400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№5 ясли бақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтары мен тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топ: «Көгершін» мектепке даярлық тобы

Білім саласы:Шығармашылық

Оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: Жануарлар әлемі. «Ақ қоян»

SMARTмақсаты: Аққоянның суретін салуда түрлі техниканы дербес қолданады.

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы таң!

Біз нәзік қыздармыз.

Қайырлы таң!

Біз ержүрек ұлдармыз.

Түрлі пішіндерді балалар өздері қалағаны бойынша таңдап алады.

Сол бойынша топқа бөлініп отырады. «Бала үні» ескеріледі.

Жұмбақ жасыру:

Жылқыны қарына қыстырып,

Түйені ерніне қыстырып,

Есекті құлағына қыстырып,

Қасқырды ат қып мініп,

«Әйт!» дегенде жүре берген. ( Қоян)

Ақ қоян туралы мәлімет беру.

Қояндар шөл-шөлейтті,орманды далада мекендейді.Өсімдіктермен қоректенеді.Қоянның құлағы ұзын,құйрығы қысқа болып келеді.Алдыңғы аяқтары қысқа,артқы аяқтары ұзын болады.Тісі өткір.Қоянның көздері басының ортасында емес, екі жағында орналасқан.Түстері өзгеріп тұрады.Жаздағы сұр қояндар түсін аққа өзгертеді.Олар қыста қалың қардың астында тығылып жатады.

1.Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын:

Ойын шарты: Педагогтың жетекшілігімен 1-топ майшаммен; 2-топ өшіргішпен, 3-топ саусақпен салады. Әр топ салған суреттерін «Галлерея»әдісі бойынша таныстырып,көрсетіп, шығармашылық бұрышына іледі.

Тиімділігі: Өздері қалаған ресурстарынан ақ қоянның суретін дербес тәсілдермен салды. 4К моделі,креативті,командалық жұмыс дағдылары көрініс табады.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Галлерея» әдісі

Саралау түрі: Ресурстар арқылы саралау, қызығушылық мүдде, нәтиже арқылы саралау

Сергіту сәті:

2.Құрылымдалған ойын:

Ойын шарты: Суреттерге қарап, қоян туралы ертегіні атайды және қоянды құрастырады,азығын тауып,қоршап белгілейді.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Диірмен» әдісі бойынша әр топтан спикерлер таныстырады.

Саралау түрі: Қызығушылық мүдде, Диалог, Ресурстар арқылы саралау

Тиімділігі: Бала бойында 4К моделінің сыни ойлау,коммуникативті дағдылары қалыптасты.Бір-біріне өз жұмыстарын таныстыру арқылы сөздік қоры дамыды.

Кері байланыс:

- Балалар бүгін сендер ненің суретін салдыңдар?

-Қоянның суретін қандай тәсілмен салдыңдар?

-Қоян туралы қандай ертегілер білесіңдер?

-Қояндар немен қоректенеді?

3.Еркін ойын:

Ойын шарты: Блум текшесімен жабайы аңдарды құрастырады.

Саралау түрі: Ресурстар арқылы,қызығушылық мүдде

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі