Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып Эвфемизм және дисфемизм

Материал туралы қысқаша түсінік
көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:25.11.2025

Мұғалімнің аты – жөні: Құттыбай Ақнұр Қонысбекқызы

Сынып: 6”Ә”

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім: 5

Тарихи тұлғалар

Сабақ тақырыбы:

Эвфемизм.Дисфемизм.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Эвфемизм мен дисфемизмнің негізгі ережесін біледі, 3-4 мысал келтіреді.

 Оқушылардың басым бөлігі:: Мәтіннен эвфемизм мен дисфемизмді тауып, олардың қолданылу себебін түсіндіре алады. 

Кейбір оқушылар: Өз ойын эвфемизм мен дисфемизмді қолдана отырып еркін жеткізеді, оларды салыстырып, мәдениеттану тұрғысынан талдайды.

Тілдік мақсаттар:

• Эвфемизм – зат, құбылыс және оның сапасын дәл атамай өзгертіп айтуға байланысты сөздер жиынтығы;

• Дисфемизм – эвфемизмге қарама – қарсы, сыпайы сөйлеудің орнына дөрекілеп айту үшін қолданылатын сөздер.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар эвфемизм және дисфемизм ұғымдарын меңгереді;

Құндылықтарға баулу:

Құрмет (Сыпайы сөйлеу арқылы адамдарға құрмет көрсетуге баулу).


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,Қазақстан тарихы

Алдыңғы тақырып:

Көнерген сөздер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалатын іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы:




3 минут

Психологиялық ахуал.

Сәлемдесу.





Тақта,сынып тізімі,сабаққа қажетті оқулықтар







.

Сабақтың ортасы:


3 минут



















6 минут





















8 минут







































































3 минут.











9 минут










































5 минут
































5 минут


Қызығушылықты ояту.


Суреттерге назар аударайық.

Қандай айырмашылық байқадыңдар.


Жаңа сабақ:

Мұғалім интерактивті тақта көмегімен жаңа сабаққа ақпарат беріп, таныстырады. 

Эвфемизм – зат, құбылыс және оның сапасын дәл атамай өзгертіп айтуға байланысты сөздер жиынтығы;

Дисфемизм – эвфемизмге қарама – қарсы, сыпайы сөйлеудің орнына дөрекілеп айту үшін қолданылатын сөздер


1-тапсырма.Жеке жұмыс.

Эвфемизмдердің мағынасын ашып түсіндіріңдер.

Аузы жеңіл;қолының жымысқысы бар;қосып айту;сөзге келу;жасы ұлғаю;қалтасы тесік;ұзын құлақ.



Дескриптор

Балл

Жаңа тақырыпты түсініп,сөздерді ажырата алады.

1

Берілген эвфемизмдердің мағынасын ашып түсіндіреді.

1

Барлығы

2



2-тапсырма.Топтық жұмыс.

1-топ.Әдептілік

Өлеңнен дисфемизмдерді теріп жаз.Оларды эвфемизмге айналдырыңдар.





Дескриптор

Балл

Өлеңнен дисфемизмдерді теріп жазады

1

Дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырады

1

Барлығы

2



2-топ.Сыпайылық

Мәтінді оқыңдар.

А) Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.

Қызықпаймыз;назар аудармау;ренжіп қалу.

Ә)Мәтіндегі “керең”сөзін жағымды,синоним сөздермен(эвфемизм) ауыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.


Дескриптор

Балл

1. Берілген сөздердің синонимлерін тауып, жазады.

1

2. “Керең”сөзін эвфемизмге айналдырып,сөйлем құрайды.

1

Барлығы

2

«Смайликтер» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті.

Ойын ойналады.

Ойын шарты:мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе,“екі қолын қысып қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді”,әдепсіз сөз кездессе “екі алақанымен екі бетін ұстап,ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді”.

Ұрлықшы(д);өтірікші(д);қолды болды(э);өсекші(д);

боқмұрын(д);сөз тасиды(э);боғы ботқа болу(д);о дүниелік болды(э).


3-тапсырма. (Жұптық жұмыс)

 "Сыпайылық сұхбаты"🎙️

Оқушыларға 3 түрлі жағдаят беріледі. Олар эвфемизмді барынша қолданып, диалог құрайды.

Жағдаяттар:

А. Жағдаят: Досыңның жиі өтірік айтатынын немесе уәдесінде тұрмайтынын тікелей айтпай, оған қалай сыпайы түрде ескертесің?

Ә. Жағдаят: Сен және сыныптасың мұғаліммен немесе ата-анаңмен маңызды әңгіме құрып тұрсыңдар. Сол сәтте тағы бір сыныптасың сөзіңді бөліп, өзінің әңгімесін бастап кетті. Оған қалай әдепті түрде кезек күтуді ескертесің?

Б. Көршің сенің қаламыңды, кітабыңды немесе басқа да жеке заттарыңды рұқсатсыз алып пайдаланып жүреді. Оған "ұрлама" немесе "менің затыма тиіспе"деп дөрекі айтпай, қалай әдепті түрде ескертесің?



Дескриптор

Балл

Диалог барысында әр жағдаятқа сәйкес кемінде бір эвфемистік тіркес/сөзді дұрыс қолданады.


1

Диалогтың мағынасы логикалық жағынан түсінікті және сөйлеу мәдениеті сақталған.


2

Барлығы

3

.




4-тапсырма.

https://wordwall.net/resource/102780102/untitled1

Эвфемизм мен дисфемизмдерді екі бағанға бөліп,орналастыр.


Дескриптор

Балл

Берілген эвфемистік сөздер мен тіркестерді дұрыс тауып, эвфемизм бағанына орналастырады

1

Берілген дисфемистік сөздер мен тіркестерді тауып, дисфемизм бағанына орналастырады.


2

Барлығы

3









5-тапсырма.Бекіту тапсырмасы.

https://wordwall.net/ru/resource/65148066

Бос орынға тиісті сөзді қойыңдар.



Слайд,суреттер



































































































































































Электронды тақта.









Сабақтың соңы:


3 минут

Рефлексия




Доп

Үй тапсырмасы:

8-тапсырма,76 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетесің? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсың?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсың?


Денсаулық сақтау және Қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырмаларды талдау барысында кейбір оқушыларға нәтижеге тез және саналы түрде қол жеткізу үшін жетекші сұрақтар беремін. Жұптық оқушыларға өзара біріне-бірінен үйрену арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беремін. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша креативті тапсырмалар (мысалы: дисфемизмді эвфемизмге ауыстырып шағын әңгіме құру) беремін.

Сабақ бойында өзін-өзі және бірін-бірі бағалау және қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. * Жұптық/топтық жұмыстарда "Смайликтер" әдісі қолданылады. * Жеке және жұптық тапсырмаларды тексеру мақсатында: Ауызша мадақтау және Дескриптор арқылы балл қою. * Қорытынды кезеңде “шеңбердегі доп”әдісі арқылы жинақталған ақпаратты өзіме кері байланыс ретінде аламын.


Психологиялық ахуал орнату. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау. АҚТ-ны уақытылы қолдану (көзге түсетін салмақты азайту).


Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ-ға жетті ме? Жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Білім алушы практиканттың қолы/Подпись студента практиканта______________________________________________

Педагогикалық практика жетекшісінің қолы/подпись руководителя практики___________________________________  

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12