400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6.3 В-бөлім. Компьютерлік ойынды құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты.

6.3 В-бөлім. Компьютерлік ойынды құру


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С


Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ойынды әзірлеу барысында қандай компоненттер қолданылады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.3.2.1-есептің шешімін кезеңмен талдау

6.3.2.2-блок-схема түрінде алгоритмді ұсыну

Сабақтың мақсаты

Барлығы: ойынды әзірлеу барысында есептің шешімін кезеңмен жіктеу және блок-схема түрінде алгоритмді қолдану

Көпшілігі:компьютерлік ойынынның безендіру үрдісін көрсету.

Кейбіреуі: скриптілерді қолдана отырып өз жобаларын әзірлеу.

Бағалау критерийі

Scratch программасында есептің шешімін кезеңмен талдайды. Ойын ортасында блок-схема түрінде алгоритмді құрастырады.

Ойын программалау ортасында компоненттерді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Scratch программалаау ортасы, скриптер, сценарий, блок-схема, кейіпкер, алгоритм, есептің шешімі, нысан, компоненттер.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

......- ойнауға арналған компьютерлік программа

......- ойын барысында жүзеге асырылатын командалар тізбегі

......- кез келген ойынның маңызды шығармашылық бөлігі

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Пəнаралық байланыс

Математика – өлшемге байланысты

Алдыңғы білім

Scratch программалау ортасында скриптілермен, сценарий жасалу жолдарын біледі

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин















5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Комплименттердің бұрқасыны» әдісі.

Оқушылар бір парақ қағазға өздерінің ұнаған комплиментін жазады. Комплименттер толық сөйлем түрде жазылуы керек. Жазып болған соң, парақтарын домалатып, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек.

Бір-бірден «Қар домалағын» ашып оқиды.


Топқа бөлу.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Конверт ішіндегі сөздерді оқушылар алады.



Ширату жаттығулары.

«Жұбын тап» әдісі.

Мақсаты: Алдыңғы білімді тексеру.

Тапсырма. Блок-схемаларды іс-әрекеттеріне қарай сәйкестендір.


Қалыптастырушы бағалау: « Кемпірқосақ» әдісі

Мақсаты: Ауызша кері байланыс арқылы оқушылар тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз аты-жөндері жазылған стикерлерді жабыстырады. Ең төменгі күлгін түстен жоғарыда орналасқан қызыл түске стикерлерді жабыстыру арқылы өздерінің сабаққа деген түсінігі мен көңіл-күйін білдіреді.





Ақ парақ қағаздар





Алгоритм, блок- схема, скрипт сөздері жазылған үлестірмелер


https://learningapps.org/display?v=pcgz1jo6j18

аты: Блок-схема










Кемпірқосақ суреті, стикерлер

https://go.mail.ru/search_images?q=радуга%20картинки&fm=1&frm=alqs#urlhash=6160381534963401383

Сабақтың ортасы

25 мин



































































3 мин

Жаңа білім

«Миға шабуыл» әдісі.

Мақсаты: оқушының белсенділігін дамыта отырып, алдыңғы тақырыптарды қайталау барсында жаңа тақырыпқа бағыттау әдісі.

(Ж,Т) Сұрақ: Scratch программалау ортасында сахна дегеніміз не? Скриптілер дегеніміз не? Ойынды әзірлеуге қандай компоненттер қолданылады?

Қалыптастырушы бағалау: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

Мақсаты: тапсырманы белсене орындай отырып, оқушылар ойларын бір ғана сөйлеммен жинақтақтайды.


Тапсырма 1.

«Пазл» әдісі.

Мақсаты: Сыни тұрғыда ойлана білуге дағдыландыру. Ойлау дағдыларын талап ететін көлемді ашық сұрақ шешімін таба отырып, берілген тапсырманы орындау.

Саралау тәсілі: қарқын, диалог және қолдау көрсету

Бағалау критерийі: блок-схемалардың іс-әрекеттерін ескере отырып, берілген тапсырмаға блок-схема құру.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: түсіну, қолдану

Тапсырма.

(Т) Блок-схема қиындыларын қолдана отырып, кез келген екі санды қосуға арналған есептің блок-схемасын құрыңыз.


Басы







а,b







c=a+b





c






Соңы





Дескриптор

- Есеп шешімі үшін блок-схеманы рет-ретімен орналастырады.

- Алгоритм нәтижесін жазады.


Қалыптастырушы бағалау: «Құрастыр, одан кейін жауап бер!»

Мақсаты: оқушылар берілген тапсырма бойынша ойларын жинақтайды, топпен ойларын бөліседі.


Сергіту сәті. Көз жаттығулары(Видео)


Тапсырма 2.

«SMART (ақылды мақсат)» әдісі.

Мақсаты: берілген тапсырманы орындау арқылы оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу, тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Саралау тәсілі: қарқын, дереккөздер.

Бағалау критерийі:

Ойын ортасында жобаны құрады, нәтижесін сақтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері қолдану, жинақтау.

Тапсырма.

(Ж) Scratch программасында берілген ойынды құрыңыз. Ара-математик.

Ара мектепте оқиды. Математика пәнін жақсы оқып, математик болды. Берілген программада

айнымалылар қолданылады.

Ойын құру алгоритмі:

  1. Айнымалылар құру үшін қызғылт блок –айнымалылар блогында орналасқан «айнымалылыларды құру» батырмасын басыңыз.


  1. Айнымалыға ат беріңіз. Мысалы, «x»


Әрдайым «Барлық объектілер үшін» таңдауын қалдырасыз.

  1. х айнымалысы және бірнеше айнымалылар блогы пайда болады.


  1. Екінші айнымалыны құрыңыз.


  1. Егер айнымалылардың жанында белгі тұратын болса, экранда айнымалылар мәні пайда болады.

Айнымалылар – компьютердің жад ұяшығында сақталады. Егер сіз х айнымалысына «0 –ді қойыңыз» блогын қолдансаңыз, онда айнымалы нөлді сақтайды.


Берілген блокты өзгерткенге дейін х айнымалысы сақталынып қалады.

  1. Х айнымалысы блогын «1-ді қойыңыз» блогына ауыстырғанда, а айнымалысы 1-ді сақтайды.


Егер «а блогын 10-ға өзгерт» блогын қолдансақ, онда айнымалы 11-ге тең болады.

  1. Операторлар блогынан «қосу амалын орындайтын» блокты қолдана отырып, келесі скриптілерді орнатыңыз.

  1. Программа нәтижесін сақтаңыз.


Дескриптор

- Ойын программалау ортасында жобаны құрады;

- Скриптілерді орынды қолданады.


Қалыптастырушы бағалау: «BLOB TREE» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар берілген тапсырманы орындауда жаңа білімді қаншалықты түсінгендігі туралы бағалау.

















парақ, қарындаш, қалам













Блок-схема салынған қағаз қиындылары
































https://go.mail.ru/search_video?sbmt=1529349211367&fm=1&q=сергіту+сәті+көз+жаттығулары+информатика&d=1605579803&sig=533864cf4e&s=Youtube














































































































Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

«Көңіл күй» букеті әдісі.

Оқушылар гүлдерді вазаға салады. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

Қызғылт түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс– барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс– барлығы жақсы.


Үйге тапсырма.

Scratch программалау ортасында құратын ойын ойластырып келу, блок-схемасын құру.


Плакат, стикер,

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма 1 блок-схема құруда оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқушылар тапсырманы әр түрлі жылдамдықта орындауы мүмкін. Берілген тапсырманы қалай орындалуын түсіндіруін қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі.Оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін  ескере отырып, диалог және қолдау көрсету тәсілдерін қолданамын. Блок-схеманы алгоритм бойынша құру қиынға соғуы мүмкін. Берілген тапсырманы орындауға бағыттау үшін бірнеше сұрақтар қою арқылы шығуға болады. Қойылған сұрақтардың жауабына қолдау көрсету арқылы ынталандыру маңызды болып табылады.

Қабілеттері жоғары оқушыларға ойын программалау ортасында жасалатын тапсырмаларды қолданамын.

Қабілеттері жоғары оқушыларға ойын программалау ортасында жасалатын тапсырмаларды қолданамын.

Алдыңғы білімді тексеруде

«Кемпірқосақ» әдісінде ауызша кері байланыс арқылы оқушылар тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз аты-жөндері жазылған стикерлерді жабыстырады. Ең төменгі күлгін түстен жоғарыда орналасқан қызыл түске стикерлерді жабыстыру арқылы өздерінің сабаққа деген түсінігі мен көңіл-күйін білдіреді.

Тапсырма 1-ді орындау барысында «Құрастыр, одан кейін жауап бер!» Мақсаты: оқушылар берілген тапсырма бойынша ойларын жинақтайды, топпен ойларын бөліседі.

«BLOB TREE» әдісі арқылы тапсырма 2-ні бағалаймын.

Мақсаты: Оқушылар берілген тапсырманы орындауда жаңа білімді қаншалықты түсінгендігі туралы бағалау.


Сергіту сәті кезінде оқушылар көз жаттығуларын жасайды. Компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, жалпы қауіпсіздік талаптарын орындау

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі