Материалдар / 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2024
79
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуандығы

6-сабақ.

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:

Кайбылдаева А.Т

Күні:


Сыныбы:6А.Ә.Б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың сан алуандығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар өсімдік пен жануар түрлерін анықтау үшін организмдердің өзіне тән ерекшеліктерін пайдалануды үйренеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Түр дегеніміз не, ол қандай белгілермен сипаттады?


2. Өсімдік немесе жануарлар түрлерін анықтау үшін арнайы

анықтағыштарды қалай пайдалануға болады?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

35 мин.



1-тапсырма.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1. Жануарлар басқа тірі организмдерден тәуелсіз тіршілік етуі мүмкін

бе, қалай ойлайсың? Есіңе түсір, қандай жанды табиғат патшалықтары бар? Осы патшалық өкілдеріне мысал келтіреді.


2. Жүйелеудің берілген мысалдарын мұқият қарайды. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде екендігін анықтайды.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Тапсырманы сипаттап түсіндіреді.

- Айырмалықтарын айтып береді.


Оқулық, жұмыс дәптері



2-тапсырма.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Түр дегеніміз не? Өздері тұратын жерде кездесетін өсімдіктердің, жануарлардың және өзің білетін саңырауқұлақ түрлерін атайды


2. Нұсқаулық негізінде анықтағыш карточкада көрсетілген өсімдік түрін анықтайды.


Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Суретті пайдалана отырып. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындайды.

-сұрақтарға жауап береді.

ДК






3-тапсырма.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

МЕКТЕП ТЕЛІМІНДЕ ҚАНДАЙ ӨСІМДІК ПЕН

ЖАНУАРЛАРДЫ КЕЗДЕСТІРУГЕ БОЛАДЫ

(ЭКСКУРСИЯ)

1. Мектеп телімінде өсетін ағаштар мен бұталарды анықтайды. Олардың жалпы көрінісін, жекелеген бұтақтарын ірі етіп суретке түсіреді.


2. Ағаш пен бұталардың санын анықтайды (түрі бойынша). Қандай түр көбірек?


3. Е.Г. Куликованың әдісі бойынша (төмендегі қосымшаны қара) ағаштар мен бұталардың жай-күйіне баға береді.


4. Мектеп телімінде кездесетін шөптесін өсімдік түрлерін анықтайды.

Олардың жалпы көрінісін анық көрінетіндей ірі етіп суретке түсіреді немесе суретін салады.


5. Экскурсия кезінде қандай жануарларды кездестірдің? Олардың жалпы көрінісін анық көрінетіндей етіп үлкен суретке түсір немесе

суретін салады.


6. Мектеп телімін жақсарту бойынша ұсыныстарыңды енгізеді. Қандай табиғат қорғау жұмысын сен өздігіңнен орындай алатыныңды көрсетеді.

Қосымша. Сыртқы белгілері бойынша өсімдіктің жай-күйін көзбе-көз бағалау шәкілі (Е. Г. Куликова) (кесте).


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Экскурция тапсырмаларын орындайды.


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!