6 cынып сынып сағаты №2 сабақ. «Отбасындағы сыйластық»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 cынып сынып сағаты №2 сабақ. «Отбасындағы сыйластық»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасындағы сыйластық»:«Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады?» (Фонтан) жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:


«Отбасындағы сыйластық»

Қауіпсіздік сабағы: № 2 сабақ.

«Көшедегі қауіпті нысандардан (фонтан) қалай аулақ болуға болады?»


Күні


13.09.2024

Педагогтің Т.А.Ә.


Сынып

6 «Б»

Құндылық:

Тәуелсіздік және Отаншылдық. Бірлік және ынтымақ.

Мақсаты:

Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу; Қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну; Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу.

Қауіпсіздік сабағы: оқушыларды көшеде (фонтан жанында) өзін дұрыс ұстауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Отбасы құндылығы туралы, бақытты отбасы туралы ұғымы нығаяды; Отбасы мүшелерінің пікірлері мен сезімдерін құрметтей біледі.

Қауіпсіздік сабағы бойынша: оқушылар фонтанда шомылу кезінде кездесетін қауіп түрлерімен танысады. Фонтан жайлы толық ақпарат алады. Фонтан жанында болатын мінез-құлық ережелерін үйренеді.

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.

Гимн.
Балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Отбасындағы сыйластық» және қауіпсіздік сабағы бойынша «Көшедегі қауіпті нысандардан (фонтан) қалай аулақ болуға болады?»

Бірінші тақырып отбасы туралы талқылау сұрақтардан бастасақ:

1.Отбасы дегенді қалац түсінесің?

2.Отбасының ұйытқысы кім?

3.Отбасы қандай болу керек?

4.Сіздің отбасыдағы ең басты құндылық?

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Презентация

Жазба дәптері

Сабақтың ортасы

20 мин

1.Отбасы, отбасы мүшелері туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.


Шығармашылық жұмыс.

«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында шағын эссе жазыңыз (50 сөз)


«Жүректен жүрекке» ата-анаңызға, отбасы мүшелеріне өзіңіздің жүректен шыққан ыстық тілектеріңізді жүрекшеге жазып жолдайсыз

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады



Эссе талаптарын сақтай отырып, өз отбасы туралы шағын эссе жазады.


Ата-аналарына, отбасы мүшелеріне ыстық тілектерін, алғыстарын жеткізіп жазады.

Презентация

Жазба дәптері

Стикерлер

10 мин

Қауіпсіздік сабағы: 2 - сабақ:

1. Кіріспе. Көшеде қандай қауіпті нысандарды күтуге болатындығын

түсіндіріңіз. (2 минутқа дейін)

Осындай нысандардың бірі – фонтан. Өте ыстық ауа райында мен ағаштардың көлең кесінде жатқым келеді. Мүмкін фонтан жақсы болар?

Жазғы ыстықта адамдар фонтан жанына барады. Біреу қолын жуады, біреу бетін жуады, ал біреу фонтанда шомылады.

Есте сақтау маңызды, фонтан – бұл қаланы абаттан- дыру элементі. Олар ауаны ылғалдандырады, аймақ -қа эстетикалық көрініс береді, бірақ шомылуға

арналмаған.

2.Негізгі бөлім

«Фонтанда шомылу неге қауіпті?»

Адамдардан басқа, жануарлар мен құстар фонтанда шомылуды жақсы көреді.Сондай-ақ фонтанда шомылу апатпен аяқталуы мүмкін. Су астында кейде

құбырлар, электр шамдары болғандықтан, балалар сүрініп, құлап кетуі де мүмкін.

Фонтан аумағында 14 жасқа дейінгі балаларға жалғыз жүру тыйым салынады;

фонтан аумағында аяқ киімсіз болуға, сондай-ақ биік өкшелі аяқ киіммен кіруге тыйым салынады;

фонтан тостағанының аумағына вело, мото, автокөлік құралдарымен, балалар арбаларымен, роликтермен, скейтбордтармен және т.б. кіруге тыйым салынады;

фонтан ағындарынан су ішуге тыйым салынады;

фонтан ішіне және оның айналасына қоқыс тастауға тыйым салынады;

фонтан жабдықтарын бүлдіруге тыйым салынады.

3.Қорытынды


Оқушылар фонтанда шомылу кезінде кездесетін қауіп түрлерімен танысады. Фонтан жайлы толық ақпарат алады.

Фонтан жанында болатын мінез-құлық ережелерін үйренеді.

Презентация

Үлестірмелі материалдар

Жазба дәптерлері


Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14

https://www.youtube.com/watch?v=ylMqQnk_eq4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=19

Сабақтың соңы

5мин


«Мұғалімге хат» әдісі бойынша кері байланыс

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі