Түсінік хат
Таңдау курсы 6-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін және болашақтағы бейіндік оқуға алдын ала дайындау үшін қазіргі заманғы өмірдегі өте маңызды математикалық ұғымдардың бірі – процент ұғымына және PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады.
Курс оқушылардың физика-математикалық, финансты-экономикалық бағыттар бойынша бейіналды дайындығына бағдарланған. Ол математиканың базалық курсын кеңейтеді және оқушыларға математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді.
Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.
Ұсынылып отырған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесінің дамуы болып табылады, оқушыларда «процент» терминінің мағынасының маңызды түсінушілігі болуына әсер етеді, оны пайдаланып шешетін есептер аймағын бірталай кеңейтеді. Курс оқушыларға проценттік есептеулер сияқты қарапайым және белгілі математикалық аппараттың өмірдегі кең қолданысын көрсетеді. Есептер шығару кезінде химиямен, физикамен, экономикамен пәнаралық байланыс айқын көрінеді, бұл оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, математикалық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Финансты математика мәселелері қазіргі уақытта тек болашақ финансистер мен экономистер үшін ғана емес, барлық адамдар үшін де қызығушылық танытады. Күнделікті өмірде біздің әрқайсымыз тауарлар және қызмет ету бағаларымен ұшырасамыз. Банктерде жинақ салымын немесе кредитті рәсімдегенде, тауар құнын өтеу мерзімін ұзартуда, айып өсімінің, салықтың, сақтандырудың төлемінде осындай мәселелермен айналысуға тура келеді. Сондықтан математикалық сауаттылық, яғни мектептік математика осындай кездесулердің адамдар үшін финансты шығынға айналмауына жауапты десек те болады. Осы тәрізді есептер математиканың практикалық құндылығын айқын көрсететін болып табылатынының маңызы аз емес.
Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Таңдау курсының сабақтарын дайындау және өктізу кезінде оқушылардың өзін-өзі анықтау үдерісіне әсер ету үшін және оларға өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетпей, өзіне дұрыс баға беруіне көмектесу үшін зерттеушілік және іс-әрекеттік ыңғайды қолдану ұсынылады. Сабақтарды жүргізу технологиясында оқушыларға өтілген материалдың қаншалықты игерілгенін тексеруге мүмкіндік беретіндей өзін-өзі тексеру кезеңдері болады. Қорытынды бақылау түрі курс тақырыбы бойынша оқушылардың дайындаған жобаларының тұсаукесері болуы мүмкін.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың проценттік есептеулер туралы біліктерін өмірлік тәжірибені әр түрлі мәселелер спектрімен байыту есебінен кеңейту; болашақ оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға әсер ету; математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру; PISA тапсырмаларында теңдеу құруға берілген есептерді шығара отырып, өмірде туындайтын көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және қолдануға дағдылау.
КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
-
Оқушыларды проценттің пайда болу тарихымен таныстыру.
-
Проценттің әр түрлі өмір жағдайларында (кең сатылым, тариф, айыппұл, дауыс беру) қолданылуын оқушыларға көрсету.
-
Орындалу кезінде процентті қолдануды талап ететін кейбір банк операцияларымен оқушыларды таныстыру.
-
Қорытпаларға, қоспаларға, ерітінділерге берілген есептерді процент көмегімен шешу әдістеріноқушыларға көрсету.
-
Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру.
-
Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін дамыту.
-
Оқушылардың математикалық іс-әрекетке деген өз қабілеттерін сараптауға мүмкіндік беру.
-
Проценттің көмегімен есептер шығару арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибелерін байыту.
КУРСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.
КУРСТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
-
Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіреді;
-
Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;
-
Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді;
-
Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
-
Қоғамдық прогрестің дамуы үшін жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі болатын математиканың маңызын түсінеді.
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Процент ұғымы, пайда болу тарихы |
1 |
4.09 |
|
2 |
Тренингтік және рейтингтік кестелермен жұмыс. |
1 |
11.09 |
|
3 |
Есептер шығару |
1 |
18.09 |
|
4,5 |
Өмір жағдаяттарындағы проценттер. |
2 |
25.09/2.10 |
|
6 |
Жаппай сатылым, тариф, айыппұл және дауыс беру туралы есептерді шешуде проценттердің қолданылуы. |
1 |
9.10 |
|
7 |
Берілген есептердің әр түрлі әдістермен шешілуі |
1 |
16.10 |
|
8,9 |
Есептер шығару |
2 |
23.10/6.11 |
|
10 |
Проценттер және банктік операциялар. |
1 |
13.11 |
|
11 |
Жай және күрделі проценттер. Кредит мерзімі |
1 |
20.11 |
|
12 |
Есеп айырысу ставкасы. Вексельдерді рәсімдеу. |
1 |
27.11 |
|
13 |
Дисконт. Проценттік ставканы есептеу. |
1 |
4.12 |
|
14,15 |
Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге есептер. |
2 |
11.12/18.12 |
|
16 |
Заттың концентрациясы. Проценттік құрам |
1 |
25.12 |
|
17 |
Берілген типтегі есептерді шығару кезінде жіберілетін мүмкін қателер. |
1 |
15.01 |
|
18,19 |
Теңдеу құруға берілген есептердің типтері. |
2 |
22.01/29.01 |
|
20 |
Сандық тәуелділіктер; проценттер, қоспалар, ерітінділер |
1 |
5.02/12.02 |
|
21,22 |
Қозғалыс есептері; бірігіп жұмыс атқару есептері. |
2 |
19.02/26.02 |
|
23 |
Бақылау тапсырмалары |
1 |
5.03 |
|
24 |
Пайыздарға берілген геометриялық есептер |
1 |
12.03 |
|
25,26 |
«PISA» есептерін шығару |
2 |
19.03/2.04 |
|
27 |
Күрделі пайыздар формуласы |
1 |
9.04 |
|
28 |
Есептер шығару |
1 |
16.04 |
|
29,30 |
Санның пайызын табуға берілген есептер |
2 |
23.04/30.04 |
|
31 |
Пайызға берілген есептерді алгебралық тәсілмен шығару |
1 |
30.04 |
|
32 |
Жоба қорғау |
1 |
7.05 |
|
33 |
Сынақ сабақ |
1 |
14.05 |
|
34 |
Қорытынды сабақ |
1 |
21.05 |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
6-класс математикалық сауаттылық курс жоспар

шағым қалдыра аласыз