400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

6 сынып Ірі кітапханалар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 4

9-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология

Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар

Оқу мақсаты: Бұл сабақта оқушы мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін қолданып жазады.

1-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазады.

Әлемдегі ең ауыр кітап –Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас. Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал салмағы – 320 килограмм. Әлемдегі ең үлкен кітап Нидерланд астанасы Амстердамдағы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Теңіз ережелерінің жинағы» деп аталады. Кітаптың ұзындығы – орта бойлы адамнан сәл биік, ені – 4 метр, қалыңдығы – жарты метрге жуық.

Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сыяды. Олар: Құранның миниатюралық басылымы; 12 мың сөзден құралған ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының жартысындай шамада онда 208 бет); Жаңа өсиет, 1896 жылға дейін жер жүзіндегі ең кіші басылым болып саналған шағын кітапша; Британ (шотланд) ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең -жырларының томдығы (пергаментке басылған); француз және неміс анықтамалығы ; Моисей заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап); «Гита» үнді кітабы (санскритте); Ирландия және Шотландия әндерінің жинағы (нотасымен); Франция Конституциясы (томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген); Бас бармақ көлеміндей кітап АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің басылымы. Франциялық Жозеф Форе жарыққа шығарған әмбебап «Апокалипсис» кітабы әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. («Кітап патшалығы» журналынан)

 2-тапсырма. Мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін қолданып, оқылым мәтіні негізінде 4–5 сөйлем жазыңдар.

3-тапсырма. Берілген ойды түсініп оқыңдар. «Ғибратты сөз» айдары

Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен

айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге

үйретеді. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!

(Нұрсұлтан Назарбаев).

Берілген пікір негізінде «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазыңдар.

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі