Материалдар / 5-сыныпқа арналған факультатив жоспарлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сыныпқа арналған факультатив жоспарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультатив жоспарлары
Авторы:
07 Қырқүйек 2023
355
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 сынып

Математика пәні мұғалімі:

Түсінік хат


Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде таңдау пәні енгізілді. 5 сыныпқа «Математикаға саяхат» таңдау пәні оқытылады. Бұл таңдау пәні математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.Таңдау пәні оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.

5 сыныпқа арналған «Математикаға саяхат» таңдау пәнінің бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызы- ғушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар,сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.

«Математикаға саяхат» таңдау пәні әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Таңдау пәнінде шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес бақылау жұмысына арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.Тақырыптың теориялық бөлімінде сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне мұғалімнің кәсіби шеберлігін, ізденімпаздығын қолдану талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, жаратылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.













Негізгі бөлім:

Таңдау пәнінің мақсаты:

- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;

- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;

- барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану.


Таңдау пәнінің міндеттері:

- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда математикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;

- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;

-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

- математика тарихы

- қазақтың математиктері

- сандар жайлы

- фигуралар туралы

- шеңбер

- симметрия туралы

- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілері;

- есепті шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы;

- геометриялық фигуралардың нүктелердің жиыны болып табы- латындығы жайында білімі болу керек.

Сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашы- лық жұмыстарын қорғауы керек.















«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»

Бірлестік жетекшісі: Оқу ісінің Мектеп директоры:

С Шегиров меңгерушісі: А Шегирова

А Писпекбаева

-------------------- --------------------- ---------------------------

« » _______2015 « » ________2015 « » ___________2015

Хаттама№----------





















2023 224 оқу жылы

Таңдау пәнін ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу , практикалық, дәріс сабақ, т.б.



Таңдау пәнін оқытудың алғашқы формасы: баяндама даярлау, оқулық жобасын, дидактикалық материалдар дайындау.



Оқу жетістіктері: пәнді меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындайды.Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.



Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: деңгейлік тапсырмасының, бақылау жұмысының қорытындысы балдық жүйемен бағаланады.

Тест тапсырмасы бойынша жинаған балдары бойынша бағалау рейтингісі:

25-30 балл, 1 деңгей

20-24 балл, 2 деңгей

20-дан төмен, 3 деңгей



Бағалау түрлері


  • Күнделікті бағалау;

  • Білім, білік, дағды формасында берілген оқу жетістіктері деңгейлеріне сай білімдік нәтижелері;

  • Түйінді құзыреттілікті меңгеру деңгейлері.

  • Жалпы (қосынды) бағалау жылдың соңында жүргізіледі.

Жалпы (қосынды) бағалауды жүргізу алгоритмі:

Әр критерий бойынша барлық бағалардың орташа баллдары шығарылады;

Пәндік нәтиже критерийі бойынша орташа балл ауызша, жазбаша практикалық жұмыстары бойынша қойылады;

Пәндік критерийлері бойынша орташа балл портфолио материалдары бойынша шығарылады;

Жалпы балл әр критерийдің орташа баллдарын қосу арқылы алынады.

Жалпы балл жиыны 12-балға келтіріледі





Қорытынды


Күтілетін нәтиже


1. Оқушылар кеңістіктегі денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады;

2. Оқушыларды математика пәні бойынша олимпиадаға, сайыстарға қатыстыру, шығармашылық, ғылыми жобаларды қорғауға қатыстыру;

3. Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;

4. Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы, қызығушылығы оянады;

5. Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;

6. Оқушылардың есептеу мәдениеті дамиды.

Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстанымдарын меңгеру және өз бетімен оқып білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Осы нәтиже сапалы болса:

1. Білім сапасы артады.

2. Білім деңгейі артады.

3. Өз бетімен білім алады.

4. Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.

5. Білу қабілеті артады.

6. Олимпиадаға қатысады.

7. Алған білімдерін тұрмыста пайдаланады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау пәндері бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.



Мұғалім пайдаланған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары


3.Б.Барсай, «Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану»

Алматы: «Өлке» баспасы,2002.


4.Алдамұратова «Математика» 5сынып

5.Математика оқыту әдістемесі. 5-сынып мұғалімдеріне арналған


6. О.А. Жәутіков «Математиканың даму тарихы»

//Мектеп баспасы

7.А.Е. Әбілқасымова. С.А.Джанабердиева. «Қызықты математика»

// Алматы «Мектеп»2007

8.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар

Ш.Х. Құрманалина, Өміртаева Р.Қ Алматы «Атамұра» 1997ж.


















Мазмұны

Титулдық бет

Түсінік хат

Негізгі бөлім

Таңдау пәнінің мақсаты мен міндеті

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы


Оқу- тақырыптық жоспар


Қорытынды

Күтілетін нәтиже


Пайдаланған әдебиеттер
















«Математикаға саяхат» таңдау пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:


I. Математикаға шолу

Математика тарихынан. Ринд папирусы.Ұлы математиктер. Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы. Ертедегі есептер. Бәрі де сандар туралы. Нөл саны. Үлкен сандар. Жай және құрама сандар. Сандар қатарына логикалық есептер.

II. Геометриялық фигуралар

Шеңбер. Симметрия әлемінде. Паркет және орнамент. Оригами тарихынан.

Оригами жасау. Сиқырлы шаршылар.

ІІІ.Әртүрлі есептер

Сіріңкемен берілген есептер. Қызықты есептер. Өрнектер. Логикалық есептер.

Сынық сандарға есептер шығару. Ондық бөлшектерге есептер. Процент.

Процентке есептер шығару. Микрокалькулятор. Пропорция. Пропорцияның белгісіз мүшесін табу.

ІҮ. Математикалық ойлау есептері

Экономикалық есептер. Қоспаға берілген 10 есеп. Қоспаға есептер шығару.

Экологиялық есептер. Қазақша есептер. Математикалық сайыс.

Тест тапсырмасы.




























Оқу -тақырыптық жоспар

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (5-сынып)

Р/с

Өтілетін тақырыптар

сағ. саны

мерзімі

өткізілу түрі


І. Математикаға шолу




1

Математика тарихынан

1


шолу

2

Ринд папирусы

1


ізденіс

3

Ұлы математиктер

1


дәріс

4

Жәутіков Орынбек

1


Шолу

5

Ертедегі есептер

1


ұжымдық

6

Бәрі де сандар туралы

1


ойын

7

Нөл саны

1


Дәріс

8

Үлкен сандар

1


ұжымдық


9

Жай және құрама сандар

1


ұжымдық

10

Сандар қатарына логикалық есептер

1


Ізденіс


ІІ. Геометриялық фигуралар



11

Шеңбер

1


фронтальды

12

Симметрия әлемінде

1


Ізденіс

13

Паркет және орнамент

1


ізденіс

14

Оригами тарихынан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!