жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары.
Текті мал – киелі де. Халық аңызында төрт түлікті көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін жебеп-жебелейтін қамқоршы пірлер бар. Олар: түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата), сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата. Балық пен егін де атасыз емес. Балықтың пірі – Қарабай, егін атасы – Дихан баба.
Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұрмыс – тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадір-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды тбынғы, қой мен ешкіні отарға топтастырып (әрқайсындағы мал саны белгілі), әр түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, тағы басқа қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей, бір ізділікпен сұрыптау (селекция) жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген, аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тарпай ерекшелеп Сетер атаған.
Төрт түлікті бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік ьалап ететінін: «Сиыр бақтым- сидаң қақтым», «Ешкі бақтым – еңіреп бақтым», мәтелдері арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізсе, байсалды, мақсатты еңбектің еш кетпейтінін: «Түйе бақтым – түйме тақтам», «Жылқы бақтым - жорғалаттым», «Қой бақтым – қоңырау тақтым» деп мәтелдеп түйген.
Қазақ халқы малды аса жоғары бағалаған. Түйені – байлық, салтанат, жылқыны – сәндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық санаған. Бауыр еті балаларын құлшына сүйіп, өбектеген аналардың біздің халыққа тән жан тебірентер «Айналайыныныа» жалғастырып, төрт түлік төлдерінің атауымен «Ботам, құлыным, қозым, қошақаным» деп сүйсінуінде филисофиялық терең мағына жатса керек.
Қазіргі өркениетті заманда ертедегі ата кәсібіміз – мал шаруашылығы ел экономикасының кейінгі сапына ығысқанмен, тарихи, тұрмыстық және шаруашылық мәні жойылмақ емес. Сондықтан «Құланның құлағына ойнаған» малжалды қазақ ұрпағына төрт түліктің тұқымдық жүйесінен өрбитін атауларын біліп, жадына сақтағына абзал.
көрікті,
сұлу,
әсем
балағаттау
«ВЕЕР»
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
«Даналық ағашы»
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
«Домино - 2»
Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.
Бабаларымыз [b]төрт[/b] [b]түлік[/b]ке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы [b]төрт[/b] [b]түлік[/b] мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.
[b]Төрт[/b] [b]түлік[/b] малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған.
Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.
Қой – [b]төрт[/b] [b]түлік[/b] малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
[b]Төрт[/b] [b]түлік[/b] малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың өз малына салатын таңбасы болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.
Источник: http://www.zharar.com/kz/referat/1959-mal.html
«Бөлмедегі заттар»
Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.
«Броундық қозғалыс»
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
«Былғары қолғап»
Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.
«Бір сөйлеммен түйіндеу»
Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
«Графикалық органайзерлер»
Оқушыларға өзін-өзі бағалауда көмек көрсету үшін графикалық органайзерлерді қолданыңыз.
«Жақсы» сұрақ деп нені айтады?
Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.
Шаршылар
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
Түсініксіз тармақ
Оқушылар өздеріне онша түсінікті емес бір немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал, қалған бөлімнің, алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру жолдарын іздестіреді.
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген