400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5сынып жаңа сабақ Біріккен сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріккен сөздер Мағынаны ажырата білуге сөздердің жазылуы мен әріптердің орын тәртібін қарасытырады. Біріккен сөздер сөйлеу барысында дыбысталудың мағынасын қарастырады. Сөйлеу мәдениетін ретке келтіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалім: Бисенбиева Маржан Айтмағанбетқызы

Сынып: 5 «б»


Сабақтың тақырыбы: «Біріккен сөз»

Мақсаты:

1. Білімділік: Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, білім, біліктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін және сөздік қорларын дамыту.

3.Тәрбиелілік: Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, «Венн» диаграммасы, Блоб ағашы т.б.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу

Жаңа сабақты қалыптастыру

Қазақ тілім, өз тілім – ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлейтін дана тілім,

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

- Елбасы, Үшағаш,Нұрсұлтан, Елорда сөздеріне мұқит қараңыздаршы, қандай сөздер деп ойлайсыздар оқушылар? - Біріккен сөздер. Жоғардағы сөздерді пайдалана отырып қысқа мәтін құрастырыңыздар. Әр оқушы жеке орындайды.Орындап болған соң, дәптерлеріңізді көршілеріңізбен ауыстырыңыздар. Өзара бір – біріңізді бағалаңыздар.

-Біріккен сөздер дегеніміз не?

Ереже:

- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.

-Екі немесе одан көп сөз бірігіп ,бір ұғымды білдіреді,бір сұраққа жауап береді.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

1.Жер- су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.

2.Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі

Бүгінгі жаңа сабақта әртүрлі сұрақтарға жауап іздейміз және біріккен сөздердің жазылуы туралы мәліметер аламыз.

Қызығушылықты ояту:1. Гүл + жан,Гүл + жайна, Гүл + бақыт,гүл + десте 
Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе. 

Сергіту сәті

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Сәлем деймін достарға Сәлем барша ұстазға Тату болсын халықтар, Аман болсын балалар.

Тапсырма. Бірікке сөздерді қолдана отырып бір-бірлеріңе ауызша тілек айту.

Shape1 Shape2 Нұр Бақ

Shape3

дәулет



Shape5 Shape4

Ес Жан






Тапсырма: ақсүйек, тоғызқұмалақ, итмұрын, ханталапай, көзжуа, ақбөкен, қосаяқ, жолбарыс, егеуқұйрық, түйеқұс, қарақұрт, бәйшешек, қырыққабат, түймедақ, алабота секілді сөздер қолдана отырып өзара бағандарға бөліп жазыңдар.


Бекіту.

Ендеше, алған білімімізді «Венн» салыстыру арқылы дәлелдейік.

Shape7 Shape6

Кіріккен сөздер

Біріккен сөздер












Қорытынды.

-Балалар біз бүгін не үйрендік?

-Біріккен сөз дегеніміз не?

Бағалау.Блоб ағашы арқылы өзін- өзі бағалау.

Үйге тапсырма. Аңдар, өсімдіктер, жер, су аттарына байланысты біріккен сөздерді тауып жазып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі