400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6- сынып Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспар ұстаздарға керек. сабақты жаңа мазмұнда әр түрлі тәсілдерді қолданып өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

Мектеп: Ақсай қаласының №7 ЖОББМ

Күні: 16- қаңтар

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова Қ.Ж

Сынып: 6 «а»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Деректі талдап, Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігіне баға береді;

Шыңғыс ханның жаулап алған қалаларын картадан көрсетеді.

Бағалау критерийлері


Білу және түсіну: Отырар қаласы ортағасырлық кезеңде маңызды қала болғандығын түсінеді;

Сыни ойлау мен талдау: Отырар өркениетінің биік белеске шығуымен құлдырауға алып келген себеп-салдарын талдайды;

Бағалау: Отырарлықтардың ерлігіне баға береді.

Тілдік мақсаттары

Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);

Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);

Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Жасақ, жаулап алу, «Отырар апаты», жорық, шайқас

Құндылықтарды

дарыту


Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- өз елі үшін мақтаныш

Пәнаралық байланыстар

«Дүние жүзі тарихы», «Өнер», «Әдебиет» пәндері

Бастапқы білім

Моңғол мемлекетінің құрылуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


-Сәлеметсіздер ме, балалар! Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалайтын әр адам да болуы шарт 4 ананы қайталап өтсек:

Түп қазығы, айбыны – туған жері

Мәңгі өнеге айдыны – туған тілі

Жан байлығы, тірегі - салт-дәстүрі

Қадамына шуақ шашар үнеміі – туған тарихы.

Дұрыс айтасыңдар,олай болса біз бүгін қадамымызға үнемі шуақ шашар тарихымызға тағы бір шолу жасаймыз.

Өткен сабақта Моңғол мемлекетінің құрылуын өткен болатынбыз. Үй тапсырмасы бойынша баяндап өтейік. (әр топ тақтадан сұрақтарын қарап алады)

Дескриптор:

  • Әр топ өзіне берілген сұрақ бойынша жауап береді.

  • Топ мүшелері толықтырады.


1-топ: Монғол мемлекетінің құрылуы.

2-топ: Қоғамдық құрылымы


3-топ: «Жасақ» заңдар жинағының атқарған рөлі

Ықтимал жауап:

1206 жылы көктемде монғол ақсүйектерінің құрылайында Шыңғысхан барлық монғолдардың әміршісі болып жарияланды. Сөйтіп Монғол мемлекеті құрылды. Осы құрылтайда «Жасақ» жария етілді. «Жасақ» заңдар жинағының негізгі рөлі, ол – Шыңғыс ханның нақыл сөздерінен, әскери және азаматтық заңдардан тұруы

Кері байланыс: «Ынталандыратын сөздер»

  • «Жарайсыңдар!», «Тамаша!», «Үйт апсырмасына мұқият дайындалғансыңдар!»


-Балалар, мына бейнежазба туралы не айталасыңдар?

Ықтимал жауап:

Мұхтар Шахановтың «Отырар» дастаны

Шыңғыс ханның Отырарды жаулауы туралы т.б

-Дұрыс, ал Отырар қай мемлекетте орналасқан қала еді? (Қазақстан)

-Шыңғыс хан – Монғолдардың билеушісі, Отырар – Қазақстан аумағындағы қала. Бұл арада қандай байланыс? Бүгінгі тақырыпты болжап көрелік. (Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы)

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру















Қазақстан тарихы, 6- сынып

«Атамұра» 2018

ІІ бөлім,6-тарау §26-27

110-112 бет













«Отырар» дастаны бейнежазба

Сабақтың ортасы



2 минут























3 минут





















































15 минут





























5 минут

Сайттан Монғолдардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы, Шыңғыс ханның жаулап алу тәсілдері, Шыңғыс хан қызыққан қала туралы ақпарат беріледі. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны баяндалады.

Жақсы балалар, осы деректерге және оқулықтағы тақырыпқа сүйене отырып тапсырмалар орындаймыз.

1-тапсырма

1-топ: Сәйкестендіру



Түмен басшылары


Шапқыншылық бағыттары

Жебе мен Сүбедей әскерлері


Түркістан өңіріндегі қалаларға

Шағатай мен Үгедей әскерлері

Хорезмшахтың батыс қоныстарына

Жошы бастаған әскерлер

Отырарға


Дескриптор:

  • Түмен басшыларының шапқыншылық жасаған бағыттарын анықтап сәйкестендіреді;

  • Түмен басшыларының шапқыншылық бағыттарын анықтайды.


2-топ: Картамен жұмыс (тақтадағы картадан көрсетіп өтеді)

Дескриптор:

  • Түмен басшыларының жаулап алған жерлерін картаға реттік сандары бойынша орналастырады;


3-топ: «Жалған, ақиқат» кестесі

Деректер

Ақиқат

Жалған

Шағатай мен Үгедей бастаған жасақ Отырарды қоршады.



Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы- Отырар, Сығанақ, Ашнас қарсылықтары үшін толық жойылды.



Шыңғысхан Қайырхан басқарған қаланы жаулай алмады.




Дескриптор:

  • Тақырып бойынша ақиқат тұжырымды анықтайды

  • Тақырып бойынша жалған тұжырымды анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: (жұптық тексеру)

«Бағдаршам әдісі» (тақтадан дұрыс жауаптармен салыстырып, бағдаршам көздерін бояйды)


2-тапсырма: Зерттеу және талдау

1-топ. Дерекпен жұмыс «Моңғол шапқыншылығын» зерттеу (Қосымша 1)

Деректі талдауға нұсқаулық:

  • Мәтіннен «НЕГІЗГІ, ҚЫЗЫҚТЫ, МАҢЫЗДЫ» фактілерді түрлі - түсті маркермен белгілеу.


Дескриптор:

  • Дәлел келтіре отырып, моңғол шапқыншылығының негізгі себептерін түсіндіреді;

  • Деректі пайдаланып, сатқынның неге қызыққанын сипаттайды;

  • Монғол билігінің күшеюіне қандай маңызды факторлар әсер еткенін анықтайды;


2-топ. «Моңғол шапқыншылығы» мәтінін зерттеу. (Қосымша 2)

Деректі талдауға нұсқаулық:

  1. Монғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі себебін анықтап, салдарын сипаттаңыз.

  2. Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігіне баға беріңдер.


Себебі

Салдары

Бағалау





Дескриптор:

  • Монғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі себебін анықтап, салдарын сипаттайды;

  • Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігіне баға баға береді;


3-топ.

3-дерек. «Отырар апаты» (Қосымша 3)

Деректі талдауға нұсқаулықтар:

  1. Шыңғыс хан әскері не себепті Отырарға жорық жасады?

  2. Отырар қаласы Шыңғыс ханды несімен қызықтырды?


Дескриптор:

  • Шыңғыс хан әскерінің Отырарға не себепті жорық жасағанын анықтайды;

  • Отырар қаласына Шыңғыс ханның қызығуының себебін түсіндіреді?

Кері байланыс: «Ынталандыратын сөздер»

  • «Жарайсыңдар!», «Тамаша!», «Үйт апсырмасына мұқият дайындалғансыңдар!»

Жақсы, балалар, телефондарыңды алыңдар. Сабақты қорытындылау мақсатында «Кахут» ойынын ойнаймыз.


Үйге тапсырма: тақырыпты оқу және жабық тест тапсырмаларын орындау.

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/qazaqstandahy-monghol-shapqynshylyhy?mid=05647d40-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051













Карточкалар, карта сызбасындағы тапсырма





















































Презентация 3

Презентация 4







Қосымша дерек 1







Үш жақты күнделік









Қосымша дерек 2





топшама

















Қосымша дерек 3





Т кестесі











https://kahoot.com/





Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

Жақсы түсіндім – жасыл

Сұрағым бар – сары

Мүлдем түсінбедім – қызғылт

-Балалар, сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет! Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жете алдық па? (презентация 2)



Плакат, стикер





Презентация 2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі