400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

6 сынып "Ақылды үй"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқытушыларына, студенттерге сабақ жоспарын құруға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

Астана - мәдениет пен өнердің ордасы


Мектеп: «Омар Молдағожин атындағы» орта мектебі КММ


Күні: 19.11.2020 ж

Машықкердің аты жөні: Құнанбайқызы Аида


Сынып: 6 Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар:


Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Ақылды үй


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Бейнежазылымды көріп, сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша берілген мәтіннен неологизмдерді ажыратып, таба алады;


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіп, ажырата біледі және тақырыпқа сай неологизмдерді қатыстырып, диалог құрай алады;



Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпқа сай неологизмдерді қатыстырып, диалог құрайды және өз ойын, пікірің білдіріп, блиц сұрақтарына жауап бере алады;


Бағалау критерийі


  • Бейнежазылымды көріп, сұрақтарға жауап береді;

  • Тақырып бойынша берілген мәтіннен неологизмдерді ажыратып, табады;

  • Тақырыпқа сай неологизмдерді қатыстырып, диалог құрайды;

  • Өз ойын, пікірің білдіріп, блиц сұрақтарына жауап береді;


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдері:

Астана, ақылды үй, неологизм, кондиционер, функция, сигнал



Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

- Сәлем! ....... «ақылды үй» жайлы не білесің?

- Сәлем! ..............................................................


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ақылды үй дегеніміз не?

  2. Неологизм сөздер қалай пайда болады?


Құндылықтарға

Баулу

Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу: еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын оқушы бойында қалыптастыруға баулу


Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану


АКТ –ны қолдану дағдылары

https://youtu.be/jezmZ9cXnTs


Алдыңғы білім



Жоспар


Сабақтың

басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу

Б) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

С) Оқушыларды түгендеу

«Миға шабуыл» әдісі

https://youtu.be/jezmZ9cXnTs

Сілтемеге кіріп, бейнематериалды көріңіз. Төменде берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз.

  • «Ақылды үй» деп қандай үйді айтамыз?

  • «Ақылды үйдің» қарапайым, күнделікті өмірімізде кездесетін үйден қандай айырмашылығы бар?

  • Болашақта «ақылды үйде» өмір сүргің келе ме?











https://youtu.be/jezmZ9cXnTs








Сабақтың

ортасы

5 минут































17 минут











2 минут
















10 минут















1 минут

1-тапсырма. (мәтінмен жұмыс)

Төмендегі мәтіннен неологизмдерді анықтап, дәптеріңе көшіріп жаз.

«Ақылды үй» (ағыл. digital home) – автоматтандырылған үй. Ол адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін жоғары деңгейлі технологиялармен жабдықталған. «Ақылды үйдегі» жарық, электр жүйесін, кондиционер, желдеткіш, климат-бақылау, аудио және видео жүйелерді, күзет, өрт дабылы, апатты жағдайларды бір ғана диспетчерлік пультпен смартфон немесе ғаламтор арқылы басқарып, бақылауға болады. «Ақылды үй» өрттен де қорғайды. Мысалы, ауада кішкене болса да иісті газ пайда болса, онда өртке қарсы жүйе іске қосылады және өртті үдетпес үшін ауаның келуін тоқтатады, газ жабылады, электр токтары өшіріледі. Бөлмедегі адамдар сирена және түрлі сигналдар арқылы хабарландырылады, ал егер өрт үйдің иелері жоқ кезде басталса, онда жүйе арқылы олардың ұялы телефондарына хабарлама жіберіледі. Параллельді түрде түтінді жою функциясы қосылады, ал қауіпсіздік қызметіне өрт туралы ақпарат келіп түседі.

(М.Э. Сопер)

Бағалау критерийі:

  • Мәтіннен неологизмдерді анықтап, дәптеріне жазып алады;

Дескриптор:

  • Мәтінді оқыңыз;

  • Мәтіннің ішінен неологизмдерді анықтап, табыңыз;

  • Мәтіннің ішінен тапқан неологизмдерді дәптеріне жазып алаыңыз;


2-тапсырма

«Ақылды үй» өз қалаңда немесе ауылыңда болуы үшін өзің қандай үлес қосар едің? Мәтіндегі неологизмдерді қолданып, диалог құрыңдар.

Бағалау критерийі:

  • Мәтіндегі неологизмдерді қолданып, диалог құрады;

Дескриптор:

  • «Ақылды үй» мәтінінен тапқан неологизмдерді қолданып, диалог құрыңыз;


Сергіту сәті

Берілген ребусты шешіңіз.


3 –тапсырма

«Блиц - сұрақтар» әдісі бойынша блиц сұрақтарға жауап бер.

1. «Астана – бас қала» деп не себепті айтамыз?

2. «Астана» сөзінің бұрынғы мағынасы қандай?

3. Неологизмдерді неліктен жаңарып отыратын құбылыс деп ойлайсың?

Дескриптор:

  • «Блиц - сұрақтар» әдісі бойынша блиц сұрақтарға жауап беріңіз;



Үйге тапсырма

Оқулықтың 33- бетіндегі 5-тапсырманы орындау.



Оқулық, 63-бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf





























Оқулық, 63-бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf










ребус.docx















Оқулық, 34-бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf













Оқулық, 34-бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf



Сабақтың

соңы

5 мин




Рефлексия «3-2-1» әдісі


Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Маған ұнаған 1 аспект (ұғым)





Сабақты өзіндік талдау:

Күні

Пән,

сынып

Тақырыбы

Мақсаты

Қолданылған ресурстар

Қолданылған

әдіс-тәсілдер

Жетістіктерім

Кемшіліктерім

19.11.2020

6 сынып, қазақ тілі

Ақылды

үй

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

Қазақ тілі 6 сынып.pdf

Оқулық,

https://youtu.be/jezmZ9cXnTs

«ақылды үй» бейнежазылым

«Миға шабуыл» әдісі, «Блиц-сұрақтар» әдісі

Сабақ мақсатына жете алдым. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді орынды қолдана алдым.

Оқушылардың бойында құндылықтарды баулуға арналған тапсырмалар аз болды. Тақырыпқа байланысты презентация болған жоқ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі