400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 класс сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып 3 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жеті ата-елтанудың бастауы .

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1. мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің атауын талқылау, мәтіндегі көтерілген мәселені болжай алады;

Көптеген оқушылар:тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау;

Кейбір оқушылар: мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

Бағалау критеийлері

  • мәтіннің атауын талқылайды;

  • алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар

Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:

мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды.

Туажат- бір атадан тараған жетінші ұрпақ.

Қаймана –еш қатысы жоқ, бөгде, бөтен адам

Аманат – орындауға, істеуге тапсырылған зат

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: жеті ата, елтану

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; менің ойымша, менің көзқарасым...

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдетеді.

Жоспар




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындық. Жағымды психологиялық ахуал: Теңіз ортасындағы мұзға барлық бала жармасып мінеді. Бұл жерде ынтымақтастық, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


І.ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=foZ7ZGCfI6g

«Жеті атасын білмеген жетесіз» бейнеролигін тыңдап, бүгінгі тақырыпты болжайды.

  • Кәне, кім жеті атасын айтайды?

  • Руың кім?

  • Жеті атаға дейін неге қыз алыспайды?

  • «Жеті атасын білмегенді жетесіз» дегенді қалай түсінесің?

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

Оқушылар сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Берілген сурет бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.



Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.


ҚБ «Сиқырлы таяқша»




Тапсырмаларды өте жақсы орындаған оқушыларға «Сиқырлы таяқша» беріледі.










https://www.youtube.com/watch?v=foZ7ZGCfI6g



Сабақтың ортасы
















30 минут

Мағынаны тану

ІІ. ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

1.Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырыңыз.

Жеті атаны білуіміз керек

1-бөлік. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.  (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)

2-бөлік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден... (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады).

3-бөлік. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.

Дескриптор:

  • мәтіннің атауын талқылайды;

  • мәтін бөліктері арқылы мәселені болжайды;

  • өз болжамымен салыстырады.

ҚБ

ІІІ.ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. Деңгейлік тапсырмалар.

Дескриптор:

  • жеті аталарын жазады;

  • берілген сөздерге кластер құрастырады;

  • берілген тақырыпта сұхбаттасады.

ҚБ

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау.



Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырыңыз.




Оқушылар мәтіннің атауын талқылайды, мәтін бөліктері арқылы мәселені болжайды.



Мәтін бойынша жұмыс жүргізеді.







Жеке тапсырма орындайды.













Оқушылар деңгейлік тапсырма орындайды.











































ҚБ «Блум таксономиясы»

















ҚБ





6-сынып қазақ тілі оқулығы.










http://anatili.kazgazeta.kz/news/5554













































Сабақтың соңы


Кері байланыс

Менде бәрі сәтті шықты ...

Мен үйрендім ...

Сабақта мен орындай алдым ...

Бәрінен маған ұнағаны ...

Бәрінен маған қиын болғаны ...







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі