400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып Шығармашылық – жетістік бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек күнделікті қолданатын өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: № 30

Мұғалiм: Сынып:

Тақырып: Шығармашылық – жетістік бастауы

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: оптимизм, жауаптылық, сенімділік


Сабақ мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін аша отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік – Оқушыларға шығармашылық ұғымының мағынасын аша отырып, оптимизм қасиетін түсіндіру

Дамытушылық – Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіндіктерін дамыта отырып, жауаптылыққа баулу;

Тәрбиелік – Оқушыларды оптимизмге, жауаптылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау

1.Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына саяхат

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шықтыңыздар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор әдемі балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жақсылып қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

30-сабақ А.Лопатина «Суретші туралы ертегі» мәтінді оқу

1.Суретшінің әлемдегі сұлулықты жаңа қырынан тануына не себеп болды?

2. Сұлулықты көріп, сезіне білуге бола ма? Қалай?

3.Адам бойындашығармашылық болу үшін қандай қасиет қажет?


3.Дәйексөз.

«Барлық өмір қуанышы - шығармашылықта»

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жаздырту

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


Р.Ролланның қанатты сөзі

4.Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы)

В.Мезенцевтің «Біздің қолымыздан не келед»?» мәтінін оқу

  • Барлық адам дарынды тұлға бола ала ма? Неге?

  • Шакунтала Девидің жетістікке жетуіне не себеп болды?


1-топ: Өздеріңе ұнаған табиғат сұлулығын естеріңе түсіріп суретін салыңдар

2-топ: Өздерің алдарыңа қойған мақсаттарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар

3-топ: Әр түрлі бояулар мен сезімдер мен толғаныстарыңды бейнелеп, өз көңіл күйлеріңді сипаттаңдар


6.Топпен ән айту.

Ғ.Жандыбаевтың өлең жолдары


Адамзат асыл ойға емес кенде,

Биікке құлаш ұрмай ел өскен бе?

Еске алам Абай, Ахмет, Мағжандарды –

Төбеміз аспанменен теңескенде.


Уа, достым, ірікпейік дарын басын,

Тынысы қас жүйріктің тарылмасын.

Қырандай сеңгір көкке құлаш сермеп,

Көңілі ескен желдей арындасын.


7.Үй тапсырмасы.

Жұмыс дәптерінен 1-2 тапсырмаларды орындау


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі