жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5 сыныптарға математика пәнінен сайыс сабақ "Математика - ақыл-ойдың әуені"
Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамыту
Әрбір ұстаз- ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды.
Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату мұғалімнің міндеті.
Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.
Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.
Дарынды балалардың ерекшеліктерін танып, білу арқылы олардың қабілеттерін дамыта білуіміз керек.
Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Пәнге қызығушылығын үнемі арттырып, зеректілігін, ойлау қабілетін сабақ барысында дамытамыз.
Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай, әр баланың ой-өрісін дамыту, келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі.
Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.
Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.
Тақырыбы: «Математика ақыл – ойдың әуені» атты сайыс сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық: Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, компьютер
Түрі: сайыс сабақ
Сайыс сабағының барысы:
Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Мектебімізде математика апталығы болып жатыр.
ІІ:
Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс
ғалымы М.Ломоносов
« Ақыл-ойды тәртіпке
келтіретін –математика, сондықтан да
оны
оқу керек, »- деген. Олай болса,
бүгін сендер қызықты,
математиканың
жұмбақты да, тартымды әлемімен
танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің
қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне
көз жеткізесіңдер.
І: Сайыста сендерге
әр түрлі қызықты сұрақтар мен
тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу
үшін сендер белсенділік танытып,
берілген
сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып,
жауап берулерің
керек және тапсырмаларды
дұрыс орындауларың қажет.
ІІ:
Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан
сайыс кезінде өте
ұқыпты, ойларың
жинақталған болу керек және тәртіп
сақталғаны
жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың
жоспарымен танысыңдар:
1) « Кел,
танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен
танысу)
2 «Кім жылдам?»
3)
Топтық сайыс
4) Сергіту сәті
5) Топ басшыларының сайысы
6) Математикалық
фокустар
7) Қорытындылау.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып «Математика ақыл – ойдың әуені» атты танымдық ойынымызды мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.
1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
1-бастаушы: Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе...
2-бастаушы: Ал көңілді жас достар
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
1-бастаушы. Есептен сайысады үш команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
І.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен
ќарап, кейде шешер шиені.
Жақсы
сөзге жан семірер қашанда
Жолданады
сайыскерлер сәлемі.
Сонымен,
сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін
жолдайды
ІІ. Логикалық сұрақтар.
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің есігін ашты, көзін тауып
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Жас достар, зерделікпен меңгеріңдер.
Кім жылдам?
Әр топқа 10 есеп сұрақ қойылады. Әрқайсысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бере алмаса басқа команда жауап береді.
Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы,қос баласы
Әжесі мен немере
Бір-бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?
(Әжесі,шешесі,немересі)
2. Қанша қалтам?
Өзімде бар сан қалта
Арт жағымда бір қалта
Жейдеде бір төс қалта
Пиджакта екі іш қалта
Бір төс қалта және бар
Сонда есепте, кәне ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы пальтом бар
Онда да бес қалтам бар? (10)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем . (аксиома)
Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
7 . Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
8. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
9.Білгенің бір тоғыз, білмегенің ----------------тоқсан тоғыз.
10. 180 – қа тең бұрыш қандай бұрыш не деп аталады? (жазыңқы)
1. Атам, әжем, ағам мен
Әкем, інім, және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі,
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем келді майысып,
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта ғой,
Үйдегі бар кісінің? (8)
Үш бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Екеуін бер бер апаңа,
Біреуін бер папаңа
Қалады сонда қанша алма. /12/
Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай?
(натурал сан)
4.Алдыңа бір қарасаң, артыңа -------- қара
5 . Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (төрт)
6. Түзудің екі жағынан шектесек қандай фигура пайда болады? (кесінді)
7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
8. Екіге бөлінбейтін сан қандай сан деп аталады? Тақ
9. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)
10.. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле. (биссектриса)
1. Бір – бірімен жарысқан
5 аю, 2 арыстан
2 қой мен 3 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 12/
2. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болады, қолда бары? / 6 /
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер)
4 . Тік бұрыштың шамасы неше градус?
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
6.Жалқаудың екі досы бар, бірі -ұйқы, екіншісі- ----------күлкі
7. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
8. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр түзулер)
9.
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар
түзу. (жанама)
10. 64 нешенің квадраты ?
Жұмбақ есеп
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгімені айтады. Әкесі жеті жасар Саятты базарға жұмсапты . Оған бір тиын беріп : «Үш нәрсе сатып әкел», – депті.Саят базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.
Балам – ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, – депті әке.
Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе ,- депті сонда бала.
Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.
Саят әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен?
ІІІ) Топтық сайыс
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де-
ІV) Сергіту сәті
Ақыл ойлар әлемді арбап алды
Математика ақыл ойдың әуені
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
V) Топ басшыларының сайысы
Топ басшылары теңдеу шешу бойынша сайысқа түседі.
VI) Математикалық фокустар
VII)
Қорытындылау.
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс,мың- мың рахмет!
Бағалау парағы
р/с |
Сайыстың тақырыбы |
|||
1 |
« Кел, танысайық!» |
|||
2 |
«Кім жылдам?» |
|||
3 |
Топтық сайыс |
|||
4 |
Топ басшыларының сайысы |
|||
5 |
Сергіту сәті |
|||
6 |
Математикалық фокустар |
|||
7 |
Қорытындылау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген