Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§6. Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
8 сынып №6
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Зертханалық жұмыс№3 «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау». Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар. §6. Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
«Тірі ағзалардың көп түрлілігі» |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 8 «а,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Зертханалық жұмыс№3 «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау». Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар. §6. Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.1.1. - балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау. |
Сабақтың мақсаты: |
балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың мақсаты Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. 7.1.1.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру; §9. Жүйелеудің маңызы. «Бұрынғы атаулар» әдісі. Жүйелеу, түр, популяция, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип, патшалық, жіктеу |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. «Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады. |
Дескриптор: -кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды-2 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/ Очкур.Е.А, Құрманғалиева.Ж.Ж-Алматы,Мектеп, 2017ж 33-бет. |
Оқушылардың назарын аудару |
«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады. - Өсімдіктерге қандай жүйелеу санаттары тән? - Олардың қайсысы жануарларды жүйелеу санаттарынан ерекшеленеді? - Жүйелеу санаты туралы не айта аласыңдар? -Жоғары және төменгі сатыға жататын өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде? |
Кіру билетінде берілген сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады. |
Дескриптор: -берілген сұрақтарға жауап береді -4 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
8.1.1.1. - балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж, 25-бет. |
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Қазіргі атаулар» әдісі Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Споралар, спорангий, ризоидтер, ашық тұқымдылар, қылқанжапырақтылар, жабықтұқымдылар.
|
«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады, ой қозғау жүзеге асырылады. |
Дескриптор: -кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды-2 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж, 28-бет. |
Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Қосымша балл үшін дескриптор: -бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл; |
Интерактивті панель бейнефильм https://youtu.be/ba88SU5VPKI?si=QKk1KSJ-Fn_VuNDh |
Практикалық тапсырмалар беру. |
Топтық жұмыс. «Биологиялық зертхана» әдісі. №3 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау Жұмыс мақсаты: өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау. |
Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтайды. Зертханалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын, қорытындысын жазады. |
Дескриптор: - Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтайды– 4 балл; -зертханалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын, қорытындысын жазады– 4 балл; |
Интерактивті панель, презентация Құрал-жабдықтар: мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе-өсімдіктері мен суреттері. Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж, 248-бет. |
Бағалау |
Жеке тапсырма: «Шындық» «Жалған» ойыны |
балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды. |
Дескриптор: - балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды – 7 балл; |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
1,2-«Бүгін сабақта зерттедім» 3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты» 4-«Менің жеңісім» |
Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. Тірек сызба «Саңырауқұлақтар» |
Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Жұмыс дәптері Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж, 30-бет. |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Биологиялық зертхана»
№3 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с
Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау
Жұмыс мақсаты: өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе-өсімдіктері мен суреттері.
Жұмыс барысы
1. Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін (және иллюстрацияларын) қараңдар.
2. Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтаңдар.
3. Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аударыңдар.
4. Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Белгісі (мүшесі) |
Мүктәрізділер |
Қырықжапырақтәрізділер |
Ашық- тұқымдылар |
Жабықтұқымдылар |
Тамыры (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабағы (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жапырағы (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорангий (болуы) |
|
|
|
|
Тұқымы (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жемісі (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Гүлі (ерекшелігі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды: күрделену – эволюция барысында өсімдік бөлімдерінің жетілу үдерісін дәлелдеңдер
Кері байланыс беру
1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»
3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»
4-«Менің жеңісім»
Бағалау.Жеке тапсырма:
«Шындық» «Жалған» ойыны
№ |
|
Ш |
Ж |
1 |
Мүктерді зерттейтін ғылым бриология деп аталады |
|
|
2 |
Шымтезек мүгінің латынша атауы сфагнум |
|
|
3 |
Мүктер құрғақ жерлерде тіршілік етеді |
|
|
4 |
Мүктерде тамырдың қызметін ризоидтар атқарады |
|
|
5 |
Емен, қарағаш ашықтұқымдыларға жатады |
|
|
6 |
Қырықбуындар мен қырықжапырақтәрізділер төменгі сатыдағы споралы өсімдіктер |
|
|
7 |
Барлық қырықжапырақтәрізділер көпжылдық шөптесін өсімдіктер |
|
|
8 |
Шырша, арша, самырсын, қарағай ашықтұқымдыларға жатады |
|
|
9 |
Жабықтұқымды өсімдіктерде ең алғаш жеміс түзілетін жыныстық көбеюдің жаңа мүшесі гүл пайда болды |
|
|
10 |
Ашықтұқымдылар спора арқылы көбейеді |
|
|
«Шындық» «Жалған» ойыны жауабы
№ |
Сұрақтар |
Ш |
Ж |
1 |
Мүктерді зерттейтін ғылым бриология деп аталады |
Ш |
|
2 |
Шымтезек мүгінің латынша атауы сфагнум |
Ш |
|
3 |
Мүктер құрғақ жерлерде тіршілік етеді |
|
Ж |
4 |
Мүктерде тамырдың қызметін ризоидтар атқарады |
Ш |
|
5 |
Емен, қарағаш ашықтұқымдыларға жатады |
|
Ж |
6 |
Қырықбуындар мен қырықжапырақтәрізділер төменгі сатыдағы споралы өсімдіктер |
|
Ж |
7 |
Барлық қырықжапырақтәрізділер көпжылдық шөптесін өсімдіктер |
Ш |
|
8 |
Шырша, арша, самырсын, қарағай ашықтұқымдыларға жатады |
Ш |
|
9 |
Жабықтұқымды өсімдіктерде ең алғаш жеміс түзілетін жыныстық көбеюдің жаңа мүшесі гүл пайда болды |
Ш |
|
10 |
Ашықтұқымдылар спора арқылы көбейеді |
|
Ж |