2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 6 сынып Жаңа жыл

6 сынып Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып Жаңа жыл
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 6



Сабақтың тақырыбы:

«Жаңа жылдық тарту»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

16- САБАҚ

6- сыныптар : «Неліктен ата- анаңмен өз тәжірибеңмен бөлісу маңызды?».



Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың топта жұмыс істеу, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Мейрамға байланысты салт-дәстүрлер мен халықтық құндылықтарды таныстыру арқылы патриоттық сезімдерін арттыру.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін дамыту.

Қауіпсіздік міндеті

Негізгі міндеттер:

1. «Отбасы», «Тату отбасы» термині туралы түсінік қалыптастыру.

2. Оқушыларға ата-ананың шынайы дос екенін ұғындыру.

3. Оқушыларды ата-анасын, қоршаған ортасын сүюге, бағалауға тәрбиелеу.

Дәйексөз

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

Құндылық

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Жаңа жылдық көңіл күй қалыптастыру

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуа


Компьютер








Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

6 САБАҚ. «НЕЛІКТЕН АТА-АНАҢМЕН ӨЗІҢДІ МАЗАЛАҒАН

ОЙЛАРМЕН БӨЛІСУ МАҢЫЗДЫ?»


Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша иллюстрациялар, түрлі-түсті қарындаштар, проектор, компьютер. Сабақ барысы

1. Кіріспе (2 минут) 2. Негізгі бөлім (6 минут) Ұғымдарды түсіндіру:

Отбасы, отбасы құндылықтары дегеніміз не?

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады. Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.

Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.

Ата-анаға көрсетілуі тиісті басты құндылықтар: түсіністік, сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, қамқорлық, алғыс, адалдық, шыдамдылық, сенім. Осы құндылықтардың барлығы ата-ана мен достық қарым-қатынасқа әкеледі. 3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау Өтілген тақырыпты қайталау.

«Тату отбасы» суретін салыңыз.





Пайдалы сілтеме:


Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/uNxu6ejOvsY?si=BJmJIzHQeiTZXomJ


Ортасы (20 мин)


Ғалымдардың зерттеуінше жаңа жыл алғаш рет біздің заманымызға дейінгі 3000 жылы Месопотамияда пайда болған.

Көне замандағы адамдар дәл осы уақытта Мадрук деген құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті де, Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлаған. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізген. Сонымен қатар мерекеде еңбек етіп, жұмыс істеуге, адамдарды жазалауға және үкім шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүр мысырлықтар мен гректер арасында жалғасын тауып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға кеңінен тарай бастаған.

Ежелгі грек елінде жаңа жыл жазғы күні 22 маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған. Ал гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталған.

Ежелгі Римде жаңа жылды наурыз айында қарсы алатын болған. Біздің заманымызға дейінгі 46 жылы рмдік иператор Юлий Цезарь жыл басын 1 қаңтар деп белгілейді. Оның атымен аталған юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралған

*Тапсырма 1: «Қар қиыршықтарын жасау»*

Оқушылар ақ қағаздан немесе дайын қағаздан қар қиыршықтарын қиып жасайды. Әр оқушы жасаған қиыршықтарының ортасына өз тілегін жазып, сыныптағы безендіруге іледі.


- *Тапсырма 2: «Жаңа жылдық тілектер»*

Әр топ мүшелері кезек-кезек жаңа жылға арналған тілектерін немесе ізгі ниеттерін айтады. Олар бұл тілектерді тақтаға немесе үлкен қағаз парағына жазып, қабырғаға іліп қоюға болады.



- *Тапсырма 3: «Қысқы пазлдар»*

Жаңа жылдық және қысқы көріністерден тұратын пазлдарды құрастыру. Топтар арасындағы жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.


- *Тапсырма 4: «Аяз атаға хат»*

Әр топ Аяз атаға хат жазып, жаңа жылға өз тілектерін білдіреді. Хатта тек тілектер емес, сонымен қатар жаңа жетістіктері мен жоспарлары да жазылады.

- *Тапсырма 5: «Жаңа жылдық сурет салу»*

Оқушыларға ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар немесе бояулар беріледі. Әр оқушы қысқы табиғат, жаңа жылдық ағаш немесе ертегі кейіпкерлерін салады. Ең үздік суретке сыйлық беріледі.











Соңы






: Ойындар мен марапаттау*


- *Ойын 1: «Кім жылдам?»*

Жаңа жылға арналған жұмбақтар мен қызықты сұрақтар қойылады. Әр топ жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысады.


- *Ойын 2: «Қар лақтыру» (қағаздан қар жасалып, нысанаға лақтыру)*

Бұл ойын сыныпта немесе аулада өткізіледі. Оқушыларға жеңіл қағаздан жасалған қар лақтыру арқылы нысананы дәлдеп тигізуге тапсырма беріледі.


- *Марапаттау*:

Әр тапсырмадан кейін және ойын соңында барлық оқушыларға шағын сыйлықтар немесе марапат қағаздары таратылады. Мысалы, «Ең шығармашыл топ», «Ең жылдам жауап берген оқушы» т.с.с.





Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация





23 Желтоқсан 2024
181
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі