жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар ағылшын тілі пәні бойынша
№ 42 Қ. Баймағанбетов атындағы орта мектеп
5 сыныптың ағылшын тілі пәнінен факультативтік
күнтізбелік жоспары
Пән мұғалімі: Бегайдарова М.Н.
2015-2016 оқу жылы
5 сыныптың ағылшын тілі пәнінен факультативтік
күнтізбелік жоспары
Ағылшын тілі
5 сынып факультатив
Бегайдарова Марал Нартайқызы
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үрдісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі-ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («біз мектепке барамыз», 2010 ж) мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президерті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы - «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Бұл жоспар Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей, өзіндік даму стратегиясын белгіледі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20% -ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеру керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізілді.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «ХХІ ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.
Ағылшын тілі- дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл.
Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің бірі.
Ағылшын тілі- бүгінге заманның кілті, ақпараттық технологияның кілті деуге болады.
Мақсаты.
Өскелең заманымыздың талабына сай, өз ісінің майталманы, ұшқыр, ойлы, рухани байлығы мол, ішкі жан дүниесі сұлу, жан-жақты, білікті, білімді, туған елін, жерін, тілін сүйетін оқушылырды дайындау
Ағылшын тілі пәніне ынталандыру, алған білімдерін кеңейту, белсенділіктерін арттыру.
Оқушының ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушыны өздігінен іздене білуге үйрету
Міндеттері:
Егеменді елімізді әлемге танытатын шәкірттерді оқыту
Оқушылардың білімін жаңарту, жетілдіруді талап ету
Біздің еліміздің кез-келген азаматы біліміне сәйкес мамандық алып әлем елдерінің талабына сай сұранысқа сай деңгейге жету, білім реформаларының жетістігіне жету
Шәкірттеріміз шетел тілдерін ана тілімен қатар білу
Курсты оқытудың әдістері мен түрлері:
*семинар
*лекция
*конференция
*білімді тексеру
*білімді қорытындылау
Оқыту құралдары:
Баспасөз материалдары
Әдістемелік журналдар
Нәтижесі
*ізденгіш;
*ой-өрісі дамыған жеке тұлға;
*жан-жақта дамыған, шығармашылық қабілеті зор, дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасқан түлға;
Барлығы: 34 -сағат, аптасына 1-сағат
Week |
Theme |
Hours |
1 |
To be етістігінің осы шақтағы (Present Simple) формасы |
1 |
2 |
Артикль:а,аn Белгісіздік артиклі (the indefinite article) |
1 |
3 |
To be етістігінің үшінші жақта (he, she,it) қолданылуы Present tense of to be---3rd person singular «is» |
1 |
4 |
Арнайы сұрақтар What is her name? What is his name? Where is shefrom? Where is he from? Where are you from? Where are they from? |
1 |
5 |
Жалпы сұрақтар (yes,no) Is he from Kazakhstan?Yes he is. |
1 |
6 |
Сілтеу есімдіктері Demonstrative Pronouns This -That |
1 |
7 |
The possessive case My brother’s name is Omar. |
1 |
8 |
The present simple “have got”, “have” |
1 |
9 |
Pronouns(my,mine,your,yours) |
1 |
10 |
Зат есімнің көптік жалғауы Book,books… |
1 |
11 |
“Can” модальді етістігі Can+Infinitive I can speak English. |
1 |
12 |
Реттік сан есімдер The first,the second, the third… |
1 |
13 |
Осы шақтың жай түрі I read You read He,she reads (singular) We read You read They read (plural) |
1 |
14 |
Present simple I/you/ we/ they read.He/ she/ it reads. |
1 |
15 |
Осы шақтың болымды түрі I / you read. |
1 |
16 |
There is (are) Ther is a sofa. There are sofas. |
1 |
17 |
Countable,Uncountable nouns Rain,water, bread… |
1 |
18 |
Countable, Uncountable nouns How much water is there in the glass? |
|
19 |
“have got,to do,has got to do” I have got to write it. |
1 |
20 |
“have got to do,Has got to do” He has got to write it. |
1 |
21 |
Would you like some juice? |
1 |
22 |
“to go”етістігінің жасалу жолы.
|
1 |
23 |
Present continuous +инфинитив формасы |
1 |
24 |
Present continuous I am going to work. |
1 |
25 |
Questions Would you like some juice? |
1 |
26 |
Present continuous I am walking by the river. |
1 |
27 |
Дауысты дыбыстардың оқылуы Екпінді дыбыстар |
1 |
28 |
Дауысты дыбыстардың оқылуы Екпінсіз буын |
1 |
29 |
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы Ашық буын |
1 |
30 |
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы Жабық буын |
1 |
31 |
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы Ck: black |
1 |
32 |
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы Sh,th,ng… |
1 |
33 |
Test |
1 |
34 |
Corrections. |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Қ
Қолданылған әдебиеттер:
Р Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары«Ағылшын тілі мектепте» журнал 2011 жыл №1
«Мектептегі шет тілі» журнал 2012 жыл №3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген