жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты "Мен - өз елімнің патриотымын! "
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы:
«Мен - өз Отанымның патриотымын»
Мақсаты:
-
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
-
Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
-
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: маркер, флипчарт, суреттер, плакаттар
Жүру барысы:
-
Ұйымдастыру.
Тренинг «Жылы лебіз» -шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, жаңа оқу жылына бір біріне тілек айтады.
-
Топқа бөлу(санау арқылы)
Сынып топқа бөлінеді
3. «Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
7.Экспо дегеніміз не? қашан басталды?Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.Бұл халықаралық көрмеге 100-ден аса ел қатысып жатыр.
4 Ой бөлісу
Экспоға барған оқушылардың хабарламасын тыңдау
5 Ой сергіту
Тренинг «Құндылық дегеніміз не?»
6 Мәлімет беру
- 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады? Мәңгілік ел патриоттық актісі
-Иә, балалар, елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.
«Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар, оларды сақтау мен насихаттау идеясы.
«Мәңгілік ел» патриоттық актіден үзінді
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан
-
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.
Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген суреттер арқылы оқушылар белгілі уақыт ішінде постер қорғайды)
2. Ресурс бойынша постер жасау, қорғау.
сұрақтар құру;
–тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу.
О
танды сүю Қазақ тілде сөйлеу
![]()
Салт дәстүрлерді сақтау
Елінің мәртебесін көтеру Жерді қорғау
Дискуссия «Қазіргі заман патриоттары кімдер?»
-
«Мен өз елімнің патриотымын, себебі...» тренингі
Әр оқушы өз елінің патриоты екенін айтып, мысалмен дәлелдеу керек.
Қортынды:
Мұғалім- Міне, балалар, бүгін
өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз
азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж.
Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді
ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың
бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат.
Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік
белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,
Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда
еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз
елдің азаматтары!
№1 жалпы орта білім беретін мектеп



Өткізген: Р.Дюсенбекова
2017 ж.
2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.
«Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар, оларды сақтау мен насихаттау идеясы.
«Мәңгілік ел» патриоттық актіден үзінді
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті құндылығын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
-
Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.
-
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген