400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6-сынып Ақпаратты шифрлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпаратты шифрлау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2 Ақпаратты ұсыну

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты шифрлау

Оқу мақсаттары

6.2.1.1 Мәтіндік ақпаратты кодтау және кері кодтау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: мәтіндік ақпаратты кодтау және кері кодтау.

Көпшілігі: мәтіндік ақпаратты кодтау және кері кодтау әдістерін қолдану.

Кейбірі: кодтау кестелерін қолдану арқылы мәтіндерді кодтау және кері кодтау.

Бағалау критерийі

1. Ақпаратты кодтаудың маңызын түсіндіре алады.

2. Криптографиялық, кодтау және кері кодтау әдістерін пайдалана біледі.

3. Практика барысында кодтау мен кері кодтау әдістерін қолдана алады.

Тілдік мақсаттар.

Оқытудың тілдік мақсаты: Мәтіндік ақпаратты кодтаудың әдістерін үйренеді.

Лексика мен терминология: Кодтау, кері кодтау, криптография термин сөздерімен танысады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

кодтау дегеніміз ....

кері кодтау дегеніміз ...

Криптография дегеніміз ....

Құндылықтарға баулу

Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымастыққа баулу. «Мәнгілік ел» жалпы ұлттық идеясының қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім негізінде топта бірлескен жұмыс орнату, бір – бірінің пікірін тындау, құрметтеу арқылы білім алу.

Оқу дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану,талдау

Пәнаралық байланыс

Математика (кодтау – белгілі-біp адамнан басқалар оқи алмайтындай етіліп ақпаратты математикалық, алгоритмдік (криптографиялық) түрлендіру әдісі.).

Қазақ тілі (кері кодтау - кодтауға кері процесс. Кілттің негізінде кодталған мәтін бастапқы қалпына келетіндей түрде түрленеді).

Алдыңғы білім

Ақпарат тасымалдау үдерісін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.

Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Өзіме тілек» тренингін өткізу.(түрлі түсті стикерлерге оқушы өзіне тілек жазып, ұшақ жасап, басқа оқушыға ұшыру арқылы сол оқушыға тілегін тілейді)

«Түстер бойынша» топқа бөлу (ұшып келген ұшақтың түстері бойынша топтастыру)

І топ жасыл түсті стикер;

ІІ топ сары түсті стикер;

ІІІ топ қызыл түсті стикер.

«Қар кесегі» әдісі бойынша сұрақтарды талқылайды, үш топ сұрақтарға жауап береді (топтық жұмыс)

  1. Ақпарат тасымалдау үдерісі қалай орындалады?

  2. Ақпарат беруші нысанды қалай атайды?

  3. Ақпарат қабылдаушы нысанды қалай атайды?

  4. Ақпарат арналары дегеніміз не?

  5. Ақпарат арналарының қандай түрлерін білесіңдер?

Саралау. Диалог және қолдау көрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Қ/Б:Берген жауаптарына қарай топтар бірін бірі өзара смайликтер арқылы бағалайды.



Оқулық,

стикерлер,

смайлик












Группа 1

Сабақтың ортасы

түсіну

10 мин.

















қолдану

5 минут





























5 минут










5 минут










Жинақтау

5мин.


Жаңа тақырып пен мақсатын таныстыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында үш топқа «Кластер құрастыру» үшін тақырыпшалар бөлініп беріледі.

І топ.

кодтау деген....

ІІ топ.

Кері кодтау деген...

ІІІ топ.

Криптография деген...



Топтар өз тақырыпшалары бойынша келесі топқа түсіндіру арқылы қорғайды.



ҚБ. Екі топ бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.









1-тапсырма. Жеке жұмыс

Төменде келтірілген кестені пайдаланып:

а) өз аттарыңды кодтаңдар

б) 13 11 42 11 13 34 44 11 43 сөзін кері кодтаңдар

1

2

3

4

5

6

7

1

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

2

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

3

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

4

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

5

Ф

Х

һ

Ц

Ч

Ш

Щ

6

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я





















а) _______________________________



b) _______________________________

Қолдану үлгісі

Кодталмаған мәтін

Болашақ

Кодталған мәтін

31 63 23 11 65 11 13

Дескриптор:

  • Қандай да бір кестені қолданып есімдерін кодтайды;

  • Кестені пайдаланып сөзді кері кодтайды.

Қ/Б: «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.



2-тапсырма. Жеке жұмыс

Цезарь кодын қолданып өз есіміңді кодта. Кодталған мәтінді және оның кодын сыныптасыңа көрсет.

Есім ___________________

Код ___________________

Дескриптор:

  • Цезарь кодын қолданып есімдерін кодтайды;

  • Кодты пайдаланып сыныптасына хабарлама жазып, оны кері кодтайды.

. Қ/Б: «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.





3-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Морзе әліппесін» пайдаланып, келесі хабарламаларды кодтаңдар: 6-СЫНЫП, КОМПЬЮТЕР, ИНФОРМАТИКА, АЛГОРИТМ, АЛМА, 2015.

Дескриптор:

  • Оқушылар жұптаса отырып, морзе әліппесін пайдаланып, хабарламаларды кодтайды;

Қ/Б:Оқушылар оздерінің практикалық тапсырмаларын «ауа райы» әдісі арқылы бағалайды.



«Кім тапқыр». Жұптық жұмыс

Информатикаға байланысты анаграмманы шешіңдер. Кодтау тәсілін анықтаңдар. Шифрлағаннан кейін қандай сөздердің артық екендігін анықтаңдар.

  1. НОФЕЛТЕ, ММЕДО, ДАЖ, РНИТПЕР

  2. НОКБТОЛ, АПРАТҚА, ТНІУІРТ, СИДК

  3. МОНТОИР, РОПЦСЕСОР, ТОРЛЯКУКАЛЬ, УМАБ

  4. ЙАЛФ, АОНТ, ЕШЛФ

  5. МЕТРАРИФОМ, АТЕПРЕНАҚТ, АКЭРИ

ҚБ. «Мақтау, мадақтау, ынталандыру» әдісі арқылы оқушыларды бағалау.

Оқулық

Плакат






































Сабақтың соңы

3 мин.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

БҮҮ кестесін толтыру

Білем

Үйрендім

Үйренгім келеді




Үйге тапсырма: қандай да бір кодтау кестесін ойластырып, мәтіндерді кодтаңдар.

Кеспе қағаздар


Саралау

Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетемін.
- Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын .

-Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін бірі қолдайды. Егер қажет болса, мұғалім тарапынан қосымша көмек көрсетіледі.

«Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталайды.

« Кластер құрастыру» топтық жұмыста кодтау, кері кодтау, криптография аныктамасын айтады.



Оқушыларды бағалауда «Мақтау, мадақтау, ынталандыру» әдісін және бірін-бірі бағалауда «Смайлик» , «Басбармақ», «Шапалақ» , « Ауа – райы», әдістерін қолдандым.

БҮҮ кестесін толтыру арқылы кері байланыс жасаймын.







Денсаулық және қауіпсіздік техникасынын сақтау.




ТҚ ережесін сабақ барысында естеріне салып отыру.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Барлығы: мәтіндік ақпаратты кодтау және кері кодтау.

Көпшілігі: мәтіндік ақпаратты кодтау және кері кодтау әдістерін қолдану.

Кейбірі: кодтау кестелерін қолдану арқылы мәтіндерді кодтау және кері кодтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі