жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6 сынып Атмосфера тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. «Әуедегі шайқас» - ойын сабақ
Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
6 сынып
Атмосфера тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.
«Әуедегі шайқас» - ойын сабақ
Мақсаты
Өткен тақырыптард ы қорытындылау. Оқушылардың білімімен шеберлеігін бағалау .
Көрнектілік:
«Әуедегі шайқас» ойынның ойын алаңын дайындау қажет. Карточкалар (20 – ақ түсті, 20- көк,20 – қызыл ,20-жасыл, 20 сары түсті.) екінші жағында 1 ден 3 дейінгі сандар. 6 карточка- 1 санымен, 7 карточка-2 санымен,7 карточка-3 санымен. Осындай түстермен дөңгелектер дайындалады, немесе шаршалар дайындалады.
IСабақ басталғанға дейін дайындық кезеңі өткізіледі.
4-5 адамнан 5 топқа бөлінеді.
Топқа жетекші сайланып,топтың сәлемдесуі. «Ауа», «Атмосфера» ... т.с.с тақырыпқа сай костюм . Ойын алаңы дайындалады. Шамасы 50см х 50 см. Ойын алаңында қалташалар болады. Ол қалташаларда 20- ақ,20- көк, 20-қызыл, 20 сары карточкалар салынған. Топ басшысы түсті таңдайды; мүмкіндік болғанша жеребе бойынша таңдағаны дұрыс болады.
ІІ Ойынның өткізіліуі.
Топтың сәлемдесуі.
Топтар орнына орналасады. Мұғалім ойынның тәртібімен таныстырады. Топ басшылары жеребе арқылы өздерінің түстерін таңдайды. Ойын алаңына сандары бар карточкалар орналастырады. Магнитті тақтаға мұғалімнің көмекшілері шабуылдың құпия картасын іледі.
А
ңтар
көктерге , көктер
қызылдарға,қызылдыр жасылдарға,
жасылдар сарыларға шабуыл
жасайды.
Ойын алаңында бар топтардың территорияссы болуға тиісті. (Ойын алаңындағы қалташаларға сандар жазылған түрлі-түсті карточкалар орналасады, салынады, сандары көрінбей теріс қаратылып салынады.
Топтарға тапсырмса беріледі, рет- ретімен қарсыластарын қуып шығу немесе жерін тартып алу қажет. Ол жағдайда топ жетекшісі карточканың бағасын (санын) және түрін айтады. Мысалы 3 жасыл немес 1 қызыл. Мұғалім карточкадағы сан геғұрлым көп болса, соғұрлым сұрақты қиын болады деп ескертеді.
Әр топта оқушылар ретімен сұрақтарға жауап береді, топ жетекшісі реттілікті бақылап отырады. егер оқушы жауап бере алмаса, онда карточканың иесі қай топ болса, солар жауап береді. Егер топ жауап берсе карточка орнында қалады, ал карточка иесі болған топ жауап бере алмаса, карточка ойын алаңынан алып тасталады. (жауапты топ басқа мүшелері де бере алады, бірақ ұпай саны екі есе азаяды) Ойын да жеңген топтың анықталуы ойын алаңындағы аударылған карточкалардың санына байланысты болады және ең көп ұпай жинаған торп жеңеді. Оқушылар жекелеме де баға алады, себеі әрбіреуі өзді-өзі сұрақтарға жауап береді.
1 ұпайға сәйкес сұрақтар.
атмосфераның құрылыс туралы айту.
Атсмосферадағы ауаның құралы қандай?
Атмосфераны зерттеудің қандай әдістерін білесіңдер?
Темпеартура амплитудасы дегеніміз не ? қалай табылады?
Орташа тәуліктік, орташаайлық температура қалай анықталады?
Атмосфералық қысымның өзгеруі қандай себептерге сәйкес келеді?
Жел дегеніміз не?
Жоғары, төменгі, қалыпты атмосфералық қысымға мысал келтіру.
Бриз дегеніміз не?
Желдің күшін өлшейтін шкалада немесе балл бар.
Абсолюттік ылғалдылық дегеніміз не?Оның өлшемі не?
Салыстырмалы ылғалдылық дегенміз не? Оның өлшемі қандай?
Қаныққан ауа дегеніміз не?
Қаныққан ауадағы су буының мөлшері неге байланысты?
Тұман дегеніміз не?
Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер?
Бұлттың қандай түрі ең төменде тұрады?
Қандай бұлттардан қар жауады?
Қандай бұлттардан жаңбыр жауады?
Жаңбыр тамшыларының мөлшері қандай?
Ауа райы дегенміз не?
«Климат» терминіне анықтама бер.
2 ұпайға сәйкес сұрақтар.
Келесі аспаптар ауа райының қанадй элеметтерін өлшеу үшін қолданылады: барометр, жауын-шашын өлшегіш,термометр, гигрометр, флюгер (желбағыр)
Мына асапатардың көрсеткішімен нені өлшейді? метр/секунд, мм сынап бағанасы, мм, градус, пайыз.
Не себептен будақ бұлттар жылы мезгілед пайда болады.
Не себептен бұршақ жылы мезгілде жауады?
Мына терминдердің артығын алып таста және есебін түсіндір.
а) шың, жаңбыр, қар,нөсер.
б) шық, жаңбыр, бұршақ, нөсер
в) шық, қылау, жаңбыр, тұман.
- Не себептен барлық бұлттардан жауын-шашын түспейді?
- Қандай бұлттардан ауа райының өзгеретінін білдіреді?
- Тұман мен бұлттың арасындағы айырмашылық қандай?
- Не себептен шық пайда болады? (Не себептен күн шыққанда шық жоғалып кетеді?)
- Су буының қаныққан ауадан судың бөлініп шығуының негізі себебі неде?
- Дүние жүзілік су айналымында жауын-шашынның қандай рөлі бар?
- Қандай бұлттар ең биікте пайда болады? (10-120км биіктікте)
- Желдіңпайда болуының негізгі себебі?
- Муссон мен бриздің айырмашылығы қандай? Оларға ортақ не?
- Тынық, жеңіл жел, жойқын дауылдың ерекшеліктерін атаңдар.
- Жел кестесіне талдау жасаңдар.
- Суық ауа райының келуінен атмосфералық қысым қалай өзгереді?
Жазғы түнде теңіз үстіндегі ауа, теңізден алыс жердегі ауадан неге жылы болады?
Таудың етегіндегі температура +16˚, ал басында -8˚ болса, онда таудың биіктігі қанша болады?
Жер бетінің жылуы неге байланысты?
Не себептен тәулік ішінде ауа райы өзгереді?
3 ұпайға сәйкес сұрақтар.
Күннің күркіреуі дегеніміз не? Күннің күркүреуі полюсі қайдаорналсқан? (күннің күркүреуі – ол көптеген электр разрядтарының өажетті бөлігі болып табылатын, найзағай сияқты дыбысты құбылыспен, сонымен бірге қаты желмен , нөсер жаңбырмен, кейде бұршақпен бірге жүретін кешенді атмосфералық құбылыс. жер шарында күніне 1800 рет күн күркірейді. Күннің өзіндік күркіреуі полюсі – Ява аралының Бютензорг ауданында орналасқан. Ол жерде жылына 322 күнге дейін күн күркіреп тұрады. Мәңгі күркіреуін белдеуден солтүстікке және оңтұүстікке қарай нүктенің күркірейтін саны азаяды.)
Мына жағдайлармен тіпті шындыққа келмейтіндейжаңбырмен бірге жерге бақа, балық, бақаның баласы және басқасуда өмір сүретіндер жауады. 1806 ж Данияда жарты сағат бойы аспаннан теңіз шаяндары жауған. Кейбір кезде аспаннан жауын- шашынға мүлдем жатпайтын заттар түсе бастайды:астық монеталар. Бұл қандай ерекше, таңқарарлықтай жауындар? (Бұл құйын, құйыннң ортасындағы төменгі қысым суды және судағы тіршілік иелерімен қосып сорып алады, сонымен бірге байлықты, астықты т.б сорып алуы мүмкін. ал содан кейін құйын күшінен айрылған кезде осындай ғажап жаңбырлар жауады.
1981жылы қазан айында Москваның арнаулы қызмет орны мереке күніне, әскери шеру мен демонстрация өткізу үшін жақсы ауа райын қамтамасыз етті. Оны қалай істеді? Адамзаттың атмосфералық прцесстерге араласуы жайында не білесіңдер? (Ұшақтың көмегімен бұлттарға реагентті көмірқышқылын құяды, оның температурасы -79˚С. Ол бұлттарда мұз кристалдарының пайда болуын тездетеде. Олар тез арада қардың үлкендігіндей күйге жетеді де, қалаеың сыртына жауады. Басқа да араласу түрлері бар. Мысалы, бұршақты жаудырмай қою, бұлттрады ыдырату, тұман.)
Естеріңе түсіріңдер, егер жылы тас бөлмеге немес бөлмеге суықта тұрған банканы немесе тұздлған қырыққабатпен кастрюлді кіргізсе қандай жағдайлар байқалады. (Банканың қабырғасында суық ауа мен жылы ауаның араласуынан конденсация прцессі жүреді)
Не себептен бірнеше күнгі ыстық күннен кейін (ыстық ауа райынан кейін) нөсер жаңбыр мен күн күркірейді. Себебін түсіндір.
Ауа райы өзгерердің алдында музыкалық аспаптардың шектері ұзарады. Ауа райының қандай түрін осы себеп болжай алады? (салыстырмалы ыллғалдылық аспан шегінің ұзаруына әсер етеді. Бұл ерекшелік күннің бұзылатынын хабарлайды, сездіреді)
Ірі қалалардың үстіне маңайындағы ауылдармен салыстырғанда жауын-шашын көбірек жауады. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады. (қалаларда булану көбірек болады, сондықтан жауын-шашын көбірек түседі)
Бұлттар тарқап кетеді. Қалай және қайда? (1. жауын су температурасының жоғарылуына байланысты буланады)
Жер шарының қай бөлігінде будақ бұлттар көбірек болады? не себептен?
Сіздің жеріңіздің ауа райын үнемі өзгертетін ауа массалары жер бетінің қандай бөлігінде қалыптасады, қай жерінде?
Қандай территорияда ауа райы өзгермейді? Ол жерде ауа райының қандай түрі басым болады.
Адамның тұрағына климаттың көп әсері болатынына мысал келтір.
Жер бетінің қай бөлігінде күн солтүстік жақта болуы мүмкін?
Жер бетініңқай бөлігінде ақ түн болады?
Сіздің жеріңізді Атлант мұхиттының жағалауына көшіріп апарса, онда климаттаырңыз қалай өзгереді?
«континенттік артты» деген ұғымды қалай түсіндіруге болады?
Ауа райының барлық элементтерінің біор-бірімен байланысты екенін дәлелде?
Теңіздік және муссондық климаттың айырмашылығы неде?
жарты шарлар немесе дүние жүзінің физикалық картасын пайдаланып, Перуан ағысының Оңтүстік Американың батыс жағалауына, Бразилия таулы қыратына қалай әсер ететінін түсіндір. (Батыс жағалауды суытады және құрғатады, ол Бразилия таулы қыратына әсер етпейді? себебі оған Анды тауы бөгет болады.)
Қорытынды , бағалау
Үйге тапсырма §42 оқу
Кескін картаға жылы және суық ағыстарды түсіру. хабарлама дайындау: теңіз жұлдызшасы, Атбасты балы, Акула, Кит, дельфин,медузалар.
Жекелеме тапсырмалар:
әрбір 10-12 жылда Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде оңтүстік-шығыс пассатының күшкнің азаюынан Перуан ағысы ашық мұхитқа қарай ығысып, оның орнына жылы Эль-Ниньо ағысы келеді. Ол ағыстың әсері 18 айға дейін созылады, жағадағы ауа райына өзгеріс әкеледі.
Чилы жағалуында не себептен Эль-ниньо ағысы пайда болады, ол қандай зиян әкеледі? (Су бетінің температурасы жоғарылайды, яғни су жылынады судағы оттегі мөлшері азаяды. Соынң әсерінен планктоның өсуі төмендейді. Көрегі азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа бқліктеріне кетеді де құс базары сиреп, құстар қырыла бастайды.)
Мұхиттағы ең қуатты ағыс туралы не білесіңдер. (Ол – Батыс желедр ағысы. Оның ұзындығы 30 мың.км ені 100 км, тереңдігі 2 ден-4,5 км дейін .Беткі бөлігіндегі судың жылжамдығы 3,5 км/сағ)
Ф. нансенің «поляр теңізіндегі «Фрам»кітабында бұл оқиға былай сипатталады. «Қалыпты жағдайда онша көп емес қашықтығы ескекпен жатыр сағатта, тіпті одан да аз уақытта жүзіп өтетін жерді «Фрам»бір күн бой ыжүзеді. Қанша күн жұмсчалсадатіпті кемені кері бұрып,толық айналым жасасада өлі судан шығу мүмкіндігі табылмаады.. Машина моторы тоқтап, бір нәрсе ұстап тұрғандай орнынан қозғалса алмай қалды.» Сипатталған оқиғадағы қандай жағдай, оның себебі неде?
(Көбінесе «өлі су» үлкен өзендер сағасында байқалады, себебі өзеннен теңізге көп мөлшерде тұщы су құйылады. Тұщы су теңіз немесе мұхит бетінде жұқа қабат түзеді. Осындай жерге тап болған кеме теңіздіңтұзды суында,ал ескегі мен айналатын құралдарытұщы суда тұрады. Тұщы су мен тұздың судың шекарасы су асты толқыныпайда болады,ол кеменің жылдамдығын азайтады. Бұл жағдайда қозғағыштың бар күші толқныға қарсы тұруға, жеңуге жұмсалады да, кеме бір орынында тұрып қалады.)
1985 жылы қайнаған жаздың ортасында Кавказдың Қар теңіз жағалауында және қырымның Оңтүстік жағалауында орналасқан демалыс лагерінде демалып жатқанбалаларға Қара теңіз ерекше «сыйлық» дайындады. Күн сәулесі жарқырап, температура өте жоғары болып тұрған кезде суының температурасы кенеттен +20˚ +22˚ дан +10˚ +8 ˚ дейін тіпті одан да төмен болады.
Бұл оқиға не себептен байқалады? (Теңізден соққан жел теңіз түбінің суық суын жоғары көтеріп, су температурасын төмендетеді)
Менің географиялық зерттеуім.
Дүние жүзілік мұхит ағыстарының бөліну заңдылықтарын зерттеу.
Солтүстік жарт ышардағы ағыстардың үлкен шеңбері оңға қарай бұрылады.
Оңтүстік жарты шардағы ағыстардыңүлкен шеңбері солға қарай бұрылады.
Бұл Кормолис күшінің әсерінен болатын құбылыс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген