Материалдар / 5-сыныптарды "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау рәсімінің сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сыныптарды "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау рәсімінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, арманы асқақ, жандары жайсаң халайық!

1-жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөсіпірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің  Жас Ұланы.

 2-жүргізуші:       

Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

1-жүргізуші: 

Достықтың мекенісің – Қазақстан,

Бауырдай жүз жиырма ұлт – тіл табысқан.

Мерекең құтты болсын, дүйім жұртым,

Бірлік пен татулығың мың жарасқан.

 2-жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті халқымыздың әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

 1-жүргізуші:

Ашқандай боп жыр күмбездің сарайын

Жүректерге жалын отын жағайын.

Тәуелсіздік желбіреткен байрағын

Бірлік күні құтты болсын ағайын.  

2-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.

 

1-жүргізуші: Бұл күн – ынтымағы жарасқан, ұлан байтақ даламызда ұлттардың бірлігі асқақтап, достығы нығайған күн.

 2-жүргізуші:  Бүгін  – бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні, Тәуелсіздік күні. Көпұлтты егемен еліміздің  ұландары Республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, өз елінің патриоты екендігін дәлелдемекші.

1-жүргізуші: Ұйымға қабылданар әр оқушыға үлкен міндет жүктеледі. Олар туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға ант береді.

Ендеше, Республикалық бірлестік «Жас ұлан» ұйымына қабылданар оқушыларды қошеметпен қарсы алайық!

(Сахнаға 2 және 5-сынып оқушылары кіреді)

2-жүргізуші: №80 «Машат» жалпы орта мектебінен «Жас Қыран» ұйымына 22 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 17 оқушы қабылданғалы отыр.

1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

2-жүргізуші:

Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет-сезімін ояту болып табылады.

 1-жүргізуші:

Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз

Бабаларды еске алып ержүрек!

2-жүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ОЙНАЛАДЫ

 2-жүргізуші: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы салтанатты жиынға енгізілсін!

 1-жүргізуші:

Арайлап атқан таңы күншығыстан,

Қарсы алам көзімді алмай таңды алыстан,

Отаным, ынтымағың қымбат маған.

Жас Ұлан, Нұрсұлтан мен Қазақстан!

 2-жүргізуші:

Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!

1-жүргізуші: Мектебіміздің биші қыздары орындауында «.................» биін тамашалаңыздар!

Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымы!

Ұйым басшысы ортаға шығады, баянат береді:

Ұйым басшысы: «Жас Ұлан»түзел, тік тұр!

                             –  Ұйымның аты

  • 5-сынып оқушылары: «Жас Ұлан»

  • 2-сынып оқушылары: «Жас қыран»

Ұйым басшысы:

«Біз...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Ұйым басшысы:

«Ұранымыз»

Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

Ұйым басшысы: Мектеп тәлімгері Сатыбалдиев Зафар Назыржанұлы «Жас ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайын.

Баяндап тұрған Ұлан басшысы Исаев Шахрух.

Тәлімгер: Баянат қабылданды. Еркін тұр!

Құрметті мектеп директоры Ибрагимов Данияр мырза!

80 «Машат» жалпы орта мектебі 2-5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелеріне туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсімін бастауға және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйым мүшелерінің АНТЫН беруге рұқсат етіңіз.

Мектеп директоры: «Рұқсат»

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Мектеп директоры: Ибрагимов Д.

Оқу ісі меңгерушілері: Турсуналиев У., Сайдаев М.

Тәрбие ісі меңгерушілері: С.Тажибаев, Г.Хамракулова

Жібек жолы ауыл әкімшілігінен келген қонақтар:

(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізушілер оқушылар туралы айтып тұрады)

1-жүргізуші:

2-сыныптың үздік оқушысы - Турдиниязова Асал

2-сыныптың үздік және тәртіпті оқушысы – Адилжанова Севинч

2-сыныптың тәртіпті оқушысы – Тажибаева Сабрина

2-сыныптың көңілді оқушысы – Касымбеков Умарбек

2-жүргізуші:

5-сыныптың үздік оқушысы – Қасимбекова Умида

5-сыныптың тәртіпті және үлгілі оқушысы – Хусаинова Назмина

5-сыныптың көңілді оқушысы – Рахмантаева Розалина

5-сыныптың сыпайы оқушысы – Султанова Унсуной

1-жүргізуші:

2-сыныптың белсенді қатысушысы – Рахмантаева Сабрина

2-сыныптың тәртіпті оқушысы және мектебіміз бишісі – Нартаева Мехрибон

2-сыныптың әнші жұлдызы – Ташалиева Мухлиса

2-сыныптың ең әдемі оқушысы – Ирсалиева Мадина

2-жүргізуші:

5-сынпытың тәртіпті және үздік оқушысы – Абдукаримов Асадбек

5-сыныптың үлгілі оқушысы – Давранова Суғдиана

5-сыныптың үздік және көңілді оқушысы – Ирсалиева Жасмина

5-сыныптың сыпайы оқушысы – Алимов Бекзад

1-жүргізуші:

2-сыныптың ең мейірімді оқушысы – Акрамова Руқия

2-сыныптың еңбекқор оқушысы – Бердикулов Аброр

2-сыныптың ең тәртіпті оқушысы – Солибеков Асадбек

2-сыныптың сыпайы оқушысы – Ахмеджанова Зайнаб

2-жүргізуші:

5-сыныптың ең мейірімді оқушысы – Анартаева Умида

5-сыныптың еңбекқор оқушысы – Ахметов Даниал

5-сыныптың үлгілі оқушысы – Ахметжанова Шахноза

5-сыныптың сыпайы оқушысы – Каримов Шахзод

1-жүргізуші:

2-сыныптың тәртіпті оқушысы – Азатбекова Райхона

2-сыныптың жақсы оқитын оқушысы – Анаркулова Райханай

2-сыныптың ең тәртіпті қызы – Касымбекова Гулминур

2-сыныптың ең көңілді оқушысы – Абдуллаева Шодиена

2-жүргізуші:

5-сыныптың оқырман оқушысы – Канаев Суннатилла

5-сыныптың ең тәртіпті қызы – Назарова Райхона

5-сыныптың ізденімпаз оқушысы – Юлдашев Дастан

5-сыныптың үлгілі қызы – Шазимова Малика

1-жүргізуші:

2-сыныптың сыпайы оқушысы – Каримов Самат

2-сыныптың белсенді оқушысы – Ахназарова Аделя

2-сыныптың ең тәртіпті қызы – Қиличбекова Тахмина

2-сыныптың тәртіпті оқушысы – Ханалиев Абдуллах

2-жүргізуші:

5-сыныптың белсенді оқушысы – Салиев Исламбек

5-сыныптың тәртіпті оқушысы – Анаркулова Юлдуз

2-сыныптың сыпайы оқушысы – Ханалиева Нафиса

2-сыныптың тәртіпті оқушысы – Алметова Роза

1-жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

 2-жүргізуші:

Азат елде самғайтұғын қыранбыз,

Тек жеңіске ұмтылатыр ұланбыз!

Қазақстан патриоты – мына біз,

Әлі талай биіктерге шығамыз!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

«Жас Қыран» ұйымы мүшесі: Қурбантаева А.

«Жас Ұлан» ұйымы мүшесі: Қасимбекова У.

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________,  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

2-жүргізуші: «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданған оқушыларды құттықтау үшін сөзді ю80 «Машат» жалпы орта мектебі директоры Ибрагимов Данияр мырзаға беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)

Мектеп! Тік тұр! «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы салтанатты жиыннан шығарылсын!

1-жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

2-жүргізуші:

 “Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді

 “Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды

 “Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді

 “Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады

 “Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады

 “Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

1-жүргізуші: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтау үшін кезекті .....– сынып оқушысына береміз. Ән.

2-жүргізуші: Жарқын болашаққа  қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! Бірлігіміз берік, ынтымағыз нық болсын!

Сіздерге оқуда алда болып, егеменді Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуыңызға шын жүректен тілектеспіз! Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда! Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер.

 Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

 1-жүргізуші:  Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдану рәсімін жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!