400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сыныпқа арналған тест

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып олимпиадасына дайындалу үшін берілген тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

5-сынып



  1. Есептеңіз:

A)

B)

C)

D) 1418

E) 3418


  1. Бақа тереңдігі 25м құдыққа түсіп кетті. Ол құдықтан шығу үшін күніне 5м көтеріліп, 4м қайта түсіп отырды. Бақа неше күнде құдықтан шығады?

A) 21

B) 20

C) 25

D) 5

E) 30



  1. Санды цифрлармен жаз: үш миллион жиырма бес мың алты

A) 302506

B) 325006

C) 3025006

D) 30250006

E) 30025006



  1. Егер цифрлары қайталануы мүмкін болса 0, 1 және 9 цифрларының көмегімен неше үш таңбалы сан құрастыруға болады?

A) 4

B) 18

C) 15

D) 16

E) 20



  1. Егер x:y=60 болса, онда (x:5):(y:2)=?

A) 24

B) 12

C) 150

D) 6

E) 600

  1. Көп қабатты үйдегі пәтерлердің есіктері сыртындағы пәтер нөмірін көрсететін сан қаңылтырдан жасалған цифрлардан тұрады. Егер осы үйде 125 пәтер болса, барлық пәтерлеп нөмірін көрсететін сандар неше қаңылтыр цифрлардан құрастырылады?

A) 263

B) 262

C) 264

D) 265

E) 267



  1. Әселде 15 марка болды, ал Ардақтың маркалары одан 6-ға кем. Алдымен Ардақта неше марка болса, Әсел оған сонша марка берді. Кейін, Әселде неше марка қалса, Ардақ оған сонша марка берді. Егер нәтижесінде балалардың маркалары тең болса, әрқайсысында неше маркадан қалған?

A) 12

B) 9

C) 10

D) 14

E) 11



  1. Екі қаланың арасын велосипедші 12 сағатта, ал мотоциклші одан 2 есе кем уақытта жүреді. Егер олар бір уақытта бір-біріне қарсы жүрсе, неше сағттан кейін кездеседі?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 1



  1. Оқырман бірінші күні кітаптың жартысынан 20 бетке кем, ал екінші күні қалғанының жартысынан 12 бетке кем оқыды. Ол үшінші күні кітаптың одан қалғанының жартысынан 3 бетке кем оқығанда, кітаптың оқылмаған 29 беті қалды. Кітапта барлығы неше бет болған?

A) 128

B) 124

C) 120

D) 96

E) 602



  1. 9 бала 54 алмұрт терді. Олар өзара барлық алмұрттарды сандары әртүрлі етіп бөліп алды. Ең аз алған бала 2 алмұрт алды. Ең көп алған бала неше алмұрт алды?

A) 7

B) 8

C) 9

D) 10

E) 11

  1. Егер m+n=35 болса, (m+26)+(n-7) өрнегінің мәнін тап

A) 35

B) 54

C) 16

D) 68

E) 38



  1. Ағасы қарындасынан 6 жасқа үлкен. 7 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 42 жас болады. Қазір ағасы нешеде?

A) 11

B) 13

C) 15

D) 17

E) 19



  1. Әсем пойыздың басынан санағанда 9-вагонға отырды. Марина пойыздың соңынан санағанда 9-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон болған?

A) 21

B) 17

C) 18

D) 20

E) 19



  1. Ұзындығы 38 см-ге тең АВ кесіндісін С және D нүктелері АС, CD және DB кесінділеріне бөледі. Егер CD кесіндісінің ұзындығы АС кесіндісінен 2 см-ге ұзын, ал DB кесіндісінің ұзындығынан 3 есе кіші болса, АС кесіндісінің ұзындығын тап.

A) 6

B) 8

C) 10

D) 12

E) 13



  1. 2-ге де 3-ке де бөлінбейтін санды тап. 

A) 213423

B) 312565

C) 362457

D) 456880

E) 643202



  1. Ең үлкен санды белгіле: 

A) ЕҮОБ (14,12)

B) ЕКОЕ (12,18)

C) ЕҮОБ (18,6)

D) ЕКОЕ (6,14)

E) ЕҮОБ(14,18)


  1. Егер сыныптағы оқушылар санына тағы сонша оқушы қосса, және тағы алғашқы санының жартысын қосса,100 болады. Сыныпта барлығы неше оқушы?

A) 20

B) 40

C) 25

D) 30

E) 15


  1. Сандық қатар 10 саннан тұрады: 2; 10; 13; 21; 24; 32; 35; 43; ...; 54. Тастап кеткен санды тап

A) 44

B) 45

C) 46

D) 51

E) 53


  1. Қазір баласы 11 жаста, ал әкесі 46 жаста. Неше жылдан кейін, әкесінің жасы баласының жасынан екі есе үлкен болады?

A) 20

B) 21

C) 22

D) 23

E) 24


  1. Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып х-ті тап:

A) 22

B) 20

C) 21

D) 15

E) 25


  1. Есепте:

A) 50068

B) 50065

C) 51068

D) 50058

E) 50067


  1. Ағашты екі бөлікке бөлу үшін 5 теңге төлеу керек. Ал ағашты 10 бөлікке бөлу үшін қанша төлеу керек?

A) 50

B) 25

C) 30

D) 55

E) 45


  1. Үш бұтақта 27 торғай отырды. Бірінші бұтақтан екінші бұтаққа 3 торғай, ал екінші бұтақтан үшінші бұтаққа 2 торғай ұшып барғанда, барлық бұтақтарда торғайлар бірдей болған. Алғашқыда екінші бұтақта неше торғай отырды?

A) 12

B) 8

C) 7

D) 6

E) 10


  1. Есепте:

A)

B)

C)

D) 1

E) 1


  1. 9 бет қағаз болған, оның кейбіреуін 3 бөлікке бөлгенде 15 бет қағаз болды. Қанша бет қағазды бөлген?

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

E) 5


  1. Серік мектепке автобуспен барып, қайтқанда жаяу келеді, сонда барлық жолға

1 сағ 30 минут уақыт жібереді. Егер автобуспен жүрсе 30 минут уақыт жібереді. Егер Серік мектепке жаяу барып қайтса, оған қанша уақыт жібереді?

A) 2 сағат 45 минут

B) 1 сағат 45 минут

C) 2 сағат 15 минут

D) 1 сағат 30 минут

E) 2 сағат 30 минут


  1. Берілген сандар тізбегінің келесі мүшесін тап: 1,5,13,29,61,...

A) 126

B) 125

C) 127

D) 128

E) 130




  1. 13-ке бөлгенде қалдықпен және бөліндісі 17-ге тең болатын ең үлкен

бүтін санды табыңдар.

A) 230

B) 233

C) 223

D) 250

E) 224


  1. Өрнекті ықшамда: 31х+12у+25z-12x-5y-10z

A) 19+7+15

B) 21x+7y+10z

C) 25x+5y+10z

D) 19х+7у+15z

E) 12x-5y-10z


  1. Есепте: 101101*999-101*999999

A) 4

B) 3

C) 2

D) 1

E) 0












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
26.01.2025
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі