15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
6 саны және цифры
|
Сабақ 6 саны және цифры |
Мектеп |
|
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны - |
Қатыспағандар саны - |
|
Оқу мақсаты: |
|
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар білуге тиіс: +,-,= таңбалары мен оның қолданумен танысады |
|
|
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: 6 цифрынынң жазылуын біледі. |
|
|
|
Кейбір оқушылар білуге тиіс: .6 санының сандар қатарындағы орнын оның мағынасы мен құрамын түсінеді |
|
|
|
Алдыңғы білімдер |
5 саны және цифр туралы |
|
|
Жоспар |
|
|
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет. |
Ресурстар. |
|
Сабақтың барысы Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 20 минут |
Сабақты алған білімді қайталатудан басталады.Үстелге 1-ден 5-ке дейінгі сандары бар парақшаларды орналастырамыз. Оқушылардан кез келген парақшаны таңдап алып, тақтаға өсу реті бойынша тұрады, одан кейін оларды сандардың кему реті бойынша тұрғызамыз. “Үндемес” ойыны . Оқушыларға сан-дары бар парақша көрсетеміз,ал олар осы парақ-шадағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғанын қа-рындаш санымен көрсетуі керектігін айтамыз. Оқушылардан алдарына тағы бір қарындаш қойып, енді барлығы неше қарындаш болғанын айтқызамыз. 6 санын қалай алуға болатынын сұраңыз. “6 саны 5-тен үлкен бе, әлде кіші ме?” деп сұраймыз. Cандық сәулеге көңіл бөлуді ескертіңіз. 6 санының орны қайда екенін сұраймыз. 5 санынан кейін 6 саны жа-зылған парақшаны қоямыз да, қандай сандардың 6 санынан кіші болатынын сұраймыз. (ӨЖ)Ертегі кейіпкерлерін сана. Жауабы: алты. Әрбір суретке сәйкес келетін мысалды тап. (ӨЖ) Шығарып көр. Оқушыларға партаның үстіне түйме саны мен түсі суреттегі көбелек саны мен түсіне сәйкес келетіндей етіп, 6 санын әртүрлі тәсілмен қойып көрсету қажеттігін ұсыныңыз. Мысалы, суретте 3 қызыл және 3 жасыл көбелектің суреті салынған. Оқушы 3 қызыл және 3 жасыл түймені алып қойып, жалпы санын санау керек. 6 саны 3 және 3-тен алы-нады Жауабы: 3 және 3; 4 және 2; 5 және 1. Гүлшоғы. Оқушылар әртүрлі гүлден құралған гүлшоғына зер салып қарап, олардың атауларын айтуы керек. Түймедақ гүлінің санын санатыңыз. Одан кейін қоңыраугүлді санатыңыз. Қай гүлдің артық, қай гүлдің кем екенін сұраңыз. Осылайша кекірегүлмен, түймедақпен жұмыс жасатыңыз. Жауабы: 6. Сандарды салыстыр. Оқушылардан жұппен жұмыс жасауларын сұраңыз және салыстыра алатын сандарын салыстыруды ұсыну.Оқушылардың салыстыруға өрнектер құрастыру дағдыларының даму деңгейін байқау үшін жұптардың жұмысын бақылау. Орындап көр. Оқушыларға қатты қағаздан жасалған балықтар мен 6 саны жазылған шелек дайындап,олардан тақтаға шығып, шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салуын сұраңыз. Мысалы, екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып, үстіне тағы 2 балық қосу т.с.с. Оқушыларға 6 санын алудың барлық нұсқасын тапқызыңыз. Жұмыс біткен соң 6 санын қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасаңыз. Жауабы: 4 және 2; 3 және 3; 1 және 5; 2 және 4; 5 және 1; т.с.с.
|
Сандар жазылған парақша. Суреттер. Оқулықпен жұмыс Жасыл-көк түсті парақша. |
|
Тілдікқұзыреттіліктіқалыптастыру Оқушылардың “алдыңғы сан”, “кейінгі сан” деген математикалық сөздерді дұрыс қолдануын қадағалау. |
Қосымша тапсырмалар Алты жұлдыздың суретін сал. Оқушылар үлгі бойынша сызықтардың бағыттарын, олардың ретін анықтап алып, әр нүктені жұлдызға айналдыру керек. Сарайда неше терезе бар? Оқушылар сарайда неше терезе бар екенін санап, жауабын бос ұяшықтың ішіне жазуы керек. Жауабы:6. Санға қарап, алманың суретін толықтырып сал. Оқушылардан әрбір тәрелкеде қанша алма болу керектігін сұраңыз. Оларға әрбір тәрелкеде-гі алманы санап, 6 алма болу үшін қанша алманың суретін толықтырып салу керектігін анықтауды ұсыныңыз. Суреттерін салып болған соң, тексеруді жұппен ұйымдастырыңыз. Жауабы: бірінші тәрелкеге 1 алманың суретін, екінші-ге — 2 алма, ал үшіншіге — 3 алма салу керек. Оқушылар сабақ соңында: 6 санының сандық сәуледегі орнын анықтауды 6 санын әртүрлі тәсілдермен алуды; 6 цифрын жазуды меңгереді. Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз: — Сандық сәуледе 6 санына дейін қандай сандар тұрады? — 6 санын қалай алуға болады? — 6 саны қанша заттың санын білдіреді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістікбаспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген