400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып Баскетбол ойын техникасының дағдысын жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Баскетбол ойын техникасының дағдысын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Спорттық ойын

Педагогтың аты-жөні

Байталов Ж.Ч.

Күні

19.12.2022ж

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Баскетбол ойын техникасының дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1 - арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу Жеке және бірлескен жұмыста отансүйгіштік сезімді және адамгершілік құндылықтарды көрсету


Бағалау критерииі

Негізгі қимыл-қозғалысжаттығуларының байланысын анықтайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДЖ орындайды.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ













Ортасы

Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыданкейінбілімалушылар

жұпта жұмыс жасайды:


Б аскетболшының тұрысы:


а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;


б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;


в ) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.


Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.


Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?


Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.


Б ір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.


Қ ағып алу – баскетболшының допқа ие болуына себепші болатын тәсіл. Жақсы қағып алып басқа тәсілдерді тиімді орындауға әсер етеді. Қағып алуға дайындық қағып алудан кейінгі тәсілдің бастапқы жағдайында келтіретіндей допқа ие болуды қамтамасыз етуі керек. Екі қолымен қағып алу. Қағып алу үшін қолын екі жақтан допқа ұмсыну керек, нәтижесінде доп ұшып келетіндей жарты сфера жасалады.


Д опты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады.



Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады;

  • Жоғарыдан бір қолмен допты дұрыс береді;

  • Бір қолмен төменнен допты дұрыс береді.


Сұраңыз: Жаттығулар орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Екпін алып немесе орнынан бойлап жасалады.

Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау







: «Бас бармақ» арқылы бағалайды






ҚБ «От шашу»




Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.


Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html


Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y


Сабақтыңсоңы


Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Сабақта не түсініксіз болды?

  • Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Не қосу қажет деп ойлайсың?Өзіңізге нені жетілдіру қажет?

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі