1-тапсырма1. Аялдама сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар? Алматыда зауыт, фабрикалар көп. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Мәлік қысыр сөзге үйір адам екен. Асты сызылған сөз қандай мағынада жұмсалған? |
2-тапсырма1. Үйрек суда жүзіп жүр. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Түп сөзі көп мағына беретіндей етіп сөйлемдер құра. |
3-тапсырма1. Айтылуы мен жазылуында өзгешеліктері бар сөздерді ата. Тұтқа, құлын, ұста, ұғым, өнім, орамал, көбелек, оқыдық. 2. Қара сандықтың ішін ашып қарашы, мүмкін содан табылар. Омоним сөзді тап. Мағыналарын түсіндір. |
4-тапсырма1. Ауылыңыздағы жастардан көркемөнерпаздар үйірмесін құрыңыз. Бірыңғай бітеу буындардан тұратын сөзді тап. Ауылыңыздағы сөзіне фонетикалық талдау жаса. 2. Азайту, барлық сөздерінің синонимдік қатарын тап. |
5-тапсырма1. Біздің ауыл астық жинау жұмысын аяқтады. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталып, үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді тап. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Ауыр, ыстық, ұзақ, алыс, биік, ерте, қалың, жас сөздеріне антонимдес сөздерді қойып жаз. |
6-тапсырма1. Абай даңғылында үлкен кітап дүкені бар. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Аралас буынды сөзді тап. 2. – Төрем, сені атам шақырып жатыр,- деген жеңешемнің дауысы естілді. Тасымалдауға болмайтын жағдай кездесетін сөзді көрсет. |
7-тапсырма1. Ораз Жандосовқа Алматы қаласының ортасынан үлкен ескерткіш орнатылды. Бірыңғай ашық дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді тап. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Ақлима – ауызы жеңіл әйел. Эвфемизмді тап, түсіндір. |
8-тапсырма1. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек жаз. Қайық, құрлық, кендір, ауыздық, өндіріс, тұзақ, тілу, туыс, үні, ұйқы, өткір, орман, теңіз, қасқыр, қырман, жеміс. 2. «Тәуелсіз» деген сөзге синонимдік қатар жаса. |
9-тапсырма1. Адам өмірінде орманның маңызы зор. Сөз ішіндегі бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстар келген сөзді тап. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Сөйлемнен көнерген сөзді тап. Қай түрі екенін айт. Исатай жасағы айбалта, найза сияқты қарапайым қару-жарақтармен қаруланған. |
10-тапсырма1. Жұмысшылар жұмыстан сағат бесте қайтты. Үндестік заңы кездесетін сөздерді тап. Үндестіктің қай түрі, дәлелдеп түсіндір. 2. Әуежайда жолаушыларды ұшаққа отырғызу үшін құжаттарын, жүктерін тексеру жұмысы жүргізіле бастады. Жаңа сөздерді (неологизмдерді) тап. |
11-тапсырма1. Бүгін кешке Асандікіне өнерпаз жастар бас қосып, бастаңғы жасамақ. Буын үндестігі заңына бағынбай тұрған қосымшалары бар сөздерді көрсет. 2. ҰБТ-дан 125 ұпай жинаған Мәдидің қуанышы қойынына сыймай, аспанға секіріп жүр. Тұрақты сөз тіркесін тап. |
12-тапсырма1. Жүсіпбекке «Тойға шақырып жатыр» деп сәлем айтып бар. Үндесу заңдылығы кездесетін сөздерді тап. Қай түрі, дәлелдеп түсіндір. 2. Құрапатта бірге бас қосып отырыпты. Диалект сөзді тап. |
13-тапсырма1.Түнгі самал жел егін басын тербейді. Үндесу заңдылығы кездесетін сөзді тап. Үндестік заңының қай түрі? Дәлелдеп түсіндір. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 2. Жасуша, теңдеу, рельеф, синтаксис, реакция, натюрморт, кейіптеу. Берілген сөздер лексика саласында қалай аталады? |
14-тапсырма1. Досжандар бүгінгі күнді асыға күткен еді. Сөйлемнен үндесу заңдылығы кездесетін сөздерді тап. Дәлелдеп түсіндір. 2. Қауынның пәлегін су басып қалмас үшін қайыру керек. Кәсіби сөзді тап. |
15-тапсырма1. Бозжігіт, Орынбай, ақ үй, әлдеқалай, боз көде, қызыл күрең, отыра қал. Біріккен сөздер, сөз тіркесі, сөз ішіндегі ықпалдасу заңдылығын түсіндір. Дыбыс үндестігінің қай ықпал түріне жататынын ажырат. 2. Ерінбеген етікші болар. Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы. Берілген мысалдардың қайсысы мәтел, қайсысы мақал? |
16-тапсырма1. –Түу, сендер дабырлайтындай соншалық не боп қалды, а? Үстеудің қай мағыналық тобына жатады? 2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атап бер. |
17-тапсырма1. Қай, қайсы деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқаратын есімдіктің түрі қалай аталады? 2. «Алпамыс тасты қағып алып, салмақтап қайта лақтырып жіберді» деген сөйлем сабақтастың қай түріне жататынын ажырат. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5 сынып.Қазақ тілі пәнінен дайын 17 үлестірмелі материал

шағым қалдыра аласыз