Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 сыныпқа Ұстаздар мерекесіне орай өткізілген ашық тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану. Оқушылардың арой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, ақпараттық технологиялар, шарлар,ойынға керекті заттар т.б.
Мұғалім:
-
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым, менің ұстазым!!!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! Баршаларыңызды ұстазар мерекесімен құттықтай келе отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!!!
-
Мектебіміздің тәрбие ісінің мегерушісі: Тусупбекова Гулмира Саветовнаға құттықтау сөз кезегі беріледі.
Ұстаздық өте жауапты мамандық
екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның
да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы
мінез бен ақындықтың да нағыз жанды
өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза,
әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да
болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты,
дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу
керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы,
іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар
тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі
көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық
сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру
саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу
жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің
өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір
сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі.
Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз
Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері
атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет
ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары
құрметке ие екендігінің айғағы.
— Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
— Ыбырай Алтынсарин.
— Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.
1 Ұстазым, менің ұстазым
Еркебұлан:Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ерасыл:
Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы…
Мейрамбек:Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Маншүк:
Шынымен де, мен де осы сөзің
дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Махбал:
Ұстаздар! Қандай ғажап
халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Алдияр:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Нұртілеу Б:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
-
Құттықтау видео ролигі
Дариға:
Ұстазым — Ерлан
Ахмет Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын –
ұстазым.
Көңіл-күйін әркімнің көре
білген – ұстазым.
Бойында бар білімін бере білген – ұстазым.
Ізгілікті нұрларын төге білген – ұстазым.
Әр жүрекке гүл-сезім еге білген – ұстазым.
Шапағатын балаға себе білген – ұстазым.
Баянына бақыттың сене білген –
ұстазым.
Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!
Басыңызға бақ құсы қона берсін,
ұстазым!
Сымбат:
Ваш скромный труд цены не знает,
Ни с чем он не сравним!
И все с любовью величают
Вас именем простым -
Учитель. Кто ж его не знает,
Простое имя это,
Что светом знаний озаряет
Живую всю планету!
Мы в вас берем свое начало,
Вы - нашей жизни цвет,-
И пусть года, как свечи, тают,-
Нам не забыть вас, нет!
Нұртілеу:
I’m happy that you’re my
teacher;
I enjoy each lesson you
teach.
As my role model you inspire
me
To dream and to work and to
reach.
With your kindness you get my
attention;
Every day you are planting a
seed
Of curiosity and
motivation
To know and to grow and
succeed.
-
ХОР: «Ұстазым»
-
Испан биі(Дариға)
-
Көрініс «Сауат ашу»
(Мейрамбек, Нұртілеу Х.,Нұртілеу Б., Ерасыл)
-
ОЙЫН (Мұғалімдермен)
(Еркебұлан)
Ойын. (4 мұғалімді ораға шақырып, партаға отырғызу. Мұғалім кіріп келіп амандасады.)
Құрметті Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көресіздер, осы сәтті пайдаланып, біз де сіздерден сынақ алып көрсек қайтеді?
бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
/Мұғалімдерге гулдер үлестіріледі. Әр гүлдің ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
2. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
3. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
4. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
-
Мұғалімдер туралы слайд
8. Би ---------------------
(5 сынып оқушылары)
9. «Сыр – сұхбат» сұрақтары:
(Махпал мен Алдияр)
Жас журналист пен
оператор
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте
қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса
сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме
едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін
еді?
Жүргізуші: (Жауап берген
муғалидерге смайликтер беру )
- Көп рахмет сіздерге, біздің көкейіміздегі
сұрақтарға жауап бергеніңізге
ризамыз.
10. Ұстаздар туралы ән шашу
МҰҒАЛІМ: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстазым, менің ұстазым» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Сұрақтар:
1. Жел соққанда тау ық бола ма?
----------------------------------------------------------------
2. Теңізде қандай тас болмайды?
---------------------------------------------------------------
3. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
----------------------------------------------------------------
4. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?
------------------------------------------------------------------------------------------------
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
__________________________________________________________
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
__________________________________________________________
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
__________________________________________________________
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
_________________________________________________________
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
______________________________________________________________
№29 орта мектеп КММ
ҰСТАЗЫМ, МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ!!!
5,8 «А» сыныптарына өткізген сынып жетекшісі: Аскер Қ.
2018/2019 оқу жылы