Материалдар / 6-сынып №7 сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-сынып №7 сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның жан сұлулығы, оның бойындағы қасиеттері, мінез-құлқының әртүрлі көріністері, жалпы адамгершілік қасиеттерінің мәнін ұғады. Адамның шынайы табиғаты, оның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы, оның шынайы сұлулығының сыры неде екенін түсінуге мүмкіндік алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары



Бөлім:

Таным қуанышы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Изимова Акмарал Боранбаевна

Мерзімі:


Сынып: 6

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақтың тақырыбы №7

Әсемдікке талпыныс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Адамның жан сұлулығы, оның бойындағы қасиеттері, мінез-құлқының әртүрлі көріністері, жалпы адамгершілік қасиеттерінің мәнін ұғады. Адамның шынайы табиғаты, оның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы, оның шынайы сұлулығының сыры неде екенін түсінуге мүмкіндік алады.

Құндылық


Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Шынайылық, кішіпейілділік,ойдың, сөздің және істің бірлігі

Сабақтың мақсаты

оқушылардың адамның тән және жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері


- Оқушылардың адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан - дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, әсемдік, сұлулық, жан сұлулығы туралы түсініктерін тереңдету;

- оқушылардың айналасына шынайы қарым-қатынасын дамыту;

- оқушыларды шынайылылыққа, кішіпейілділікке, ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді және «5Т» ережесін ұстануға шақырады.


Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал



2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Оқулық, 7-сабақ 31-бет Немат Келімбетовтың «Ұлыма хат» әңгімесін мазмұндау.

Сұрақтар:

1.Өзіндік көзқарасы бар адамға тән қасиеттер қандай деп санайсыңдар?

2.Сен өзіңді өзіндік көзқарасым бар деп санайсың ба?

3.Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулықты қалай түсінесіңдер? Оларды жетілдіруге болама? Қалай?

4.Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің? Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едің?

5.Дұрыс әрекет құндылығы адамның қандай қасиеттері арқылы көрініс табады?

6.Сенің өміріңде өзіңе үлгі тұтарлық,сол кісіге ұқсағың келетін жан бар ма?Ол кім?

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды "ішкі сұлулық" және «сыртқы келбет сұлулығы », ойдың, сөздің және істің бірлігі ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

«Адам бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де, жаны да,ойлары да әсем болуы керек.»

А.П.Чехов

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2. Адамның сырт келбеті жылтырап тұрса, оның жан дүниесі де сондай әдемі деп айталамыз ба?

3. Адамның сырт келбеті мен ішкі дүниесі бірдей үйлесімді түрде дамуы үшін не істеу керек?

4. Адам жан дүниесін рухани байлыққа толтыру үшін не істеу керек?

5. Өздеріңнің үйлесімді дамуыларыңа байланысты қандай әрекеттер жасап жүрсіндер?


Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар А.П.Чеховтың қанатты сөзінің мағынасын сұрақтар арқылы талқылайды.


Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.








Дәптерге жазып алады.

Презентация - слайд,

жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім «Сынық құмыра» бейнебаянын ұсынады. https://youtu.be/yPkqu3LY848

Сынық құмыра

Ертеде, берекелі өлкеде Ақ апа атанған бір әже өмір сүріпті.

Бұл әже екі ұшына құмыра ілінген иін ағашпен бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін, кемшіліксіз болыпты.Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындағаны үшін қатты тәкаппарланатын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып, өкінеді екен.Екі жыл өткен соң, бір күні тесік құмыра, қарт анаға былай депті:

- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қарт ана күлімсіреп құмыраға былай депті:

- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды, сол әдемі гүлдерді жинап, үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре  алмас едім...

Сұрақтар:

* Бүтін құмыра неліктен мақтанады?

*Сынық құмыраның ұялуының себебі неде?

*Қарт ананың жарқын көрінісі қалай байқалады?

*Қарияның сынық құмыраның кемшілігін білдірмей,оған қамқор болып шығыуының сыры неде деп ойлайсыздар?

*Адамды кішіпейілділікке жетелейтін қандай күш?

*Сіз шынайы қарым- қатынаста жүрсіз бе?Мысал келтіріңіз.

Қорытындылау.

Сұрақтар арқылы әр адамның шынайылық қасиеттері арқылы Дұрыс әрекет құндылығын ашады.

Сонымен қатар, қоғамда адамдардың ең маңызды сапасы шынайылық екенін баса айтады.

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,шынайылық пен кішіпейілділікке байланысты адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады.

«Сынық құмыра»

«Хикметтер қазынасы» кітабынан


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/733/

https://youtu.be/yPkqu3LY848



5. Шығармашылық жұмыс(жобалық іс-әрекет)

(12-15 мин)


1) Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі және топта жұмыс ұйымдастырады:

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып шынайы сұлулықты таңдап ,

таңдауларыңды дәлелдеңдер.

- «Сөзі райлының – жүзі шырайлы»

-«Қарапайымдылық– моральдық сұлулықтың басты шарты»

- «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...»

- «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек» -

- «Табиғи сұлулық дегеніміз - оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады»

- «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну»

2-тапсырма: Жағдаятты оқып, кейіпкердің ойын жалғастырып жаз.(34бет)

3-тапсырма: Адамның жан сұлулығын бейнелейтін сөздерді тауып, «Әсемдік» сөзжұмбағын шешу.

Мұғалім оқушыларға сабақтың дәйексөзін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмадан кейінгі қорытындылармен байланыстыруды ұсынады.

2) «Табиғат - баға жетпес сый» жобасының 1-кезеңін аяқтап, дәптерге жазып, фотоальбом, коллажды толықтыру тапсырылады.

Оқушылар өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Флипчарттар, баяу әуен қойылады.


6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан №8 сабақ 35-бет Мамытбек Қалдыбайдың «Ақыл мен сезім» әңгімесін мазмұндау

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге Асылбек Шаяхметтің «Әдемі» әнін орындайды.

https://youtu.be/JLu4jM6BBiM


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://youtu.be/JLu4jM6BBiM

8. Сабақтың қорытынды сәті (1 мин)

Мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп , бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады:

- Ауаны терең жұтып, өздеріңізді тек жақсылықтың ішінде екендігін сезініңіздер. Сіздерден тек жақсы сөздер және жақсы істер бағытталсын. Бүгінгі сабақ барысында игерген жақсы қасиеттеріңізбен сөздеріңізді жүрегіңіздің түбінде сақтаңыз.

Рахмет!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!