жанашырлық;
кербездік; шыдам-дылық; еңбекқорлық;
ақылдылық; кішіпейілділік; бауырмалдық;
қайсарлық; әділдік; мейірімділік;
жайдарылық; намысқойлық; сенімділік;
сенгіштік; қамқорлық; сыпайылық;
ашықтық; ақкөңілділік; сезімталдық;
елгезектік; нәзіктік; өткірлік.
Тапсырма сыныпта тексеріліп, әрқайсысына
талдау жасалады да, оқушылардың өз
ойларын дәлелдеп, қорғап шығуына
еркіндік беріледі. Тапсырманы
қорытындылау мақсатында оқушыларға
«Қыздар сұлу көрінер...» және «Ер
жігітке жарасар...» тақырыптарына
қалауы бойынша шығарма жазу тапсырылады.
|
|
Үй
тапсырмасы. «Қыздар
сұлу көрінер» және «Ер жігітке жарасар»
тақырыбында шығарма жазу.
|
|
Қорытындылау,соңғы
тыныштық сәтi.
Әрбір
адам өзіне, ата-анасына, Отанға, туған
елге сүйіспеншілікпен қарайды.
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды,
айналадағы барлық тіршілік иесі оларды
аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын
сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа,
махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен
жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп
көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге
қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе
жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған
армандарларыңа жетулеріңізге
тілектеспін. Бүгін сендер өте көп
жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды
жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар
сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|