Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сынып ІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалауның тапсырмалары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
6 « » сынып
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________________
Орындау уақыты: 40 минут
Тыңдалым
Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы– мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесінтүрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Тапсырмалар
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
A) Отан, отбасы, бала, тәрбие
B) Отан, бала, мақал-мәтелдер
C) Отан, ұлттық дәстүр, ұя
D) Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби [1]
2. «Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.
A )Барлық адамдар отбасынан шыққан.
B) Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.
C) Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.
D )Отанның келешегі отбасында қаланады. [1]
3. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Мәтіндегі ақпараттар |
Шын |
Жалған |
|
А) |
Әке –асқар тау, ана –қайнар бұлақ. |
|
|
В) |
Отбасындағы бала тәрбиесін гаджеттер ауыстыруда. |
|
|
С) |
Әл-Фараби барлығы сыйластықтан басталады деген. |
|
|
4. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Алғашқы (синоним) -_______________________________________________[1]
Кішкентай (антоним) - ______________________________________________ [1]
Мықты (синоним) -________________________________________________ [1]
Басталады (антоним) - _______________________________________________ [1]
5. Берілген есептік сан есімдерді реттік, жинақтық сан есімдерге айналдырып, олармен 3 сөйлем құрастырыңыздар.
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті;
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тыңдалым. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. |
1 |
мәтіндегі тірек болатын сөздерді табады; |
3 |
«Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтайды; |
1 |
||
мәтінінің мазмұны бойынша «шын» ақпаратты белгілейді; |
1 |
||
Жазылым. Басқа қалада тұратын досыңа өзінің мектебі туралы хат жазу. |
2 |
мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табады; |
2 |
хат стилін сақтайды; |
2 |
||
сөйлемдерді сауатты жазады. |
2 |
||
Айтылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсу. |
3 |
берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түседі. |
4 |
Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындау. |
4 |
мәтін мазмұнына сай ат қояды; |
1 |
берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады; |
1 |
||
берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазады. |
1 |
||
Барлығы |
18 |
«Таулар сыры» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №3
6 « » сынып
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________________
Орындау уақыты: 20 минут
Оқылым.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - шынайы поэзия өкілі, лирик, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған.
Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Тапсырмалар
-
Берілген зат есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін жалғап, сын есім жасаңыз, 3 сөйлем құраңыз.
Тау, ақын, жас, ауа, өсімдік, тас, орман, шалғын, күн, ай.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.
1. Мұқағали Мақатаевтың туған жері.
А) Қарасазда
Б) Қызылордада
С) Шымкентте
2. «Саржайлау» әнінің тууына себеп болған кім?
А) Шәмші Қалдаяқов
Б) Ахмет Жұбанов
С) Нұрғиса Тілендиев
3. Мұқағали Мақатаев қай жылы туған?
А) 1931 жылы
Б) 1933 жылы
С) 1936 жылы
4. Оның ауыл мектебін бітірген жылы.
А) 1945 жылы
Б) 1948 жылы
С) 1955 жылы
5. Ақынды кім тәрбиеледі?
А) әкесі
Б) анасы
С) әжесі
3. Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Жазылым. Берілген зат есімдерге –дай, -дей, -тай, -тей, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін жалғап,сын есім жасау |
1 |
Берілген зат есімдіктерге дұрыс жұрнақтарды жалғайды; |
1 |
Үш сөйлем құрастырады; |
1 |
||
сөйлемдерді сауатты жазады. |
1 |
||
Тыңдалым. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. |
2 |
Берілген тест жауаптарын дұрыс орындайды; |
3 |
Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырады |
3 |
Реттік сан есімінің ережесін дұрыс қолданады. |
1 |
Барлығы |
7 |
2-тоқсан БЖБ №5
Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»
____________________________________________________________________________________________
Орындау уақыты |
15-20 минут |
Тапсырма
Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.
Жазылым
1.Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен).
(а) Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше .................................................... көркем.
(b) «Астана Опера» өзінің .......................................................... қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады.
(с) «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың ............................................................................ ашты.
2.Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.
Айтылым
3.Суреттердің, тірек сөздердің көмегімен Астанадағы Қала күні мерекесінің тойлануы туралы досыңызға әңгімелеңіз.
Ұлт аспаптар оркестірі, ұлттық өнер, мерекелік концерт, өнер тарландыры, мерекелік отшашу, ұлттық қолөнер көрмесі.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады |
1 |
көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастырады; |
1 1 1 |
Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме құрастырады |
2 |
мәтін мазмұнындағы ең маңызды 5 тірек сөзді анықтайды; |
2 |
3 |
тақырыпқа сай ауызша әңгіме құрастырады; |
2 |
|
әңгіме мазмұнында суреттер мен тірек сөздерді қолданады. |
2 |
||
Барлық балл |
|
|
9 |
«Қазақстан қорықтары»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау № 6
6 « » сынып
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________________
Орындау уақыты: 20 минут
Оқылым. Тапсырма |
Қазақстан қорықтары
«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16- орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
А) Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
|
Негізгі ақпараттар |
1. |
|
2. |
|
Ә) Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтаңыз.
|
|
|
Жанама ақпараттар |
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
Жазылым
В) «Қызыл кітап – тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат», - деген Қадыр Мырза Әлі сөзін қалай түсінесіз? Ойыңызды айтып, шағын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Негізгі және жанама ақпараттарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады |
1 |
мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты анықтайды; |
1 1 |
мәтіндегі 2 жанама ақпаратты анықтайды; |
1 1 |
||
Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады |
2 |
эссе құрылымын сақтап жазады кіріспе, негізгі , қорытынды |
1 1 1 |
эссе мазмұнында тақырыпты ашады; |
1 |
||
Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданады |
3 |
эссе мазмұнында осы шақ пен жедел өткен шақты қолданады. |
1 |
Барлық балл |
|
|
9 |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
6 « » сынып
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________________
Орындау уақыты: 40 минут
Тыңдалым
Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.
1) Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Ауыл, зерттеу, топырақ
В) Отан, бала, қала
С) Станциялар, зерттеу, қаржы
Д) Зерттеу, адамдар, күш
2) Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
Д) Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу
3) Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
|
Мәтіндегі ақпараттар |
Шын |
Жалған |
А |
Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келмеген |
||
В |
Жетісу өлкесінде бұрын бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген |
||
C |
Бізде су қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар |
4) Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. /жетіспейтін, тәрбиеден, салттан, көп, арзан/
Су көзі __________________ аймақтар жел қуатын пайдалану керек.
5) Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз. Жел станциялары қай жерлерде кездеседі?
___________________________________________________________________________________________________
Оқылым
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
|
Тұжырым |
Шын |
Жалған |
А |
«Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады |
||
В |
Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде ашылды |
||
С |
«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан |
2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
жапты (антоним) - _____________________________________
биік (синоним) - ____________________________________
3.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар |
Реті |
Опера және балет театры - әлемнің аса сәулетті театрларының бірі |
|
Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты |
|
Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады |
4.Сұраққа толық жауап беріңіз.
Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жазылым. Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
-
Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.
-
Қазақстан қорықтары
Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым 1. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). Ұсынылатын тақырыптар
Еліміздегі бір қорық туралы айтып беріңіз.
«Қызыл кітап» не үшін қажет?
Астана «мәдениетті қала» деген пікірмен келісесіз бе?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тыңдалым |
1 |
мәтінге тірек болатын сөздерді табады; |
1 |
мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтайды; |
1 |
||
тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілейді; |
2 |
||
бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырады, |
1 |
||
мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. |
1 |
||
Оқылым |
2 |
берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтайды; |
1 |
мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табады; |
2 |
||
сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырады; (1, 2,3) |
1 |
||
сұраққа толық жауап береді. |
2 |
||
Жазылым |
3 |
мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. |
3 |
мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. |
2 |
||
мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын. |
1 |
||
Айтылым |
4 |
тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді; күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды, ойын жүйелі түрде жеткізеді; |
3 |
мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан, ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі; |
2 |
||
мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген, жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. |
1 |
||
Барлық балл |
|
|
18 |