|
Сабақтың
басы
5 мин
|
Ынтымақтастық ахуал
қалыптастыру.
«Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігі туралы әңгімелесеміз.
Тәуелсіздік – біздің теңдесі жоқ
байлығымыз.
Ол үшін ата-бабаларымыз үлкен
еңбек сіңірді. Біз олардың ерлігін әрдайым құрметтеп, тәуелсіздікті
бағалауымыз керек».
- Сабақтың мақсаты мен жоспарын
түсіндіреді.
|
- Оқушылар
мұғалімнің кіріспесін тыңдап, сабақтың мақсатына қызығушылық
танытады.
|
Презентация, Қазақстан туының
суреті

|
|
Сабақтың
ортасы
30 мин
|
Мұғалімнің сөзі:
«Қазақстанның тәуелсіздік жолы оңай болмады. 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы – тәуелсіздік үшін күрестің жарқын мысалы. 1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып
жарияланды».
Мұғалім видео
қосады.
1. Видеоның басты идеясы қандай?
2. Тәуелсіздік үшін күрескен адамдар туралы не білдіңіздер?
3. Тәуелсіздіктің сіздер үшін маңызы қандай?
Талқылау: Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытынды
жасайды.
Тапсырма:
1. Әр топқа ақ қағаз, маркер таратылады.
2. Топтар «Тәуелсіздік біз үшін нені білдіреді?» тақырыбында постер
дайындайды.
3. Постерлерде сурет, ұран немесе негізгі идея
көрсетіледі.
Мұғалімнің көмегі:
Топтарға бағыт-бағдар береді, олардың жұмысын
бақылайды.
Тәуелсіздік жолы оңай жол
емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке
түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты
жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні
өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан
биік болсын. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау
кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз
тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Иә, бұл күн -
Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні
деп алтын әріппен жазылды.
|
Оқушылар тақырыпқа байланысты
видео қарайды
Оқушылар сұрақтарға
жауап беріп, өз ойларын
айтады.
Топтар тапсырманы
орындап, өз постерлерін сыныпқа
таныстырады.

|
https://www.youtube.com/watch?v=XvQhEcxsTtg
Ақ қағаз,
маркерлер
|
|
Сабақтың
соңы
5мин
|
Сабақты
қорытындылау:
Тәуелсіздік туралы
сұрақ-жауаптар:
-
Тәуелсіздік дегеніміз
не?
-
Қазақстан тәуелсіздігін қашан
алды?
-
Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қандай тарихи
оқиғалар болды?
-
Желтоқсан оқиғасына кімдер
қатысты?
-
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті кім
болды?
-
Тәуелсіздік бізге не
берді?
-
Тәуелсіздік бізге еркіндік, өз
мемлекеттігімізді құру мүмкіндігі, ұлттық құндылықтарымызды сақтап,
дамыту еркіндігін берді.
-
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қашан
бекітілді?
-
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қандай
жетістіктерге жетті?
-
Сіздің ойыңызша, тәуелсіздікті сақтау үшін біз не
істеуіміз керек?
-
Тәуелсіздік сіз үшін қандай құндылықтарды
білдіреді?
«Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігі туралы
маңызды мағлұмат алдық. Тәуелсіздік – бұл біздің еркіндігіміз,
бейбіт өміріміз және болашағымыз. Біз оны сақтап, бағалауымыз
керек. Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін
рақмет!»
|
- Оқушылар сабақта алған білімдерін
қорытындылайды және өз ойларымен бөліседі.
- Мұғалімнің қорытындысын тыңдайды.
|
Стикерлер, тақырыпқа сай
жазбалар
|