400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

5-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

2 КЕЗЕҢ

5-СЫНЫП

1. Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып Күн болам! 

Қараңғылықтың кегіне 

Күн болмағанда кім болам?! 

Мұздаған елдің жүрегін 

Жылытуға мен кірермін. 

Еңбек, бейнет тарауы – 

Рақатқа сарқылар. 

Қыздырып күннің қарауы, – 

Надандық теңізі тартылар. 

Орны отайып көгерер, 

Қызығын жайлап ел көрер. 

Тұрмыс, тағдыр – бірі де 

Бұл мақсаттан бұра алмас. 

Қаһарман Рүстем Әлі де 

Бұрам деп жолда тұра алмас. 

Сыланған жардың күлісі, 

Алдандырмас бірісі (С. Торайғыров). 

!? 1. Ақын өлеңіндегі оқу-білім идеясының ерекшелігін жазыңдар. 

2. Өлеңдегі лирикалық кейіпкерге мінездеме беріңдер. 

3. «Қараңғылықтың кегі» тіркесін қалай түсінесіңдер ? Өз ойларыңды 3-4 сөйлеммен жазыңдар.

4. Өлеңге талдау жасаңдар. 

1) өлеңнің тақырыбы; 

2) идеясы; 

3) қоғаммен байланысы, жазылған кездегі, қазіргі; 

4) лирикалық кейіпкер ерекшеліктері; 

5) ақын тілінің көркемдік құралдар қолданысы. 

2. а) Мұздаған елдің жүрегін 

Жылытуға мен кірермін. Жолдарына лексикалық талдау жасаңдар. 

ә) Өлеңдегі өрмелеп, жылытуға, алмас сөздеріне морфологиялық талдау жасаңдар. 

3. «Қазіргі шәкірттердің білім жолындағы ойлары қандай болуы керек?» деген тақырыптаэссежазыңдар. Сөз саны – 50-60 сөз 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі