Материалдар / 6 сынып аралық Емтихан дайын орыс сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6 сынып аралық Емтихан дайын орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі аралық емтихан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2024
201
9 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Павлодар облысының білім беру басқармасы

6-сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті бойынша

жазбаша жұмыс(Т2)

I нұсқа

Емтихан жұмысының сипаттамасы

2 сағат

Тыңдалым

Білім алушылар 130-140 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында бірінші,екінші және үшінші тапсырмаларда мәтін мазмұнына қатысты нұсқаны белгілейді. Төртінші тапсырмада сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді.

Оқылым

Білім алушылар тақырыпқа қатысты екі мәтінді қосқанда 150-160 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін үш ақпаратты анықтайды. Екінші тапсырмада хат жанрына сай келетін екі екі ерекшелікті анықтайды.

Жазылым

Білім алушы тақырыпқа қатысты 120-130 сөзден тұратын хат мәтінін жазады. Жазылым жұмысында білім алушының хат жанрының жазылу ерекшелігін сақтауы және тақырыпты ашуы, сұраулы сөйлемдерді қолданып жазуы назарға алынады.

Айтылым

Оқушы тірек сөздерді қолдана отырып, берілген суреттегі жағдаятты 10-15 сөйлеммен сипаттап айтады.

Мұғалім білім алушының тақырып бойынша суреттегі жағдаятты сипаттап сөйлей алуын және берілген тірек сөздерді орынды қолдана алуын бағалайды.

Тыңдалым

Алатау тауы

Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады.  Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесініңсолтүстікжәнесолтүстік-батысжалғасы. Олсолтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзеніаңғарыаралығындасозылаорналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км.

Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр.

Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.

Тыңдалым


1-тапсырма. Мәтінге тірек болатын сөздерді тап.


Shape1 (3 балл)


2-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(4балл)

3- тапсырма. Сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жаз.


790 –

980 –

460 –

(3 балл)



ОҚЫЛЫМ

Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [3]


Тұжырым

Шын

Жалған

А

Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.



В

Қалада халық көп, көшелері у да шу.



С

Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.




Жазылым

Отбасыңыздың бір мүшесіне арнап, мінездеме жазыңыз. Мінездеменің жанрлық, стильдік ереркшеліктерін сақтаңыз. Жазба жұмысында қосымшалардың үндестік заңына сәйкес дұрыс жалғануына назар аударыңыз. Сөз саны-60-70.


[10]



Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әңгімелеңіз (6-8 сөйлем). Ұсынылатын тақырыптар

1.Абай туралы не білесіздер? Айтып беріңіз.

2.Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

3.Менің отбасым

[10]







Балл қою кестесі


Тапсырма

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1.

Мәтінге тірек болатын сөздерді тап.


3



Әр дұрыс жауапқа 1 баллдан

2.

Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.


4

3.

Сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жаз.


3


Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5



Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.


Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5



Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!