5-сынып. Т2 .ТЖБ.қазақ тілі.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сынып. Т2 .ТЖБ.қазақ тілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып. Т2 .ТЖБ.қазақ тілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып. Т2 .ТЖБ.қазақ тілі. Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Қазіргі заман адам баласының ой – өрісінің ерекше дамып, өркендеп жетілген заманы болып отыр. Үйімізде компьютер болса, ол ғаламторға қосулы болса, бүгінде кез-келген жердегі таныстарымызбен хабарласа аламыз. Өзімізге керекті мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жаратамыз.

Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп-қисап жасау, құжаттарды қағазға басып шығару, мәліметтерді өңдеу істеріне пайдалатын болсақ, бір сағаттың ішінде бірталай жұмысты аяқтауға болады. Мәселен, арнайы машинкаларда мәтін басатын шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, бір компьютер 200 адамды алмастырады екен. «Компьютер – уақыт талабы» демекші, осы арқылы уақытымызды тиімді пайдаламыз.

Ал компьютердің зиянына келсек, алдымен ол көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды, әсерін тигізеді, яғни «миопия»-ға ұшырайды. Компьютер алдында ұзақ отырса, адамның қан қысымы көтеріледі. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, ұйқы бұзылады, сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, сколиоз ауруына шалдығуы ғажап емес. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл оның аумағын ластайды. Лас болған жерде түрлі микорбтар, бактериялар болады. Осынаң бәрі аллергиядан бастап көптеген ауруларды тудыруы мүмкін. Мұның бәрің біле тұра, біз компьютерді пайдаланмыз. Ол қазіргі таңда керекті нәрселердің бірі. Ол болмаса, жұмысымыздың көбі орындалмай қалады, алайда денсаулық одан да маңызды.

(125 сөз)

https://vikidalka.ru/1-213901.html


1. Мәтінге тірек болатын 3 сөзді жазыңыз __________________________________________________________________

[1]

2. Компьютер ең алдымен неге зиян? __________________________________________________________________

[1]

3. Компьтерде ұзақ отыру неге әсер етеді?

А) есту қабілеті жақсарады

Б) көру қабілеті төмендейді

В) қан қысымы көтеріледі

Г)қан қысымы төмендейді

[1]


4. Мәтін мазмұнына сәйкес жалғасын табыңыз

1

Компьютер -


А

Жұмыс өнімділігін арттыру

2

Компьютердің пайдасы –


Б

Уақыт талабы

[1]



5. Мәтін мазмұнына сәйкес шын, жалған және айтылмаған ақпаратты анықтаңыз.

Компьютерге және оның маңына шаң жиналмайды.


Айтылмаған

Компьютер арқылы уақытымызды тиімді пайдаланамыз.

Жалған

Монитор көзден 50-70 см қашықтықта тұруы керек.

Шын

[1]



Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Бүгін мектепте «Фастфудтар» деген тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағатына оқушылар, гастроэнтеролог – дәрігерлер қатысты.

Дәрігерлер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам туралы айтты. Гамбургер,хот-дог, майға қуырылған картоп, газдалған сусындардың зиян екенін ескертті. Олар: «Дайындаушылар фастфуд тағамдарының сапасына қарамайды. Сондықтан фастфуд тағамдары тез бұзылып,көп ауруға себеп болады. Балалар фастфуд тағамдарын жақсы көреді. Ол денсаулыққа зиян. Сендер дұрыс тамақтана біліңдер», - деді.

Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қаназдық ауруы көп кездеседі. Ал асқазан ауруы бірінші орында тұр. Фастфуд тағамдары артық салмақ қосады.

Америка құрама штаттары халқының 60% -ы артық салмақтан азап шегуде. Бұған кінәлі – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы мәселеге тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойласаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.

(133 сөз)

Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып


1. Балалар қандай тағамдарды жақсы көреді?

А) денсаулыққа пайдалы

В) тәтті тағамдарды

С) тәтті кәмпиттерді

D) фастфуд тағамдарын

[1]


2. Не себепті фастфуд тағамдары тез бұзылып,көп ауруға себеп болады?

_________________________________________________________________

[1]


3. Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қандай аурулар көп кездеседі?

А) асқазан ауруы

В) бас ауруы

С) буын аурулары

D) көз аурулары

Е)қаназдық ауруы

[1]





4-5. Мәтін мазмұнына сай ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.

Ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

Дәрігерлер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам туралы айтты.




Америка құрама штаттары халқының 90% -ы артық салмақтан азап шегуде.




Гамбургер,хот-дог, майға қуырылған картоп, газдалған сусындар адам денсаулығына пайдалы.




Фастфуд тағамдары артық салмақ қосады.




[2]






Балл қою кестесі

Тыңдалым, айтылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

Компьютер,ғаламтор, зиян \ оқушы жауабы ескеріледі.

1

5 балл

Көз жанарына \ оқушы жауабы ескеріледі.

1

3-Г

1


1-Б

2-А

1

1 – жалған;

2-шын;

3- айтылмаған.

1

Оқылым

1-Д

1

5 балл

2 Дайындаушылар фастфуд тағамдарының сапасына қарамайды.\оқушы жауабы ескеріледі.

1

3- А,Е

1

1,4-дұрыс

2,3-бұрыс

1

1


10 балл









Жазылым . «Ұлттық валюта-теңге» тақырыбына мезгіл және мекен үстеулерді қолдана отырып эссе жазыңыз (80 сөз).

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[10]




Айтылым. «Аспан әлемінің құпиясы» тақырыбына шағын диалогке түсіңіз. Уақыт регламентін сақтаңыз (2минут)

[10]
























Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)


5


Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.


Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


4


Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.


Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.


Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


2


Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі

және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.


Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.


1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.


Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.









Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)


Сөз қолданысы (5 балл)


5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.


Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.


Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.


Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.


Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
.
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі