400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып Тірі ағзалардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар орындай алады: • тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктерін ауызша тұжырымдайды • тірі ағзаларды бес дүниеге олардың ерекшеліктері бойынша жіктейді, жазбалар және қорытынды жазады • ағзалардың ерекшелік белгілерін атайды және олардың белгілі бір дүниеге жататындығын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

5.4 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:»

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Күні:


Сынып: 5


Сабақ тақырыбы

Тірі ағзалардың қасиеттері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау



Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктерін ауызша тұжырымдайды

  • тірі ағзаларды бес дүниеге олардың ерекшеліктері бойынша жіктейді, жазбалар және қорытынды жазады

  • ағзалардың ерекшелік белгілерін атайды және олардың белгілі бір дүниеге жататындығын анықтайды


Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру


Тілдік мақсаттар


Пәнгетән лексика мен терминология:

Дүние, бактериялар,протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, омыртқасыздар, омыртқалылар

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

  • Бұл өсімдік немесе протиста болуы мүмкін.

  • Ол қозғала ма/ қоректі ала ма/ омыртқа жотасы бар ма…?Бұл болуы мүмкін ...

  • Жануарлар қоректі алады және…...

  • Бактериялар бір жасушалы ағзалар, оларда жоқ …

  • Протисталар бір жасушалы ағзалар, оларда бар ...

  • Саңырауқұлақтар жасыл емес, себебі….

Өсімдіктер өздері ...түзеді....


Бағалау критерийлері

  • Тірі ағзаларды ерекшеліктеріне қарай топтай алады

  • Ағза топтарындағы кем дегенде екі ерекшелік белгілерін атай алады

  • Олардың белгілі бір дүниеге жататындығын түсіндіре алады


Құндылықтарды дарыту


Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды.


Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру сабақта іс-қимылдарды омыртқалы жануарлардың сипаттауда пайдалану


АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін активтендіру үшін интерактивті тақталарды пайдалану;


Бастапқы білім


Оқушылар ағзаларды топтарға біріктіреді, ұқсастықтары мен айырмашылықтарынанықтайды. (3 сынып).

2 сынып бағдарламасынан «омыртқасыз» және «омыртқалы» терминдерінің мағынасын түсінеді.

Өз жерінің жануарларын анықтайды (4 сынып)


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 – 10 мин

(С) Оқушылармен «Құпия дорба» ойыны өткізіледі. Алдын ала мұғалім дорбаға ойыншық ағзалардың мүсіндерін салып қояды. Оқушылар дорбаның ішіндегі ағзаларды (жануар, өсімдік немесе жеміс муляждары, саңырауқұлақ, біржасушалы ағзалардың муляждары) анықтаулары қажет. Ол үшін оқушылар бір-бірден шығып, дорбадан бір жануарды сипап сезу арқылы, қандай ағза екенін анықтап көреді. Енді дорбадағы ағзаларды столға шығарып, оқушылар тақырып не туралы екенін анықтап көреді. Анықтау кезінде көрсетілген ағзаларды толық пайдалануын сұрау.

  1. Үй тапсырмасы сұралады.

Оқушыларға өзін сынап көру тапсырмалары беріліді беріледі , слайдта бірнеше суреттер беріледі , оқушылар тірі ағзаны ажыратады. және себебін түсіндіреді.


( 4 мин)

Т ірі организімдердің зат алмасу туралы ейне материял ( 2 мин )



Дорбаға салынған жануар, өсімдік, саңырауқұлақ, амеба мүсіндері мен бактериялар суреттері) мүсіндерінің ойыншықтары


Сабақтың ортасы

10-17 мин







17-27 мин







27-33 мин



33-43 мин








(С) Енді сол ағзаларды топтауын сұрау және неге олай топтағанын түсіндіру. Кейбір оқушылар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың, өсімдіктер ерекшелігін, өздері көрген ағзалар туралы айтуы мүмкін.

Сыныппен нәтижені талқылау. Барлығы бірдей шешім қабылдады ма? Бұл жаттығу оқушыларға ағзаларды жеке топтарға белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтастыруға болатындығын түсінуге көмектеседі.


(Т) Оқушыларды бес топқа бөліп, «Артығын тап» ойынын ойнау ұсынылады. Әр топқа бір дүниенің өкілінің суретін ұсыну. Тақырып бойынша кілт сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар берілген кілт сөздерді пайдаланып, берілген суреттегі ағзаға қатысты деген сөздерді топтастырады.

Әр топ өз таңдауларын неге бұлай топтастырғанын түсіндіреді.


(М) Мұғалім оқушыларға тірі ағзалардың бес дүниесі туралы теориялық ақпараттармен танысуды ұсынады.


(Жж) Оқушыларға бес дүниеге тән ағза суреті беріледі. Сол ағзаның ерекшелік белгілерін сипаттайды.

  1. Жұптық жұмыс

Оқушылар шағын екі топқа бөлінеді , топқа бөлінген оқушыларға тірі организімдерге қандай қасиеттер тән екендігі тапсырмаға беріледі , топтар бірігіп кем дегенде 4 түрлі барлық тірі организімдерге тән қандай қасиеттер бар екендігін зерттеп ойларын ортаға салады. Топтар тапсырманы орындауға 5 мин уақыт беріледі , ойларын жеткізуге 3 мин уақыт беріледі.

( 8 мин )

3. Балалардың жауаптары негізінде сабақ бөлімі қысқаша түсіндіріледі ( 5 мин )

4. Жұптық жұмыс

Оқушылар жұбына суреттер таратылып беріледі , оқушылар өздерінің түсініктеріне сүйене отырып тірі организім деңгейлерін ретімен орналастырады.



Жұптардың жұмысы тексеріліп , тақтада бір жұп өз жұмыстарын көрсетіп себебін түсіндіреді , критерий арқылы жұптардың жұмысы бағаланады , тақтада тапсырманың дұрыс реттілігі көрсетіледі. ( 5 мин )

5. Балалар жауабы негізінде сабақ түсіндіріледі ( 5 мин )

Сипаттау үшін критерий

  • Ағзаның қай дүниеге тиесілі екендігін дұрыс анықтайды

  • Ағзаны қандай белгісіне қарап анықтағанын түсіндіреді

  • Ерекшелік белгілерін атады (екіжұп аяқ, қанаттары, құйыршық, тұмсық т.б.)

Жұптар бірін-бірі бағалайды










кілт сөздер жазылған карточкалар (дидактикалық материалдар)



Ағзаларды жіктеу PowerPoint таныстырылымы,

мәтін


критерий


Сабақтың соңы

45-45 мин

(Ж) Оқушы өз сабақ барысындағы іс әрекетіне төмендегі сөйлемдерді аяқтау арқылы рефлексия жасайды.

Мен жасай аламын…

Мен есте сақтадым…

Мен қиналдым…

Менде іске аспады…

Мен мұқият болдым…

Мен белсенді жұмыс жасадым...

Мен қызықты ой жеткізе алдым…

Мен топта жолдастарыма көмек бере алдым…

Рефлексия парағы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
1221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі